Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Темиртауского городского маслихата от 25 июля 2024 года № 17/4 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Темиртау и поселке Актау»

Өзге акт · № 30/4 · қабылданған 25.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2024-no-174-ekb-211964/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Темиртауского городского маслихата от 25 июля 2024 года № 17/4 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Темиртау и поселке Актау» Қолданыста Өзге акт ·№ 30/4 ·25.06.2025
25.06.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Темиртауского городского маслихата от 25 июля 2024 года № 17/4 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Темиртау и поселке Актау»

Қолданыста Өзге акт ·№ 30/4 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Темиртауского городского маслихата от 25 июля 2024 года № 17/4 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Темиртау и поселке Актау»
Атауы (қаз.)
Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 шілдедегі № 17/4 «Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
30/4
Қабылданған күні
25.06.2025
Көрсетілген редакция
25.06.2025 211964_764299.kaz
Соңғы өзгеріс
25.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25KC036391
ЭКБ идентификаторы
211964
Редакция идентификаторы
211964_764299
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:42

0 Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 шілдедегі

№ 17/4 «Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде тұрғын үй көмегін
көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 шілдедегі № 17/4 «Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6627-09 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
2-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«2. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 4 (төрт) пайыз мөлшерінде белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.»;
8-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«8. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы