Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение маслихата района Самар Восточно-Казахстанской области от 25 декабря 2024 года № 18-13/VIIІ «Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по району Самар»

Өзге акт · № 19-2/VIII · қабылданған 10.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2024-no-18-13vii/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в решение маслихата района Самар Восточно-Казахстанской области от 25 декабря 2024 года № 18-13/VIIІ «Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по району Самар» Қолданыста Өзге акт ·№ 19-2/VIII ·10.02.2025
10.02.2025 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение маслихата района Самар Восточно-Казахстанской области от 25 декабря 2024 года № 18-13/VIIІ «Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по району Самар»

Қолданыста Өзге акт ·№ 19-2/VIII · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение маслихата района Самар Восточно-Казахстанской области от 25 декабря 2024 года № 18-13/VIIІ «Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по району Самар»
Атауы (қаз.)
Самар ауданы мәслихатының «Самар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-13/VIIІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
19-2/VIII
Қабылданған күні
10.02.2025
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2025
Көрсетілген редакция
10.02.2025 207008_743481.kaz
Соңғы өзгеріс
10.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25VT00192M
ЭКБ идентификаторы
207008
Редакция идентификаторы
207008_743481
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:10

0 Самар ауданы мәслихатының «Самар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-13/VIIІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Самар ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Самар ауданы мәслихатының «Самар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-13/VIIІ шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

3 Самар ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Шығыс Қазақстан облысы
Самар ауданы мәслихатының
2025 жылғы 10 ақпандағы
№ 19-2/VIII шешіміне
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы
Самар ауданы мәслихатының
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 18-13/VIIІ шешіміне
2 - қосымша
Самар ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Елді мекендер үшін
сомасы теңгемен
(ҚҚС есебінсіз)
Бір тұрғынға айлық тариф (абаттандырылған және абаттандырылмаған үй иелері)
265*
Бірлікке жылдық тариф (көлемі) 1 м3
2010
Заңды тұлғалар үшін
Заңды тұлғалар мен заңды тұлға болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектілері үшін жылдық тариф (1 текше метр үшін).
9799
* Ескерту: мөлшерінде жеңілдіктер қарастырылған:
100% - Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
50% - бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
- басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
- еңбек ардагерлеріне;
- денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдарға;
- кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға;
- Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарынан мүгедек болған адамдарға;
- мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларына;
- толық емес отбасыларға;
- асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдерге (тұл ер адамдар).
25% - екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
- Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарға;
- 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға;
- Арал өңіріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен адамдарға;
- көп балалы отбасыларға;
- жасы бойынша зейнеткерлерге;
- қандастарға;
- экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдарға;
Қоқыс шығарушы ұйым халықтың әлеуметтік осал топтарының тиісті санатына жататындығы туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тұтынушы өтініш берген күннен бастап қайта есептеуді орындайды және жеңілдіктерді қолданады.

Қолданыстағы