Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 25 мая 2023 года № 538 «Об определении размеров плат за пропуск через Государственную границу Республики Казахстан автомобильных транспортных средств, грузов и товаров, а также их прохождение по электронной очереди»

Бұйрық · № 513 · қабылданған 19.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2023-no-538/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 25 мая 2023 года № 538 «Об определении размеров плат за пропуск через Государственную границу Республики Казахстан автомобильных транспортных средств, грузов и товаров, а также их прохождение по электронной очереди» Қолданыста Бұйрық ·№ 513 ·19.09.2025
19.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 25 мая 2023 года № 538 «Об определении размеров плат за пропуск через Государственную границу Республики Казахстан автомобильных транспортных средств, грузов и товаров, а также их прохождение по электронной очереди»

Қолданыста Бұйрық ·№ 513 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 25 мая 2023 года № 538 «Об определении размеров плат за пропуск через Государственную границу Республики Казахстан автомобильных транспортных средств, грузов и товаров, а также их прохождение по электронной очереди»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ оларды электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Қаржы министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 538 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
513
Қабылданған күні
19.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
25.09.2025
Көрсетілген редакция
19.09.2025 214546_777576.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036896
ЭКБ идентификаторы
214546
Редакция идентификаторы
214546_777576
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:09

0

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ оларды электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Қаржы министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 538 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ оларды электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 538 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32584 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ оларды электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында ол ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі

1 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлері

Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 513 Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
– Қаржы министрінің
2023 жылғы 25 мамырдағы
№ 538 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлері
р/с №
Автомобиль көлігінің түрі
1 (бір) көлік құралы үшін төлемақы мөлшері, АЕК*
1
Жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар, электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесінде брондау күні мен уақытына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу үшін ершікті тартқыштар
1
2
Жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар Мемлекеттік шекара арқылы өткені үшін Қазақстан Республикасының кезектен тыс тәртіппен**
1
3
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы жеделдетілген тәртіппен** өткені үшін жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері, ершікті тартқыштар
100
4
Жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар, қайталама брондау** кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу үшін ершікті тартқыштар
100
5
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын өткізу бойынша ЭКЖ-да броньды пайдаланғаны үшін кепілдікті қамсыздандыру (жарна)
20
* АЕК – «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен тиісті жылға белгіленетін айлық есептік көрсеткіш.
** - кезектен тыс, жеделдетілген және қайталама броньдау тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 707 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып, өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32911 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.

Қолданыстағы