О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 января 2024 года № 33 «О Генеральном плане города Астаны (включая основные положения)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 января 2024 года № 33 «О Генеральном плане города Астаны (включая основные положения)»
- Атауы (қаз.)
- «Астана қаласының бас жоспары туралы (негізгі ережелерді қоса алғанда)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 33 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 697
- Қабылданған күні
- 04.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 08.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2026 I228554_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2600000697
- ЭКБ идентификаторы
- 228554
- Редакция идентификаторы
- I228554_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 08.08.2026 03:30
0 «Астана қаласының бас жоспары туралы
(негізгі ережелерді қоса алғанда)»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 33 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Астана қаласының бас жоспары туралы (негізгі ережелерді қоса алғанда)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 33 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 23-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
1 Астана қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 25 қаңтардағы
№ 33 қаулысымен
бекітілген
Астана қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда)
1 1-тарау. Кіріспе
Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 33 қаулысымен бекітілген.
Бас жоспардың негізінде 2035 жылға дейін елорданың аумағын дамытудың негізгі бағыттары жатыр, оған әлеуметтік, рекреациялық және өндірістік аймақтар, қаланы қажетті инженерлік және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету кіреді.
Бас жоспар перспективада қаланы кешенді дамытудың, аумақты жоспарлы ұйымдастырудың, қаланың әлеуметтік және инженерлік-көлік инфрақұрылымы жүйесінің бағыттарын айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.
Бас жоспар Қазақстан Республикасының Жер, Су, Экология және Құрылыс кодекстерінің, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының, «Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының, сондай-ақ қала құрылысын жобалау саласына қатысты өзге де заңнамалық актілер мен нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес әзірленді.
Бас жоспарда мынадай жобалау кезеңдері қабылданған:
бастапқы жыл – 2025 жылғы 1 қаңтарға;
құрылыстың бірінші кезегі – 2030 жыл;
есепті мерзім – 2035 жыл.
Астана қаласының бас жоспарын түзетуде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын, қалалық аумақтардың пайдаланылуын, инженерлік және көліктік инфрақұрылымды ретроспективті талдауды қамтитын бұрын орындалған аналитикалық блок ескерілген.
2 2-тарау. Бас жоспардың мақсаты
Бас жоспар елорданың мәртебесін, Астана қаласының және Астана агломерациясының өзара байланыстылығын ескере отырып әзірленген. Бас жоспардың схемасы (негізгі сызба) осы Бас жоспарға қосымшаға сәйкес перспективалы аумақтық даму шекараларында жасалды.
Бас жоспарда мыналар айқындалады:
1
1) аумақты кешенді бағалауды, табиғи-климаттық, экологиялық, қалыптасқан әрі болжанатын демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып, әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымдарды қоса алғанда, Астана қаласы (бұдан әрі – қала) аумағын дамытудың негізгі бағыттары;
2 2) аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу және олардың пайдаланылуын шектеу;
3 3) елді мекеннің құрылыс салынған және салынбаған аумақтарының арақатынасы;
4 4) жер учаскелерін артықшылықпен иеліктен шығару және сатып алу аймақтары, резервтегі аумақтар;
5 5) аумақты қауіпті (зиянды) табиғи, техногендік және антропогендік құбылыстар мен процестердің әсерінен қорғау, экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шаралар;
6 6) аумақтық-көліктік жоспарлау мен жол қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі құжаттардың бөлімдерін (бөліктерін) қамтитын Бас жоспардың көлік бөлімін әзірлеу жөніндегі негізгі бағыттар;
7 7) азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының негізгі бағыттары;
8 8) елді мекенді дамытудың техникалық-экономикалық көрсеткіштері;
9 9) су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан, сарқылудан қорғау жөніндегі шаралар;
10 10) қаланы орнықты дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шаралар.
Бас жоспар:
1 1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді бағдарламаларын;
2 2) электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, газбен жабдықтауды, сумен жабдықтауды, су бұруды, нөсер кәрізін және басқа да инженерлік жүйелерді дамытудың кешенді схемаларын;
3 3) қаланың кешенді көлік схемасын (бұдан әрі – ККС);
4 4) бекітілген Бас жоспарды іске асыру бойынша қала аумағын егжей-тегжейлі жоспарлау және онда құрылыс салу жобаларын;
5 5) қысқа мерзімді кезеңдерге арналған кешенді құрылыс салу жоспарларын;
6 6) тұрғын үй, өндірістік және коммуналдық-қойма аумақтарын реконструкциялау және дамыту бағдарламаларын;
7 7) тарихи құрылыс пен тарихи және мәдени мұра объектілерін сақтап қалу және оңалту жоспарларын;
8 8) рекреациялық аймақтар аумақтарын дамыту және көгалдандыру бағдарламаларын;
9 9) қоғамдық кеңістіктерді дамытудың және көгалдандырудың қала құрылысы схемаларын;
10 10) Астана қаласында жинақы құрылыс салудың және елорда аумақтарын жаңартудың кешенді жоспарларын;
11 11) қоғамдық кеңістіктерді кешенді абаттандыру және қайта құру жоспарларын;
12 12) қалада құрылыс салу қағидаларын әзірлеудің негізі болып табылады.
3 3-тарау. Әлеуметтік-экономикалық даму
1 1-параграф. Демография
Қала аумағының әкімшілік шекарасы шегіндегі халық саны бастапқы жылы 1 528 мың адамды құрады.
Қала халқының перспективадағы санының болжамы корреляциялық-регрессиялық талдау, адамдардың жастан-жасқа өту әдістері, статистикалық экстраполяция және еңбек теңгерімі негізінде экономикалық-математикалық әдістер пайдаланылып, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының әдістемесі бойынша халықтың табиғи және көші-қон қозғалысында объективті болып жатқан өзгерістерді ескере отырып орындалды.
Халықтың перспективадағы саны еңбекке қабілетті жастағы халықтың әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық салаларындағы қызметке оңтайлы қосылуын ескере отырып, статистикалық экстраполяция әдісімен айқындалған.
Қала халқының жобалық саны:
құрылыстың бірінші кезегінде (2030 жылы) 1965,5 мың адамды;
есепті мерзімде (2035 жылы) 2 275 мың адамды құрайды.
Халықтың жалпы болжамды өсімі жобалау кезеңдері бойынша:
құрылыстың бірінші кезегінде 436 мың адамды;
есепті мерзімде 745 мың адамды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы халық есепті мерзімінің соңына қарай қала халқының 59,5 %-ын құрайды.
2 2-параграф. Тұрғын үй-азаматтық құрылыс
Ұлттық статистика бюросының 2025 жылғы 1 қаңтардағы деректеріне сәйкес тұрғын үй қорының ауданы 36 685 мың м2 құрайды. Тұрғын үй қорының негізгі үлесін жалпы ауданы 32 052 мың м2 (87,3 %) болатын көп пәтерлі тұрғын үйлер құрап отыр.
Қаланың тұрғын үй ахуалына қатысты көрсеткіштердің бірі – бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілу. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш бір адамға 24 м² деңгейіндегі межеде, бұл ретте тұрғын үй қорымен қамтамасыз етілу қала аумағы бойынша тым әркелкі.
Бас жоспарда есепті кезеңге қалада тұруды жайлы ету үшін тұрғын үй қорымен қамтамасыз ету көрсеткіші бір адамға 30 м² деп қабылданған, ал осындай жайлылық деңгейіне қол жеткізу үшін тұрғын үй қорын 68 284 мың м²-ге дейін ұлғайту қажет. Ең алдымен бір адамға шаққанда тұрғын үй қорымен қамтамасыз етілу деңгейін 26,2 м2-ге дейін арттыру жоспарланып отыр, бұл ретте тұрғын үй қоры 51 466 мың м² құрайды.
Жаңа тұрғын үй құрылысы 33 311 мың м² болады, оның ішінде құрылыстың бірінші кезегіне 15 265 мың м².
Жалпы Астана қаласы бойынша қала құрылысын игеру үшін саяжай үйлерін, гараждар мен аз қабатты құрылыстарды қоса алғанда, тозған және авариялық тұрғын үйлерді сүріп тастау қажет. Бас жоспарды іске асыру үшін есептен шығарылатын тұрғын үй қоры 1 713 мың м² құрайды, оның ішінде құрылыстың бірінші кезегіне – 484 мың м². Сүріп тасталатын тұрғын үйлердің негізгі үлесін меншікжайлы құрылыс (95%) құрайды.
Бастапқы жылға (2025 жылғы 1 қаңтар) қазіргі құрылыс салынған бөліктің ауданының қаланың жалпы аумағына қатынасы 14,2 % құрады. Жобалық ұсыныстарды ескерсек, 2035 жылға дейінгі есепті мерзімге қаланың құрылыс салынған бөлігі ауданының қаланың жалпы аумағына қатынасы 37 % құрайды.
Қоғамдық қызмет көрсету саласы
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту халықтың әртүрлі сұранысын қанағаттандыруға бағытталуға тиіс. Мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жүйесінің даму деңгейі халықтың барлық топтары тұрмысының сапасы мен деңгейін айқындайды. Қажетті әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысын ескергенде қала халқына қызмет көрсету жүйесі қаланың барлық тұрғын аудандарында тұру үшін әлеуметтік-тұрмыстық тұрғыдан тең жағдай жасауға бағытталуға тиіс.
Әлеуметтік сала объектілерінің жаңа құрылыс көлемін және көп функциялы қалалық орталықтарды дамытуға арналған аумақтар резервтерін анықтау үшін халық арасында мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілеріне сұранысты есептеу жүргізілді.
Халық есебінің нормативтік сұранысын қанағаттандыру үшін есепті мерзімнің соңына қарай жалпы қуаты 159 194 орынды құрайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымдары немесе 206 балабақша салуды қарастыру қажет, бұл есепті мерзімге қарай жоспарланған халықтың нормативтік сұранысты толық көлемде қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Есепті кезеңде білім беру жүйесін дамыту қолда бар қорды реконструкциялау мен кеңейту және білім беру мекемелерін жаңадан салу есебінен көзделеді. Халықтың нормативтік сұранысын қанағаттандыру үшін жалпы қуаты 256 170 орындық жалпы білім беретін мекемелер салуды қарастыру қажет, бұл есепті мерзімге қарай жоспарланған халықтың нормативтік сұранысын толық көлемде қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Есеп-қисапқа сәйкес жалпы білім беретін мектептерге сұраныс 2030 жылға қарай 182 423 орынды, 2035 жылға қарай 256 170 орынды құрайды. Бас жоспарда бірінші кезекте 123 мектеп, ал есепті мерзімде 55 мектеп салу қарастырылған.
3 3-параграф. Экономикалық қызмет
Астана ретіндегі қалаларды, оның ішінде «жаңа (жобаланған) астана» болып табылатындарды стратегиялық позициялау тәжірибесін талдау мұндай қалалар туралы «шенеуніктер қаласы» деген ұғыммен байланысты функционалы мен беделін бұрмалауды еңсеру стратегиялық позициялаудың негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын көрсетеді. Бас жоспарда қала экономикасының мынадай басым бағыттары айқындалып, үш негізгі міндет қойылған:
қаланы Қазақстан Республикасының астанасы, қаланың «сыртқа» ашылуына байланысты жаһандық орталық ретінде көрсету;
қаланың «ішке» ашылуына байланысты қала тұрғындары, оның ішінде әлеуетті көшіп келушілер үшін тартымды, жайлы инклюзивті «өмір сүруге арналған қалаға» айналдыру;
Астана қаласының экономикалық дамуы бірінші кезекте бәсекеге қабілетті әртараптандырылған қалалық экономиканы қалыптастыруды жалғастыруға бағытталған.
Осы кезеңдегі экономикалық дамудың басты бағыты мынадай көпсалалы және кросс-салалық кластерлерді озыңқы дамыту мен әртараптандыру болады:
өнеркәсіптік кластер;
медициналық кластер;
ойын-сауық және туризм индустриясының кластері;
қаржы-технологиялық кластер.
Өнеркәсіптік кластер қаланы және тұтас Қазақстан Республикасын индустрияландырудың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Оның дамуы жұмыс істеп тұрған № 1 индустриялық парктің және жоспарланып отырған № 2 индустриялық парктің жаңа инвестициялық жобаларын іске асыру негізінде жүзеге асырылатын болады. «Астана — жаңа қала» арнайы экономикалық аймағына кіретін № 1 индустриялық парк аумағында қазіргі уақытта жалпы құны 341,95 млрд теңгені құрайтын 140 жоба іске асырылуда, оның ішінде 82 жоба пайдалануға беріліп, 7 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.
«Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағының (бұдан әрі — АЭА) құрамына кіретін, ауданы 431,98 га № 2 индустриялық парк машина жасау, тамақ және құрылыс өнеркәсібі, жиһаз, медициналық бұйымдар өндірісі және басқа да салалардағы құны шамамен 500 млрд теңгені құрайтын 100-ден астам жобаны орналастыруға арналған жаңа алаңға айналады.
Елорда экономикасы құрылымын одан әрі әртараптандыру қаланың жалпы бәсекеге қабілеттілік деңгейін нығайтуға және макроөңір кәсіпорындарының өндірістік, ғылыми, білім беру және логистикалық байланыстарын қалыптастыруға, жаңа технологияларды енгізуге, импортты алмастыратын өнімдерді әзірлеуге және инновациялық инфрақұрылым құруға алғышарттар жасауға мүмкіндік береді.
Стратегияны іске асыру нәтижесінде елорданың өңірлік жалпы өнім құрылымындағы өнеркәсіптің үлесі 2024 жылғы 8,4 %-дан 2030 жылға қарай 10 %-дан астамға, ал 2040 жылға қарай кемінде 15 %-ға дейін өседі деп күтілуде.
Медициналық кластер Орталық Азиядағы жоғары технологиялық медицина мен медициналық туризм орталықтарының бірі ретінде қалыптасуда. Астанада халықаралық JCI стандарттары бойынша аккредиттелген қазақстандық 9 клиниканың 7-еуі орналасқан.
Қала нейрохирургия, кардиохирургия, трансплантология, онкология, оңалту және репродуктивті медицина салаларына маманданған. Емдеу құнының салыстырмалы түрде төмен болуы және көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы ең басты бәсекелік артықшылық болып табылады.
Бас жоспарда есепті мерзімге 6 500 төсек-орындық түрлі үлгідегі стационарларды орналастыру жоспарланады. Осылайша, 2030 жылға қарай қала ауруханаларында орындармен қамтамасыз етілу 7 547 төсек-орынды, ал 2035 жылы 12 047 төсек-орынды құрайды. Сондай-ақ 2035 жылы қуаты бір ауысымда 48 458 келушіні қабылдайтын амбулаториялық-емханалық мекемелер көзделеді.
Медициналық туризмді дамыту халықаралық ынтымақтастықпен және С12 санатындағы медициналық визаның енгізілуімен қолдау тауып отыр. 2025 жылдың өзінде-ақ медициналық туристер саны екі есеге жуық артып, шамамен 5 мың адамға жетті.
Әлеуметтік қызмет көрсету үшін қалада келесі мекемелер қызмет етеді: «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, SOS Астана балалар ауылы, балалар үйі, № 2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернат, Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Астана қаласының оқу-өндірістік кәсіпорны», қайырымдылық мекемесі, сондай-ақ 5 халыққа қызмет көрсету мекемесі және бір мамандандырылған халыққа қызмет көрсету мекемесі. Халықтың осал топтарына одан әрі қолдау көрсету үшін 2035 жылы әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерінің сыйымдылығын 8 122 орынға дейін ұлғайту көзделуде.
Халық санының артуы ескеріліп, есепті кезеңге спорт кешендері, спорт мектептері, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, теннис орталығы, спорттық есу (триатлон) кешені, шаңғы базасы, шахмат академиясы, инклюзивті спорт орталығы және басқалары сияқты қосымша спорт объектілерін салу ұсынылады. Бас жоспарда осы мақсаттар үшін есепті мерзімге дене шынықтыру-спорт құрылысжайлары үшін 1 593 га, оның ішінде бірінші кезекке 1 376 га көзделген.
Ойын-сауық және туризм индустриясының кластері іскерлік, іс-шаралық, медициналық және гастрономиялық туризмді дамытуға бағытталған. Астана халықаралық форумдар, конференциялар мен саммиттер өткізетін алаң ретінде өз позициясын нығайтуда. Қонақүй инфрақұрылымы, қоғамдық тамақтандыру, мәдени объектілер және туристерге арналған цифрлық сервистер дамытылуда.
Қалада 309 орналастыру объектісі, 2 750 қоғамдық тамақтандыру объектісі бар, жұмыс істеп тұрған музей, театр және галерея саны – 35. Туризмді дамыту «Astana Tourism» орталығының қызметі және «Visit Astana» бағдарламасы арқылы қолдау табуда. Мәдениет және ойын-сауық мекемелерінің (театрлар, клубтар, кинотеатрлар, музейлер және т.б.) сыйымдылығы 2030 жылы 145 065 орынға жетеді, ал 2035 жылы 156 519 орын болжанады. Сонымен қатар, 2035 жылға қарай қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қуатын 111 682-ден 159 454 отырғызатын орынға дейін өсіру жоспарланады.
Көлік-логистикалық кластер астананың транзиттік әлеуетін іске асырудың маңызды бағыты ретінде қарастырылуда. «Астана-Технополис» АЭА шеңберінде инвестиция көлемі шамамен 150 млрд теңгені құрайтын 223 га алаңда логистикалық парк құру жоспарлануда. Жоба жүк терминалдарын, қойма және инженерлік инфрақұрылымды, сондай-ақ офис үй-жайларын қамтитын 20-ға жуық объектіні орналастыруды көздейді.
Астанадағы сауданы дамыту дәстүрлі сауданы, маркетплейстер мен цифрлық платформаларды ұштастыратын заманауи гибридтік форматтарды ендіруге бағытталған. Нарықтарды жаңғырту, фуд-холлдар, фермерлік алаңдар, мини-маркеттер және сауда мен логистиканы басқарудың интеллектуалдық жүйелерін дамыту жоспарлануда. 2035 жылы сауда кәсіпорындарының жалпы ауданы 1 664 604 м2 құрайды.
Астананың тұрмыстық қызмет көрсету саласында көрсетілетін қызметтердің ауқымы кең. Қалада халыққа киім тігу және жөндеу, тұрмыстық техника және басқа қызмет көрсететін, тұрмыстық бейіндегі шағын кәсіпорындар саны жеткілікті. Әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамды үлгілеріне сәйкес аталған сектордағы еңбек нарығының есепті сыйымдылығы 2030 жылға қарай 17 682 жұмыс орнын құрайды, 2035 жылға қарай жұмыспен қамтылу көрсеткішінің одан әрі 20 475 бірлікке дейін өседі.
Қаржылық технологиялар және IT-кластер Орталық Азиядағы IT-стартаптардың ең ірі халықаралық технопаркі — Astana Hub базасында дамытылуда. Экожүйе шет елдер қатысатын 450 компаниямен қоса 1750 IT-компанияны біріктіреді. Astana Hub цифрлық технологияларды дамытуға, инновацияларды ендіруге және халықаралық инвестиция тартуға ықпал етеді.
Әлемнің 88 елінен 4,6 мыңнан астам компания тіркелген «Астана» халықаралық қаржы орталығы инвестициялық тартымдылықтың қосымша факторы болып табылады. Орталық дәстүрлі қаржылық көрсетілетін қызметтер, исламдық қаржыландыруды және қаржылық технологиялар дамытылып, заманауи қаржылық экожүйе қалыптасуда.
Жалпы Астананың дамуы жоғары технологиялы өндіріске, инновацияларға, адами капиталдың дамуына, логистика мен халықаралық ынтымақтастыққа негізделген тұрақты және әртараптандырылған экономиканы қалыптастыруға бағытталған, бұл астананың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және оның экономикалық әлеуетінің ұзақ мерзімді өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясын іске асыру мақсатында экономиканың түрлі салаларында 297 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
Қалаға инвестиция тартудың өңірлік фронт-офисі ретінде «Астана даму орталығы» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – ЖШС) айқындалған, ол осы жобаларды мониторингтеуді жүзеге асырады. Сондай-ақ оларды сүйемелдеумен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы инвестицияларды дамытудың қалалық орталығы «Астана Инвест» акционерлік қоғамы (бұдан әрі — АҚ) және «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ айналысады.
Инвестициялар пакеті 3,6 трлн теңгеге бағаланады және оны іске асыру шамамен 17 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Инвестициялық жобалар портфелінің салалық құрамы қала экономикасын дамытудың негізгі стратегиялық бағыттарын көрсетеді.
Атап айтқанда, индустриялық даму бағытында 2030 жылға дейін 40 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде мынадай ірі жобалар бар:
1 1) бидайды терең өңдеу зауытын салу және пайдалану, Tiryaki Agro («Kazak Protein» ЖШС) – 163,9 млрд теңге;
2 2) Астана энергиясы экопаркін салу (қоқыс өртеу зауыты), «EAST HOPE» ЖШС – 125 млрд теңге;
3 3) тыңайтқыштар мен пестицидтер өндіретін агрохимиялық кешен, «KazAgroTech» ЖШС – 125 млрд теңге;
4 4) аграрлық индустриялық аймақ құру, «Астана Инвест» АҚ – 40 млрд теңге;
5 5) электровоздарға қызмет көрсетудің бас сервис орталығын салу және пайдалану (ALSTOM), «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС – 14,5 млрд теңге;
6 6) нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өндіретін зауыт салу, «ХБК «Ақсай» ЖШС – 1,7 млрд теңге;
7 7) күйдірілген тастан керамогранит шығаратын зауыт салу, «LASSELS – BERGER (ЛАССЕЛСБЕРГЕР)» ЖШС – 8,2 млрд теңге;
8 8) доңғалақты және шынжыр табанды броньдалған машина шығару және оларға техникалық қызмет көрсету, «SP BKM» ЖШС – 4,5 млрд теңге.
«Көлік және логистика» секторында 100 жобаны іске асыру көзделген. Олардың қатарына ауқымы 223 гектарды құрайтын ірі инфрақұрылымдық жоба логистикалық парк құрылысы, халықаралық әуежайды реконструкциялау – 250 млрд теңге, сондай-ақ Астана қаласының әкімдігі мен қытайлық әріптестердің қатысуымен өтетін «Свет Шелкого Пути» ЖШС-нің көп функциялы ірі логистикалық тарату кешені кіреді.
Сонымен қатар мультимодалды көлік-логистикалық орталықтар желісін айтарлықтай кеңейту, өңірлік және республикалық ауқымдағы ірі ритейл компаниялар – маркетплейстер мен желілік супермаркеттердің логистикалық орталықтарын салу, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық бірқатар ірі компаниялардың заманауи қойма кешендері жүйесін, соның ішінде «А» және «В» класты қоймаларды тұрғызу жоспарлануда.
Мультисалалық болып табылатын және экономикалық қызметтің бірнеше түрін қамтитын «Туризм» секторында да ірі жобалар портфелі бар, оның ішінде:
экономикалық қызметтің «Тұру және тамақтану бойынша қызметтер көрсету» саласында 54 жоба – қонақүйлер мен қонақүй кешендері, кемпингтер және жол бойындағы сервис объектілері;
«Өнер, ойын-сауық және демалыс» саласында 28 жоба-мәдени-бұқаралық және спорттық объектілер;
«Білім беру» секторында мектепке дейінгі, бастауыш, орта, арнайы және жоғары білім беру саласында 38 жоба қарастырылған.
4 4-тарау. Қаланың жоспарлау құрылымы
Тұрғындар мен туристерге жайлы қалалық ортаны, қала тұрғындарына ыңғайлы көлік жүйесін құру қаланы жобалаудың маңызды факторы болды. Ол үшін көлік пен жаяу жүргіншілерді бөлу, жаяу жүргіншілер аймақтары мен велосипед жолдарын құру, демалыс және мәдени іс-шаралар кеңістігін құру сияқты заманауи қала құрылысы тұжырымдамалары пайдаланылады.
Қаланың жоспарлау құрылымында 6 жоспарлау ауданы қарастырылған, олардың шекаралары әкімшілік аудандардың шекараларымен шектеседі. Бұл елорданы аумақтық дамытуды жедел басқару үшін ыңғайлы. Қала 148 жоспарлау секторына бөлінген, оның әрқайсысында қоғамдық орталық құру жоспарланған.
Аудандарға бөлінген, әр ауданында аудан орталықтары орналасқан қалада аудан орталықтарын іскерлік орталықпен, өнеркәсіп орындарымен, саябақтармен, стадиондармен, вокзалдармен жалғайтын қосымша магистральды көшелер пайда болады.
Кешенді қоғамдық орталықтардың жоспарлау композициясы қала құрылысының профилі мен қаланың көлемі, жергілікті табиғи жағдайлар және қалыптасып қалған жоспарлау ахуалы арқылы анықталады.
Жоспарлау орталықтарын дамыту қала тұрғындарын бастапқы қызмет көрсету объектілерімен қамтамасыз ету, көлік-ауыстырып міну тораптарын дамыту, саябақ аймақтары, сауда орталықтары мен спорт объектілері бар қоғамдық кеңістіктерді дамыту және үйлесімді, жайлы орта құру арқылы теңестірілетін болады.
Тұрғындарды қызмет көрсету және тыныс-тіршілік объектілерімен қамтамасыз ету үшін 148 жоспарлау секторының әрқайсысында 10 мыңға жуық адам тұрады деп көзделіп отыр. Жоспарлау секторы – қаланың бірнеше тұрғын орамнан тұратын ірі аумағы.
Жоспарлау секторының қағидаттары:
жалпы білім беретін мектептерге, балабақшаларға жаяу бару мүмкіндігі, балалардың көлік қозғалысы қарқынды жалпықалалық магистральдарды кесіп өтуін жоққа шығару;
қала тұрғындарын (оның ішінде балаларды, қарттарды және халықтың қимыл-қозғалысы баяу топтарын) жаяу баруға болатын қауіпсіз радиуста қызмет көрсету мекемелерімен қамтамасыз ету. Бұл бәріне таныс, бірақ іріленген және қазіргі тұрмыс жағдайларына бейімделген ықшам аудандар.
Бұл іс-шаралар қаланы барлық жоспарлау секторларында тұруға жайлы қалаға айналдыруға мүмкіндік береді.
1-кесте. Бас жоспарда жоспарлау аудандарының мына орталықтары қарастырылады:
Р/с №
Жоспарлау аудандарының атаулары
Жоспарлау ауданының аумағы (га)
Жоспарлау секторының саны
1.
Алматы (шығыс аудан)
8 518
24
2.
Байқоңыр (солтүстік аудан)
18 129
19
3.
Есіл (оңтүстік аудан)
20 022
27
4.
Нұра (батыс аудан)
19 336
28
5.
Сарайшық (оңтүстік-шығыс аудан)
6 953
27
6.
Сарыарқа (солтүстік-батыс аудан)
6 775
23
Жиыны:
79 733
148
Бас жоспарда жоспарлау аудандарының мына орталықтары ескеріледі:
1
1) «Алматы» ауданы – 1-5 нөсер кәрізінің тазарту құрылысжайлары ауданында Есіл және Ақбұлақ өзендерінің түйіскен жерінен Ақбұлақ өзенінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай Маймекен және Кендірлі көшелерінің қиылысына дейін, одан әрі Маймекен көшесімен солтүстікке қарай Бұйрат көшесіне дейін, Бұйрат көшесінің бойымен Ақбұлақ өзеніне дейін, Ақбұлақ өзенінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай қала шекарасына дейін, қала шекарасының бойымен магистральды теміржолға дейін, магистральды теміржол бойымен батысқа қарай Рақымжан Қошқарбаев даңғылына дейін, Рақымжан Қошқарбаев даңғылының тақ жағының бойымен Сарайшық көшесіне дейін, Арқар көпірінің бойымен Есіл өзеніне дейін, Есіл өзеніне дейін, 1-5 нөсер кәрізінің тазарту құрылысжайлары ауданында Есіл өзенінің бойымен оның Ақбұлақ өзенімен түйіскен жеріне дейін;
2
2) «Байқоңыр» ауданы – Астана – Қостанай бағытындағы темір жолдан қаланың қазіргі шекарасының бойымен солтүстікке қарай Ақбұлақ өзеніне дейін, Ақбұлақ өзенінің бойымен Рақымжан Қошқарбаев даңғылына дейін, Рақымжан Қошқарбаев даңғылының жұп жағымен Сауда көшесіне дейін, Сауда көшесінің бойымен А184 көшесіне дейін, одан әрі Ақбұлақ өзенінің бойымен Есіл және Ақбұлақ өзендерінің түйіскен жеріне дейін, Есіл өзенінің бойымен Қараөткел көпіріне дейін, Александр Бараев көшесінің бойымен Республика даңғылына дейін, Республика даңғылының жұп жағымен Бөгенбай батыр даңғылына дейін, Бөгенбай батыр даңғылының және Алаш тас жолының бойымен темір жолға дейін, темір жол бойымен қаланың батыс шекарасына дейін. Аудан шекарасына қалалық зират аумағы кіреді;
3
3) «Есіл» ауданы – Қабанбай батыр даңғылынан Есіл өзенінің бойымен қаланың шығыс шекарасына дейін, одан әрі қала шекарасының бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Қарқаралы тас жолына дейін, одан әрі Қарқаралы тас жолының шығыс жағымен және Қабанбай батыр даңғылының жұп жағымен Есіл өзеніне дейін. Аудан шекарасына Ұлттық пантеон аумағы кіреді. Ұлттық пантеон Астана қаласынан 17 км қашықтықта орналасқан, ол Қабанбай батыр кесенесінің айналасында, батырдың есімімен аталатын ауылдың жанында тұрғызылған.
4 4) «Нұра» ауданы – қаланың батыс бөлігінде Есіл өзенінің бойымен шығысқа қарай Қабанбай батыр даңғылына дейін, одан әрі Қабанбай батыр даңғылының тақ жағымен және Қарқаралы тас жолының батыс жағымен қаланың оңтүстік шекарасына дейін;
5
5) «Сарайшық» ауданы – Есіл өзенінен Арқар көпірінің бойымен Сарайшық көшесі арқылы Рақымжан Қошқарбаев даңғылы бағытында, даңғылдың жұп жағының бойымен магистральды темір жолға дейін, магистральды темір жол бойымен шығысқа қарай қала шекарасына дейін, қаланың шығыс шекарасының бойымен оңтүстік бағытта Есіл өзеніне дейін, Есіл өзенінің бойымен батыс бағытта Сарайшық көшесінің бойындағы Арқар көпіріне дейін өтеді;
6
6) «Сарыарқа» ауданы – қаланың батыс шекарасынан темір жол бойымен Алаш тас жолына дейін, Бөгенбай батыр даңғылының тақ жағымен Республика даңғылына дейін, одан әрі оңтүстікке қарай Республика даңғылының тақ жағымен Александр Бараев көшесіне дейін, Александр Бараев көшесімен Есіл өзеніне дейін, Есіл өзенінің оң жақ қапталының бойымен қаланың батыс шекарасына дейін.
Қала аумақтарын қала құрылысы аймақтарына бөлу қала аумақтарын өзара байланыстыра отырып реттелген түрде пайдалану арқылы тыныс-тіршілікке толық қолайлы жайлы орта құруға бағытталған, мұндай реттеу регламенттерді белгілеу арқылы жүргізіледі.
Астана қаласының аумағын дамытудың бас жоспарының қала құрылысы аймақтарына бөлу материалдары:
егжей-тегжейлі жобалау ұсыныстарын әзірлеуге арналған бастапқы-рұқсат беру және қала құрылысы құжаттамасының құрамына аумақты перспективада пайдаланудың тиісті көрсеткіштерін қосу;
аумақты қазіргі пайдаланудың тиімділігін бағалау;
жер қатынастары мен мүліктік қатынастарды белгілеген кезде аумақты пайдаланудың тиісті көрсеткіштерін қосу және есепке алу;
Астана қаласының тұрғындарын және қала құрылысының қызметіне басқа да қатысушыларды (инвесторлар, құрылыс салушылар, кәсіпкерлер) аумақты қала құрылысы тұрғысынан дамыту перспективасы туралы хабардар ету;
қала құрылысы аймақтарының шекарасындағы барлық объектілер мен аумақтар бойынша сараптама жүргізу, жобалық және рұқсат беру құжаттамасын келісу және бекіту үшін пайдаланылады.
Аумақтардың функционалдық мақсаты қаланың әрбір жоспарлау бірлігі үшін белгілі бір қызмет түрлерін (тұрғын аймақ, әлеуметтік аймақ, коммерциялық аймақ, өзге аймақ) белгілейді.
Аумақтардың құрылыс мақсаты әрбір жоспарлау бірлігінің құрылыс салынған бөлігі үшін құрылыс салудың шекті параметрлерін белгілейді (құрылыстың ең көп және ең аз биіктігі, құрылыс салудың шекті тығыздығы, қызыл сызықтардан шегініс және т.б.).
Қала құрылысы жоспарында аумақтық аймақтың орналасуы мен даму ерекшеліктері, сондай-ақ жер учаскелерін пайдаланудың алуан түрін (тұрғын үй, қоғамдық-іскерлік, өндірістік, рекреациялық және жер учаскелерін пайдаланудың өзге де түрлерін) аумақтық тұрғыдан ұштастыру мүмкіндігі ескеріліп, жер пайдалану және құрылыс салу қағидалары әрбір аумақтық аймақ үшін бөлек белгіленеді.
Жобада мынадай функционалдық аймақтар айқындалған:
Тұрғын аудандар: олар халықтың үнемі тұруына арналған және осы мақсатта көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлер салынады. Тұрғын үйлерде қосалқы функция ретінде халыққа әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық қызмет көрсететін, жеке тұрған, кіріктіре және жапсарлас салынған объектілерді, негізінен санитариялық қорғау аймақтарын ұйымдастыруды талап етпейтін қосалқы ғимараттар, автотұрақтар, өнеркәсіптік және коммуналдық қоймалар түрінде орналастыруға жол беріледі. Елді мекендер шегінде халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының аумақтары, шағын аудандар мен тұрғын үй орамдары; әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету объектілері, әкімшілік және басқа да азаматтық ғимараттар орналасқан аумақтар; жасыл екпелер аумақтары; инженерлік желілер, инженерлік және көліктік инфрақұрылым объектілері мен құрылысжайлары, тамақ өнеркәсібінің шағын кәсіпорындары және басқалары орналасатын аумақтардың оқшау аймақтары қарастырылған.
Өнеркәсіптік аймақ: өнеркәсіптік аймақ өнеркәсіптік аймақтарды және сарқынды суларды тазарту станциялары мен тұндырғышы бар коммуналдық аймақты қамтиды. Өнеркәсіптік аймақты жылу және электр энергиясын өндіру объектілері, газ, су жеткізушілер, темір жолдардың жылжымалы құрамын жөндеу, орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарын жөндеу объектілері, генераторлар, трансформаторлар, электр энергиясын тарату және басқару жабдықтары, медициналық жабдықтар, құрылыс материалдарының өндірісі, тамақ өнеркәсібі және т. б. сияқты қаланың жұмыс істеп тұрған негізгі кәсіпорындары құрайды.
Санитариялық-қорғау аймағы – арнайы мақсаттағы аймақты, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіптік ұйымдар мен басқа да өндірістік, коммуналдық объектілер мен қойма объектілерін таяу маңдағы селитебті аумақтардан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлардан оларға келеңсіз факторлардың әсерін бәсеңдету мақсатында бөліп тұратын аумақ.
Бас жоспарда өндірістік объектілер мен жоспарлау аумақтарының тұрғын аудандары арасында санитариялық-қорғау аймағын ұйымдастыру көзделеді, бұл ретте санитариялық-қорғау аймағы өнеркәсіп орындарының қауіптілік сыныбын нақты айқындай отырып қалыптастырылатын болады.
Демалыс аймағы: оларға қалалық тоғай, тоғайлы саябақтар, орманды қорғау аймақтары, су айдындары, ауыл шаруашылығы алқаптары және басқа да жерлер кіреді, олар тұрғын аймақта орналасқан саябақтармен, бақтармен, алаңдармен және желекжолдармен бірге ашық кеңістіктер жүйесін түзеді. Астана қаласының аумағын ландшафттық-рекреациялық ұйымдастыру қала ортасының жасыл бөліктерінің бәрін теңгерімді дамытуға, елорда тұрғындары үшін қолайлы табиғи және экологиялық жағдайларды қамтамасыз етуге сайып келеді.
Арнайы аймақ: зираттарды, тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу кәсіпорындарын, тазарту құрылысжайларын және қала шаруашылығының басқа да осындай құрылымдарын орналастыруға арналған.
Резервтік аумақтар: бұл аумақтар Астана қаласының перспективадағы дамуы үшін қаланың тұрғын аймағын одан әрі дамыту үшін пайдаланылатын жерлер болып табылады.
Қолжетімділігі шектеулі аймақтар: бұл әскери ведомстволар мен әскери бөлімдердің арнайы аумақтары. Оларда тұрғын үйлер, соның ішінде казармалар немесе түзеу мекемелері де, коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіп объектілері мен басқа әскери объектілер де орналасады.
Қоғамдық орындар: негізінен денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру, байланыс, сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, коммерциялық қызмет объектілерін, сондай-ақ кәсіптік орта және жоғары білім беру мекемелерін, ғылыми-зерттеу, әкімшілік мекемелерді, ғибадат құрылысжайларын, іскерлік, қаржылық және қоғамдық қызмет орталықтарын, автотұрақтар мен жалпықалалық маңызы бар басқа да ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға арналған.
Инженерлік және көліктік инфрақұрылым аймақтары: теміржол, автомобиль, өзен, әуе және құбыржол көлігінің құрылысжайлары мен коммуникациясын, электрмен және жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау объектілері мен коммуникациясын, инженерлік жабдықтарды орналастыруға және пайдалануға арналған. Оларға инженерлік және көліктік инфрақұрылым аймақтары: автомобиль көлігі объектілері, су көлігі объектілері, сыртқы көлік объектілері, инженерлік инфрақұрылым объектілері (құбыржол көлігі, байланыс, хабар тарату, телевизия, ақпараттық технологиялар және энергетика) жатады.
Астана қаласын қалалық аймақтарға бөлу – бұл аумақтарды функционалдық пайдалануға (функционалдық аймақтарға бөлу), девелопментке (құрылыс аймақтарына бөлу), ландшафтты ұйымдастыруға (ландшафттық аймақтарға бөлу) және экологиялық қауіпсіздікке (экологиялық аймақтарға бөлу) міндетті талаптарды белгілеу.
Тұрғын және қоғамдық құрылыс ауданы 12,8 мың га құрайды. Өнеркәсіптік аумақтар 7,2 мың га құрайды және негізінен темір жолдың солтүстігіндегі тарихи қалыптасқан аумақтарда орналасқан. Қазіргі өнеркәсіп орындары негізінен қалыптасқан өнеркәсіптік аймақтар шегінде шектеулі түрде кеңейе отырып дамитын болады. Қаланың қалған аумағын ортақ пайдаланылатын жерлер мен «жасыл танаптар» құрайды, Қазақстанның бүкіл аумағынан әкелінген, өзіндік флорасы мен фаунасы бар олар саябақтармен және Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендері мен «Нұра-Есіл» каналының жағалауымен бірге қаланың кез келген аумағынан жаяу баруға болатын қашықтықтағы бірыңғай табиғи-ландшафтық кешен түзеді.
5 5-тарау. Көліктік инфрақұрылым
Көліктік инфрақұрылым демографиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің болжамды өсуі, халықтың ұтқырлығы, жолаушылар мен жүк тасымалы көлемінің өзгеруі, көліктің жаңа баламалы түрлерінің тайталассыз енгізілуі, экологиялық талаптардың қатаңдатылуы жағдайында қала аумақтарына жайлы қатынауды, қала ішіндегі, қала маңындағы және сыртқы көлік байланыстарының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл міндеттер жүріп-тұрудың моторсыз тәсілдерінің (жаяу және велосипедпен жүру), қоғамдық және жеке көліктің, қалалық, қала маңындағы және сыртқы көлік жүйелерінің өзара іс-қимылы мен бірін-бірі толықтыруын қамтамасыз ететін қаланың бірыңғай көлік жүйесін дамытуды, сондай-ақ тұтынушыларға көліктік қызмет көрсету түрлерін баламалы таңдауға мүмкіндік беруді талап етеді.
Астана қаласының көлік жүйесін одан әрі жетілдірудің негізгі аспектілеріне мыналар жатады:
жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру;
көліктің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту;
ақпараттық технологиялардың әлеуетін пайдалану;
жоспарланған қоныстануға, еңбек ету орындарының орналасуына және халықтың болжамды ұтқырлығына сәйкес Астана қаласының көлік желілерін одан әрі дамыту қажеттігі.
Қалалық көліктік инфрақұрылымның әлеуетін ұлғайту қоғамдық жолаушылар көлігін дамыту басымдығы белгіленіп және оның жолаушылар тасымалының жалпы көлеміндегі үлесі арттырылып, халықтың жүріп-тұруына кететін уақытты барынша азайту қажеттігі ескеріле отырып орындалатын болады.
Магистральдық көше-жол желісін дамыту
Бас жоспарда магистральдық көше-жол желісінің ұзындығын қазіргі 528,0 км-ден 2030 жылға қарай 1,3 есе және 2035 жылға қарай 1,7 есе ұлғайтып, жалпы ұзындықты есепті кезеңге дейін 923,5 км-ге дейін жеткізу, 2035 жылға қарай магистральдық желі тығыздығын 2,6 км/км²-ге, жалпы желінің тығыздығын 5,7 км/км²-ге дейін арттыру қарастырылған.
Көше-жол желісінің учаскелерін салудың кезекпен жүргізілуі қала аумағын игеру жоспарларымен байланыстырылғанын және оларға түзету енгізгенде негізді түрде нақтылануға тиіс екенін атап өткен жөн.
Магистральдық көшелер мен жолдардың қиылысындағы көлік айрықтарының жалпы саны 23 құрылысжайды құрайды, ұзақ мерзімді перспективаға тағы 69 жаңа құрылысжай жоспарланған, оның ішінде 2030 жылға дейінгі 1-кезеңде 8 бірлікті, ал Бас жоспардың есепті мерзіміне қарай, яғни 2035 жылға дейін тағы 22 бірлікті іске асыру ұсынылады. Көлік айрықтарының қатарына темір жолдар мен су бөгеттерінің қиылысындағы басқа да көлік құрылыстары қосылады. Жасанды көлік құрылысжайларының орналастырылуы Астананың бас жоспарының шешімдерін іске асыру барысында қаланың көліктік жүйесін дамытудың кешенді тәсілі ескеріліп негізді түрде нақтылануы мүмкін.
Қалалық қоғамдық жолаушылар көлігін дамыту
Қаланың бұқаралық қалалық қоғамдық жолаушылар көлігі (бұдан әрі – ҚЖК) жүйесінде қазіргі кезеңде жолаушы тасымалын игерудегі негізгі жүктемені автобус көлігі атқаруда. Жолаушы легін болжау нәтижелері бойынша Бас жоспарда қала ішіндегі жолаушылар тасымалы жүйесін айтарлықтай дамыту қажеттігін расталады.
Жеңіл рельсті көлік (бұдан әрі – Tarlan Astana). Бас жоспарда Tarlan Astana желісінің дамуы қаланың 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді дамуы ескеріліп, ықтимал 10 нұсқа бойынша есептелді. Нұсқаны таңдау кезінде мына өлшемшарттар ескерілді:
желілердің саны және олардың жалпы ұзындығы;
есепті кезеңдердегі желілердегі болжамды жолаушылар легі;
есепті кезеңдер бойынша жалпы тәуліктік тасымал көлемі және желінің 1 км-не шаққандағы көрсеткіш;
жалпы ҚЖК жүйесі бойынша 1 жолаушыға шаққандағы орташа өлшемді уақыт шығыны.
Жүрдек жолаушылар көлігін ұзақ мерзімді дамыту мақсатында Бас жоспарда Tarlan Astana-ны дамытудың крест тәрізді перспективалы схемасы қабылданып, желілер жолаушы легі көп болатын негізгі бағыттар бойынша тармақталған. Tarlan Astana желілеріндегі жылжымалы құрамның сыйымдылығы 650 жолаушы деп жоспарланған. 2035 жылға қарай Tarlan Astana жүйесі бойынша 3 маршрут ұйымдастыруға мүмкіндік бар, оларға қызмет көрсету үшін 16 бірлік жылжымалы құрам жеткілікті.
Жерүсті ҚЖК. Қаланың болжамды даму параметрлері және тиісінше өз көлігі мен бұқаралық жолаушылар көлігін пайдаланатын халықтың жалпы жол жүруінің айтарлықтай өсуі қала халқына қызмет көрсететін жылжымалы құрам санын ұлғайтуды көздейді.
2035 жылға қарай тәуліктік тасымал көлемінің 2,1 есе артуы осы кезеңге арналған қала халқы санының өсу болжамымен сәйкес келеді.
Астананың жерүсті ҚЖК маршруттық желісін жетілдіруді, сондай-ақ жүрдек көліктік автобус дәліздерін дамытуды қысқа мерзімді кезеңде Көлік жүйесін дамытудың кешенді бағдарламасының (бұдан әрі – КЖДКБ) жобасын әзірлеу және бекіту нәтижелері бойынша жүзеге асыруға болады.
2035 жылға арналған жерүсті ҚЖК жұмысының болжамды параметрлері:
тәуліктік тасымал көлемі – 1 493,7 мың жолаушы;
жылжымалы құрам жалпы қажетті сыйымдылығы – 180 000 мың орын;
жылжымалы құрам бірлігінің болжамды толуы – 4 баллдан аспайды;
жылжымалы құрам саны – жерүсті қалалық ҚЖК түрлеріне байланысты.
Көлік-қызмет көрсету құрылғылары. Халық санының айтарлықтай өсу әлеуеті бар Астана сияқты ірі қалаларда өткізу қабілеті жоғары рельсті жолаушылар жүйелерінің дамуын жоспарлау қажет, олар жолаушы легі көп болатын бағыттар бойынша ұзақ мерзімді перспективада пневматикалық доңғалақты жүйелермен салыстырғанда тиімдірек болады. Жерүсті ҚЖК жүйелерін дамыту нұсқаларын салыстырудың анағұрлым толық көрінісін тиісті техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу кезінде орындау қажет. Бас жоспарда сағатына кемінде 20 км қатынас жылдамдығы қамтамасыз ететін трамвай жүйелері түріндегі жүрдек жерүсті көлігін дамыту нұсқасы негіз ретінде қабылданған.
2035 жылға қарай қала жоспарында әрқайсысы 250 бірлік жылжымалы құрамға арналатын жаңа автобус парктерін ұйымдастыру үшін 11 га-дан 2 алаң, сондай-ақ перспективада 200 бірлік жылжымалы құрамға дейін дамыту резервімен (2035 жылға – 65 бірлік) трамвай паркін ұйымдастыру үшін 8 га алаң резервтеледі.
Жаңа көлік парктерінің бәрін сол жағалау аумағында орналастыру ұсынылады.
Теміржол көлігі. Перспективада теміржол көлігімен жолаушылар тасымалын дамыту халықтың қала ішінде және қала маңы мен қалада жол жүруі үшін осы көлік түрінің тартымдылығын арттыру мақсатында теміржол инфрақұрылымын жетілдіруді болжайды – жаңа аялдама пункттері, жолаушыларды жерүсті көлік түрлерімен жеткізуді ұйымдастыру, қала маңы-қалалық қатынасты ұйымдастыру, пойыз қозғалысының қалалық интервалын қамтамасыз ету. Жаңа аялдама пункттеріне (бұдан әрі – АП) қатысты ұсыныстар қолданыстағы Бас жоспардан жалғасын табады:
№ 1 АП – темір жолдың Астана – Қарағанды тас жолымен қиылысында, «Қарағанды» КАТ;
№ 2 АП – темір жолдың Ғабиден Мұстафин көшесінің енімен қиылысында;
№ 3 АП – темір жолдың Александр Пушкин көшесімен қиылысында;
№ 4 АП – темір жолдың Бөгенбай батыр даңғылымен қиылысында.
Есеп-қисап нәтижесі бойынша темір жолмен қала ішіндегі қатынастағы жолаушылар тасымалының 2035 жылға арналған болжамды параметрлері анықталды:
тәуліктік тасымал көлемі – 16,3 мың жолаушы;
«қарбалас» сағаттағы жолаушылар легі – бір бағытта 0,2–1,6 мың жолаушы;
станция / аялдама пункттерінің жолаушы айналымы — «қарбалас» сағатта 0,5 – 2,1 мың жолаушы (отыру + түсу).
Алынған есеп-қисап деректерін ескере отырып, негізгі тұжырымдар жасалды:
теміржол көлігі қалаішілік жолаушылар тасымалын дамыту әлеуетіне ие;
ұзақ мерзімді перспективада қала ішіндегі тасымалды ұйымдастыру үшін желінің қарбалас кезеңдегі жүктемесі бойынша әрқайсысына 500 жолаушы сыятын шамамен 5 пойызды жоспарлау қажет;
жолаушыларды қалаішілік станцияларға/аялдама пункттеріне жерүсті қалалық ҚЖК-мен жеткізуді ұйымдастыру, пойыздар қозғалысының қалалық интервалын қамтамасыз ету, станциялар/аялдама пункттерінен 1,5 – 2 километрлік қолжетімділік аймағындағы аумақтарды тығыз қалалық құрылыс салынған тартылыс объектілерімен толтыру саясатын жүргізу, теміржол көлігінің қала маңы жолаушылар тасымалындағы рөлін арттыру және жалпы қала маңы-қалалық теміржол қатынасын ұйымдастыру есебінен тасымал көлемінің параметрлері бірнеше есе өсуі мүмкін.
Көлік-ауыстырып міну тораптары жүйесін дамыту. Көлік-ауыстырып міну торабы (бұдан әрі – КАТ) — бір немесе әртүрлі ҚЖК түрінің екі және одан да көп желісінің қиылысу, түйісу орны, мұнда бір желіден екіншісіне ауысып отыру мүмкіндігі болады. Жалпы түсінікте КАТ қоғамдық мақсаттағы объектілер кешені бар қала құрылысы түзілетін элемент болып табылады, ол сыртқы және қала маңы көлігі (әуежай, теміржол және автобус вокзалдары) қалалық рельсті жүрдек көлікпен (Tarlan Astana, темір жол, трамвай) өзара әрекеттесетін тораптар базасында қалыптасады.
Бас жоспарда белгіленген КАТ құрамындағы объектілер барлық қажетті көліктік инфрақұрылымды қамтиды:
торапқа кіретін барлық ҚЖК жүйелерінің станциялары/аялдама пункттері;
P+R жүйесі бойынша аралас сапарлар жасауға мүмкіндік беретін тосқауылдық тұрақтар;
велостанциялар;
электромобильдерге арналған зарядтау станциялары.
Бас жоспарда қалаға Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Қорғалжын бағыттары мен оңтүстік бағыттан кіретін барлық негізгі магистральдық автожолдар бойынша, сондай-ақ халықаралық әуежайда және жұмыс істеп тұрған «Астана» және «Нұрлы Жол» екі теміржол вокзалында 9 негізгі КАТ айқындалған.
КАТ жүйесін дамыту олардың аймақтарында сыртқы және қала маңы жолаушылар қатынастарына қызмет көрсететін 2 автовокзалды (олардың біреуі – қолданыстағы «Астана»), сондай-ақ қала маңы қатынастарына қызмет көрсетуге бағытталған әртүрлі сыйымдылықтағы 4 автостанцияны біртіндеп құруды болжайды. Астанада КАТ орналастыру мен ұйымдастыруға аса қолайлы жағдайлар ықпал етеді, мұндай жағдайлар Tarlan Astana – қоғамдық жүрдек жолаушылар көлігінің, теміржол мен трамвайдың сырттан келетін автомобиль жолдарымен қиылысатын жерлердегі радиалды желілерінің ықпалымен қалыптасады.
6 6-тарау. Инженерлік инфрақұрылым
1 1-параграф. Сумен жабдықтау
Қазіргі уақытта қаланың су тұтынуы орта есеппен тәулігіне 268,5 мың м³ құрайды, бұл көлемді өнімділігі тәулігіне 305 мың м³ құрайтын қолданыстағы № 1 және № 2 сорғы-сүзгі станциялары (бұдан әрі – ССС) және өнімділігі тәулігіне 105 мың м³ ССС-3 қамтамасыз етеді.
2030 жылға қарай есепті орташа тәуліктік су тұтыну тәулігіне 535,76 мың м³ болғанда өнімділігі тәулігіне 210 мың м³ болатын ССС-4 салу, өнімділігі тәулігіне 35 мың м³-ге дейін жететін Нұра су көзінен су құбырын салу көзделген.
2035 жылға қарай есепті орташа тәуліктік су тұтыну тәулігіне 607,56 мың м³ болғанда ССС-3 қуатын тәулігіне 35 мың м³-ге кеңейту қарастырылған.
2 2-параграф. Су бұру
Қалада су бұру көлемі орта есеппен тәулігіне 218,58 мың м³ құрайды, ал су таситын кезеңдерде тәулігіне 330 мың м³ дейін ұлғаяды. Қолданыстағы кәріздік тазарту құрылысжайлары (бұдан әрі – КТҚ) тәулігіне 254 мың м³ өнімділікпен КТҚ-1 кәріздік сарқынды суды тазартуды қамтамасыз етеді.
2030 жылға қарай есепті орташа тәуліктік су бұру тәулігіне 404,76 мың м³ болғанда өнімділігі тәулігіне 188 мың м³ КТҚ-2 салу, жергілікті кәріздік тазарту құрылысжайын (ЖКТҚ) – жалпы өнімділігі тәулігіне 75 мың м³ ЖКТҚ-6, ЖКТҚ-4 салу, сондай-ақ КТҚ-1 жаңғыртып, қуатын тәулігіне 25 мың м³-ге арттыру көзделген.
2035 жылға қарай есепті орташа тәуліктік су бұру көлемі тәулігіне 459,73 мың м³ болғанда өнімділігі тәулігіне 50 мың м³ КТҚ-3 (1-кезек), сонымен қатар өнімділігі тәулігіне 10 мың м³ ЖКТҚ-10 салу қарастырылған.
3 3-параграф. Нөсер кәрізі
Қаланың қазіргі нөсер кәрізі жүйесі тазарту құрылысжайларының (бұдан әрі – ТҚ) 20 кешенінен, 118 сорғы станциясынан және ұзындығы 720,4 км нөсер кәрізінің коллекторлық желісінен тұрады.
2030 жылға қарай коллекторлық желісі бар 6 тазарту құрылысжайын салу, ал 2035 жылға қарай қосымша 7 тазарту құрылысжайын салу көзделген.
4 4-параграф. Жылумен жабдықтау
Қаланың қолданыстағы жылумен жабдықтау жүйесі жалпы қолжетімді жылу қуаты 3889 Гкал/сағ (4 522 МВт) құрайтын жылу-электр орталықтары (бұдан әрі – ЖЭО) – ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3, «Тұран» газ жылу станциясы (бұдан әрі – ГЖС), «Оңтүстік-Шығыс» ГЖС базасындағы орталықтан жылумен жабдықтау жүйесінен және аудандық шағын қазандықтар базасындағы орталықтандырылмаған жылумен жабдықтау жүйесінен тұрады.
2030 жылға қарай орталықтан жылумен жабдықтау аймағында есепті жылу жүктемесі 4 842 Гкал/сағ (5 602 МВт) болғанда ЖЭО-2 кеңейту және «Тельман» ГЖС салу көзделген.
2035 жылға қарай орталықтан жылумен жабдықтау аймағында есепті жылу жүктемесі 5 820 Гкал/сағ (6 898,8 МВт) болғанда ЖЭО-3-тің 2-ші кезегін және «Оңтүстік-Батыс» ГЖС салу қарастырылған.
5 5-параграф. Электрмен жабдықтау
Ең жоғары электр жүктемесі 904 МВт болатын қаланы электрмен жабдықтау ЖЭО-1, ЖЭО-2-ден және «Ақмола 500» қосалқы станциясы (бұдан әрі – ҚС) мен 220 кВ айналмасы арқылы Қазақстан Республикасының бірыңғай энергетикалық жүйесінен жүзеге асырылады.
2030 жылға қарай есепті электр жүктемесі 1 772 МВт болғанда 110/10(20) кВ 8 қосалқы станция («Бағыстан» ҚС, «Батығай» ҚС, «Қабанбай батыр» ҚС, «Қарлығаш» ҚС, «Қазбек» ҚС, «Восточная-2» ҚС, «Бектас» ҚС, «Өндіріс» ҚС) салу көзделген.
2035 жылға қарай есепті электр жүктемесі 2 563 МВт болғанда 110/10(20) кВ 6 қосалқы станция («Наурыз» ҚС, «Майбалық» ҚС, «Аңсаған» ҚС, «Дәулет» ҚС, «Сафи» ҚС, «Южная-2» ҚС) салу қарастырылған.
6 6-параграф. Газбен жабдықтау
Қаланы газдандыру жиынтық өнімділігі сағатына 460,0 мың м³ құрайтын автоматты газ тарату станциялары (бұдан әрі – АГТС) – АГТС-1 және АГТС-2 арқылы «Сарыарқа» магистральдық газ құбырынан (бұдан әрі – МГ) жүзеге асырылады.
2030 жылға қарай өнімділігі сағатына 350 мың м³ болатын АГТС-3 және «Сарыарқа» МГШ-дан АГТС-3-ке дейін тармақталған газ құбырын салу, сондай-ақ өнімділігі сағатына 120 мың м³ болатын АГТС-4 салу көзделген. Осылайша, 2030 жылға қарай газбен жабдықтау көздерінің өнімділігі сағатына 930 мың м³ құрайды.
2035 жылға қарай АГТС-1 мен АГТС-2-ні реконструкциялап, олардың әрқайсысының өнімділігін сағатына 230-дан 350 мың м3 дейін ұлғайту көзделген, осыған байланысты 2035 жылға қарай газбен жабдықтау көздерінің өнімділігі сағатына 1 170 мың м³ болады.
7 7-тарау. Аумақты санитариялық тазарту
Астана қаласының қалдықтармен жұмыс істеу жүйесі коммуналдық қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, сұрыптауды, қайта өңдеуді, кәдеге жаратуды және көмуді қамтиды. Қала аумағында қалдық жинауға арналған 5 мыңнан астам контейнер алаңы жұмыс істеп тұр және 15 мыңнан астам контейнер бар. Пластик және алюминий ыдыстарды қабылдауға арналған фандоматтар желісін, макулатура, полимерлік материалдарды және өзге де қайталама шикізат түрлерін қабылдау пункттерін, сондай-ақ текстиль қалдықтарын қабылдау пункттерін қоса алғанда, қалдықтарды бөлек жинау және қайталама ресурстарды шаруашылық айналымға тарту инфрақұрылымы дамып келеді.
2025 жылы коммуналдық қалдықтардың нақты түзілу көлемі шамамен 381 мың тоннаны құрады. Халық санының өсуіне байланысты қалдықтардың түзілу көлемі 2030 жылы 849 мың тоннаға дейін және 2035 жылы 983 мың тоннаға дейін ұлғаяды деп болжануда.
Коммуналдық қалдықтарды орналастыру үшін жұмыс істеп тұрған жалғыз объект – Алаш тас жолы ауданында орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі – ТҚҚ) полигоны. Полигонның қазіргі картасының қуатының сарқылуына байланысты ауданы 17,6 га және сыйымдылығы 2 млн тоннадан асатын үшінші картаны салу көзделуде. 2030 жылдан кейін Ақмола облысының Целиноград ауданы аумағында коммуналдық қалдықтарға арналған жаңа полигон салу жоспарлануда.
Қала аумағында түзілетін барлық қалдықтар қайталама материалдық ресурстарды бөліп алу арқылы сұрыптау жүргізілетін қоқыс өңдеу кешеніне жіберіледі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша коммуналдық қалдықтарды сұрыптау деңгейі олардың жалпы түзілу көлемінің шамамен 23 %-ын құрады. Сұрыптау нәтижесінде бөліп алынбайтын және қайта өңдеуге жарамсыз қалдық фракциялары ТҚҚ полигонына көму үшін жіберіледі. Қалдықтарды басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында Бас жоспарда қоқыс өңдеу кешенін жаңғыртып, қуатын жылына 450 мың тоннаға дейін ұлғайту және қалдық сұрыптаудың заманауи технологияларын ендіру көзделген.
Қалдықтарды басқарудың кешенді жүйесін дамыту мақсатында қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту, цифрлық мониторингті енгізу, кәдеге жарату және қайталама ресурстарды шаруашылық айналымға тарту үлесін арттыру, сондай-ақ қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу объектілерін, макулатурадан санитариялық-гигиеналық өнімдер шығаратын зауытты және қуаты жылына 550 мың тоннаға дейінгі коммуналдық қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауытын салуды қамтитын инвестициялық жобаларды іске асыру көзделген.
Көзделген іс-шараларды іске асыру коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жарату деңгейін арттыруға, оларды көму көлемін қысқартуға және қалдықтарды басқарудың экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жүйесінің одан әрі дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
8 8-тарау. Стратегиялық экологиялық бағалау
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің талаптарына сәйкес Астана қаласының бас жоспарын түзету шеңберінде стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ) жүргізілді, оның барысында 2035 жылға дейін жобалық шешімдерді іске асырудың ықтимал экологиялық салдары қарастырылды.
Атмосфералық ауа. Қаланың атмосфералық ауасының сапасы жоғары антропогендік жүктеме деңгейімен сипатталуда. Негізгі ластану көздері – автомобиль көлігі, жылу-энергетикалық кешен, жылумен жабдықтаудың дербес көздері және коммуналдық-тұрмыстық сектор. Бас жоспарды іске асыру тұрғын үй секторы мен коммуналдық инфрақұрылымды одан әрі газдандыруды, ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жаңғыртуды, қоғамдық көлік пен Tarlan Astana жүйесін дамытуды, сондай-ақ көгалдандырылған аумақтарды кеңейтуді қарастырады. Аталған іс-шаралар ластағыш заттар шығарындыларын азайтуға және атмосфералық ауа сапасын жақсартуға бағытталған.
Су ресурстары. Қаланың негізгі сумен жабдықтау көздері – Астана су қоймасы, Қаныш Сәтпаев атындағы канал және Есіл өзені. Қаланың дамуымен бірге су тұтыну көлемі мен сарқынды сулар мөлшері артып келеді. Су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәуліктік өнімділігі 210 мың м³ ССС-4 салу, өнімділігі 35 мың м³/тәулік Нұра жерасты су көзін игеру, КТҚ-2, КТҚ-3 және жергілікті тазарту құрылысжайларын салу, сондай-ақ нөсер суын тазарту жүйесін дамыту көзделген. Бұған қоса су объектілерін санациялау қарастырылған, ол арналар мен су төбіндегі шөгінділерді тазартуды, жағалау маңындағы аумақтарды санитариялық тазартуды және су экожүйелерінің экологиялық жай-күйін қалпына келтіруді қамтиды. Қарабидайық жинақтағыш көлін тазартуға және Нұра-Есіл өзенаралық аумақтарына су жайылуының алдын алуға ерекше назар аударылады. Жерүсті су объектілері мен су қорғау аймақтары алып жатқан жерлерді қоса алғанда, су қоры жерлерінің ауданы 5,41 мың га құрайды.
Шу әсері. Негізгі шу көзі – автомобиль көлігі, теміржол инфрақұрылымы және Астана халықаралық әуежайы. Екінші ұшып көтерілу-қону жолағының пайдалануға берілуі және көлік желісінің дамуы шу әсеріне ұшырайтын аумақтардың ауданының ұлғаюына алып келуі мүмкін. Бас жоспарда тұрғын үй мен қоғамдық құрылыстарды орналастыру кезінде шуға қатысты шектеулерді ескеру, қоғамдық көлікті дамыту, шудан қорғау шараларын қолдану және акустикалық жағдайды жүйелі мониторингтеу көзделеді.
Биоалуантүрлілік. Қаланың табиғи тұрғыдан ең құнды аумақтары – Есіл өзенінің жайылмасы, Талдыкөл және Майбалық көл жүйелері, сулы-батпақты алқаптар және Астананың «жасыл белдеуі». Бас жоспарда Кіші Талдыкөл көлдерінің № 5, № 7 және № 9 учаскелерін сақтап қалу, қаланың экологиялық қаңқасын дамыту, көгалдандырылған аумақтарды кеңейту және табиғи аумақтар құрылыс салу үшін берілген жағдайда өтемдік іс-шараларды жүргізу көзделген.
Топырақ және жер ресурстары. Негізгі экологиялық тәуекелдер – жерлерді құрылыс салу үшін алып қою, топырақтың жергілікті ластануы, жекелеген учаскелерді су басу және урбанизация жағдайындағы топырақ қыртысының деградациясы. Бас жоспарда бүлінген жерлерді рекультивациялау, көгалдандыру жүйесін дамыту, аумақтарға су жайылуын болғызбау және қалдықтармен жұмыс істеу объектілерінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар көзделген.
Климаттың өзгеруі. Қаланың дамуы климаттың өзгеруіне бейімделу және парниктік газдар шығарындыларын азайту қажеттігі ескеріле отырып жүзеге асырылады. Негізгі бағыттар: газдандыру, энергетикалық тиімділікті арттыру, Tarlan Astana-ны қоса алғанда, қоғамдық көлікті дамыту, Астананың «жасыл белдеуін» кеңейту, сулы-батпақты алқаптарды сақтап қалу және жаңбыр мен еріген қар суын басқару жүйесін жетілдіру.
Жүргізілген стратегиялық экологиялық бағалау көзделген табиғат қорғау іс-шаралары орындалған жағдайда Астана қаласының бас жоспарын іске асыру қолайсыз экологиялық салдарларға алып келмейтінін және тұрақты дамудың мақсаттарына қол жеткізуді, қалалық ортаның сапасы мен халықтың экологиялық қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз ететінін көрсетті.
Астана қаласының бас жоспарының
негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері
Р/с №
Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
Қазіргі жай-күйі
Бірінші кезең
2030 жыл
Есепті мерзім 2035 жыл
1
2
3
4
5
6
1
Аумағы
1.1.
Қала, кент және ауылдық елді мекен шегіндегі елді мекен жерлерінің ауданы, барлығы
мың га
79,73
79,73
79,73
соның ішінде:
1.1.1.
тұрғын үй және қоғамдық құрылыс
мың га
8,25
9,52
12,8
соның ішінде:
1.1.1.1
үй (пәтер) жанында жер учаскесі бар меншікжайлы және бөліктелген құрылыс
мың га
2,77
2,06
2,24
1.1.1.2
аз қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер құрылысы
мың га
0,07
0,01
0,14
1.1.1.3
көп қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер құрылысы
мың га
2,77
3,73
4,95
1.1.1.4
қоғамдық құрылыс
мың га
2,64
3,63
5,47
1.1.2.
өнеркәсіптік және коммуналдық- қойма құрылысы
мың га
3,88
4,74
7,2
соның ішінде:
мың га
1.1.2.1
өнеркәсіптік құрылыс
мың га
3,50
3,84
4,24
1.1.2.2
коммуналдық құрылыс
мың га
096
0,280
1,63
1.1.2.3
қойма құрылысы
мың га
0,28
0,62
1,33
1.1.3.
көлік, байланыс, инженерлік коммуникация, оның ішінде:
мың га
1,33
1,45
2,34
соның ішінде:
1.1.3.1
сыртқы көлік (теміржол, автомобиль, өзен, теңіз, әуе және құбыржол)
мың га
0,77
0,92
1,54
1.1.3.2
магистральдық инженерлік желілер мен құрылысжайлар
мың га
0,56
0,53
0,8
1.1.3.3
байланыс құрылысжайлары
мың га
1.1.4.
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
мың га
15,9555
26,1925
28,7325
соның ішінде:
1.1.4.1
қорықтар
–\\–
–
–
–
1.1.4.2
қаумалдар
–\\–
–
–
–
1.1.4.3
табиғат ескерткіштері
–\\–
–
–
–
1.1.4.4
ормандар мен тоғайлар
мың га
15,913
26,15
28,69
1.1.5.
су айдындары мен акваторийлер
мың га
3,91
3,52
3,52
соның ішінде:
1.1.5.1
өзендер, табиғи және жасанды су айдындары
мың га
3,86
3,47
3,47
1.1.5.2
су қорғау аймақтары
мың га
1,5
1,56
1,56
1.1.5.3
гидротехникалық құрылысжайлар
мың га
0,05
0,05
0,05
1.1.5.4
су шаруашылығы құрылысжайлары
–\\–
–
–
–
1.1.6.
ауыл шаруашылығында пайдаланылатын
мың га
0,982
0,983
1,018
соның ішінде:
1.1.6.1
егістік жерлер
–\\–
–
–
–
1.1.6.2
бақтар мен жүзімдіктер (саяжайлар)
мың га
0,973
0,973
0,973
1.1.6.3
шабындықтар, жайылымдар
мың га
1.1.6.4
жылыжайлар, гүл шаруашылығы және көшеттіктер
мың га
0,009
0,01
0,045
1.1.7.
жалпы пайдаланымдағы
мың га
19,41
19,96
22,05
соның ішінде:
1.1.7.1
көшелер, жолдар, өтпежолдар
мың га
2,72
4,41
8,77
1.1.7.2
су айдындары, жағажайлар, жағалаулар
–\\–
1.1.7.3
саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар
мың га
0,89
2,13
5,4
1.1.7.4
жалпы пайдаланымдағы басқа аумақтық объектілер
мың га
15,8
13,42
7,88
1.1.8.
резервтік
мың га
28,43
13,41
2,12
соның ішінде:
1.1.8.1
селитебті аумақтарды дамыту үшін
мың га
14,81
6,79
2,12
1.1.8.2
өнеркәсіп-өндірістік және коммуналдық аумақтарды дамыту үшін
мың га
3,73
3,37
0
1.1.8.3
рекреациялық және басқа аймақтарды ұйымдастыру үшін
мың га
9,89
3,25
–
2.
Халық
2.1.
Бағынысты елді мекендерді ескергенде халық саны, барлығы
мың адам
1 528,7
1 965,5
2 275,0
соның ішінде:
2.1.1
қаланың өзі (кент, ауылдық елді мекен)
мың адам
1 528,7
1 965,5
2 275
2.1.2
басқа елді мекендер
–\\–
–
–
–
2.2.
Халықтың табиғи қозғалысының көрсеткіштері
2.2.1
өсім
мың адам
37,4
47,3,
57,4
2.2.2
кему
мың адам
6,1
6,9
8,0
2.3.
Халықтың көші-қон көрсеткіштері
мың адам
2.3.1
өсім
мың адам
119
153
187
2.3.2
кему
мың адам
85
120,5
163,1
2.4.
Халық тығыздығы
2.4.1
селитебті аумақ шегінде
адам/га
59
64
37
2.4.2
қалалық, кенттік және ауылдық құрылыс аумағының шегінде
адам/га
19
25
29
2.5.
Халықтың жас құрылымы:
2.5.1.
Еңбекке қабілетті жастан кіші –
0-15 жас
мың адам/%
464,4/30,4
565,8/28,8
694,4/30,5
2.5.2
еңбекке қабілетті жастағы халық (ерлер 16-62 жас, әйелдер 16-57 жас)
мың адам/%
929,6/
60,8
1201,2/
61,1
1 353,1/
59,5
2.5.3
еңбекке қабілетті жастан асқан халық
мың адам/%
134,7/
8,8
198,5/
10,1
227,5/
10,0
2.6.
Еңбек ресурстары, барлығы
мың адам
909,5
1201,2
1353,1
соның ішінде:
2.6.1.
экономикалық белсенді халық, барлығы
мың адам/%
716/46.9
1 022/52
1237/54.4
соның ішінде:
2.6.1.1
экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар
мың адам/%
685,1/95,6
976,1/95,5
1 180,6/95,4
1)
қала түзуші топта
мың адам/%
301/43,9
419,7/43
504,1/42,7
олардың ішінде өздігінен жұмыспен қамтылғандар
мың адам/%
46,4/6,8
58,7/6
59,8/5,1
2)
қызмет көрсетуші топта
мың адам/%
384,1/56,1
556,4/57
676,5/57,3
олардың ішінде өздігінен жұмыспен қамтылғандар
мың адам/%
59,3/8,6
77,9/8
80,6/6,8
2.6.1.2
жұмыссыздар
мың адам/%
31,4/4,4
45,99/2,6
56,9/4,6
2.6.2.
экономикалық белсенді емес халық
мың адам/%
193,5/12,7
179,2/9,1
116,1/5,1
соның ішінде:
2.6.2.1
өндірістен қол үзіп оқитын еңбекке қабілетті жастағы оқушылар
–\\–
–
–
–
2.6.2.2
экономикалық қызметпен айналыспайтын еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті халық
–\\–
–
–
–
3
Тұрғын үй құрылысы
3.1.
Тұрғын үй қоры, барлығы
жалпы ауданы мың м2 / %/ бірлік үй (пәтер)
36 685/
100/
30 273
51 466/100/–
68 284/100/–
3.2.
Ортақ қордан:
–\\–
3.2.1
көп пәтерлі үйлерде
жалпы ауданы мың м2 / %
32 052/
87,3/5 734
46 541/90,2/–
63 606/ 92,2/–
3.2.2
меншікжай түріндегі үйлерде
жалпы ауданы мың м2 / %
4 633/12,7/
24 539
4 925/9,8/–
4 678/7,8/–
3.3.
70 %-дан астам тозған тұрғын үй қоры, барлығы
жалпы ауданы мың м2
201
–
–
оның ішінде
3.3.1
мемлекеттік қор
–\\–
–
–
–
3.4.
Сақталатын тұрғын үй қоры, барлығы
жалпы ауданы мың м2
–
36 201
50 237
3.5.
Тұрғын үй қорын қабат саны бойынша бөлу:
жалпы ауданы мың м2
36 685
51 466
68 284
соның ішінде:
3.6.1.
Аз қабатты
жалпы ауданы
мың м2
5 036
5 247
5 116
олардың ішінде салынып жатқан:
3.6.1.1
үй (пәтер) жанында жер учаскесі бар меншікжай (коттедж) түрінде
жалпы ауданы мың м2
4633
4 925
4 678
3.6.1.2
пәтер жанында жер учаскесі бар бөліктелген
–\\–
–
–
–
3.6.1.3
жер учаскесі жоқ
1-3 қабатты
жалпы ауданы мың м2
404
322
439
3.6.2.
орташа қабатты
(4-5 қабатты) көп пәтерлі
жалпы ауданы мың м2
4 116
5 127
6 833
3.6.3.
көп қабатты көп пәтерлі
жалпы ауданы мың м2
27 532
41 092
56 334
3.7.
Тұрғын үй қорының кемуі, барлығы
жалпы ауданы
мың м2
–
484
1713
оның ішінде:
3.7.1.
техникалық
жай-күйі бойынша
жалпы ауданы мың м2
–
127,94
127,94
3.7.2.
реконструкциялау бойынша
жалпы ауданы мың м2
–
356,06
1 585,06
3.7.3.
басқа себептермен (үй-жайларды қайта жабдықтау)
–\\–
–
–
–
3.7.4.
төмендегілерге қатысты тұрғын үй қорының кемуі:
–
–
–
3.7.4.1
қолданыстағы тұрғын үй қорына
%
–
1,3
4,7
3.7.4.2
жаңа құрылысқа
%
–
3,2
5,4
3.8.
Жаңа тұрғын үй құрылысы, барлығы, соның ішінде төмендегілердің есебінен:
жалпы ауданы мың шаршы метр
–
15 265
33 311
3.9.
Қабат саны бойынша жаңа тұрғын үй құрылысының құрылымы
жалпы ауданы мың шаршы метр
–
15 265
33 311
оның ішінде:
3.9.1
аз қабатты
жалпы ауданы мың шаршы метр
–
608
1 644
соның ішінде:
3.9.1.1
үй (пәтер) жанында жер учаскесі бар меншікжай (коттедж) түрінде
жалпы ауданы мың шаршы метр
–
568
1369
3.9.1.2
пәтер жанында жер учаскесі бар бөліктелген
–\\–
3.9.1.3
жер учаскесі жоқ
1-3 қабатты
жалпы ауданы мың шаршы метр
–
40
275
3.9.2.
орташа қабатты
(4-5 қабатты) көп пәтерлі
жалпы ауданы мың шаршы метр
–
1 097
2 865
3.9.3.
көп қабатты көп пәтерлі
жалпы ауданы мың шаршы метр
–
13 560
28 802
3.10.
Жаңа тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінен төмендегілерге орналастырылады:
3.10.1.
бос аумақтарда
жалпы ауданы мың шаршы метр
–
–
–
3.10.2
қолданыстағы құрылысты реконструкциялау есебінен
жалпы ауданы мың шаршы метр
–
–
–
3.11.
Жаңа тұрғын үй қорының жалпы ауданының жылына орта есеппен енгізілуі
мың
шаршы м
–
3 053
3 609
3.12.
Тұрғын үй қорының қамтамасыз етілуі:
% жалпы тұрғын үй қоры
3.12.1
су құбырымен
% жалпы тұрғын үй қоры
99,5
100
100
3.12.2
кәрізбен
% жалпы тұрғын үй қоры
97,6
100
100
3.12.3
электр плиталармен
% жалпы тұрғын үй қоры
72,3
100
100
3.12.4
газ плиталармен
% жалпы тұрғын үй қоры
96,0
100
100
3.12.5
жылумен
% жалпы тұрғын үй қоры
88,5
100
100
3.12.6
ыстық сумен
% жалпы тұрғын үй қоры
88,6
100
100
3.13.
Халықтың пәтерлердің жалпы ауданымен орташа қамтамасыз етілуі
м2/адам
24
26,2
30
4
Әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері
4.1.
Мектепке дейінгі балалар мекемелері, барлығы
орын
70 548
148 200
229 742
4.1.1
қамтамасыз етілу деңгейі
%
64
100
100
4.1.2
1000 тұрғынға шаққанда
орын
46
92
101
4.1.3
жаңа құрылыс
орын
–
77 852
159 194
4.2.
Жалпы білім беретін мекемелер, барлығы
орын
167 430
349 853
423 600
4.2.1
қамтамасыз етілу деңгейі
%
63
100
100
4.2.2
1000 адамға шаққанда
орын
110
178
186
4.2.3
жаңа құрылыс
орын
–
182 423
256 170
4.3.
Ауруханалар, барлығы/1000 адамға
төсек
5 547/3.6
7 547/3.8
12 047/5.3
4.4.
Емханалар, барлығы/1000 адамға
ауысымдағы келушілер
9 332/
6.1
41 864/
21.3
48 458/
21.3
4.5.
Әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері (интернат үйлері), барлығы/1000 адамға
орын
560/0.37
7 016/3,6
8 122/3,6
4.6.
Ұзақ демалу мекемелері, (демалыс үйлері, пансионаттар және т. б.) барлығы/1000 адамға
–\\–
–
–
–
4.7.
Дене шынықтыру- спорт құрылысжайлары/
1000 адамға
га
219,4/014
1376/0,7
1593/07
4.8.
Ойын-сауық-мәдени мекемелер (театрлар, клубтар, кинотеатрлар, музейлер, көрме залдары және т. б.), барлығы/1000 адамға
орын
93 347/
61
145 065/
74
156 519/
69
4.9.
Сауда кәсіпорындары барлығы/1000 адамға
сауда ауданы м2
1 455 640/ 952
1 577 944/
802
1 664 604/
732
4.10.
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, барлығы/1000 адамға
отыратын орын
111 682/73
147 074/75
159 454 /71
4.11.
Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, барлығы/1000 адамға
жұмыс орны
17 920/12
17 682/9
20 475/7
4.12.
Өрт сөндіру депосы
автомобиль/бекет саны
202/13
236/30/
266/35
4.13.
Халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудің өзге де объектілері
тиісті бірліктер
–
–
–
5
Көлікпен қамтамасыз ету
5.1.
Қоғамдық жолаушылар көлігі желісінің ұзындығы, барлығы
км
487,4
602,2
892,4
соның ішінде:
5.1.1.
электрлендірілген теміржол
қосарлы
жол км
14,4
14,4
14,4
5.1.2.
метрополитен
қосарлы
жол км
–
21,8
30,8
5.1.3.
трамвай
қосарлы
жол км
–
–
52,7
5.1.4.
троллейбус
қосарлы
жол км
–
–
–
5.1.5.
автобус
қосарлы
жол км
467,0
560,0
775,0
5.1.6.
кеме көлігі
қосарлы
жол км
6,0
6,0
19,5
5.2.
Магистральды көшелер мен жолдардың ұзындығы, барлығы
км
1112,7
1509,2
2266,9
соның ішінде:
5.2.1.
жүрдек және қозғалысы реттелетін жолдар
км
162,3
162,3
118,7
5.2.2.
жалпы қалалық маңызы бар магистральдар
км
163,4
266,7
375,4
5.2.3.
аудандық маңызы бар магистральдар
км
202,3
277,6
464,2
5.2.4.
тұрғын көшелер
км
584,7
802,6
1343,4
5.2.5.
кенттегі жолдар
–\\–
–
–
–
5.2.6.
өнеркәсіптік жолдар
–\\–
–
–
–
5.3.
сыртқы көлік
соның ішінде:
5.3.1
теміржол,
соның ішінде:
жолаушы
жылына мың жолаушы
3300
3300
500
жүк
жылына мың тонна
10000
10000
18000
5.3.2.
әуе,
соның ішінде:
жолаушы
жылына мың жолаушы
8315
6800
12000
жүк
жылына мың тонна
12461
20500
30000
5.3.3.
автомобиль,
соның ішінде:
жолаушы (бұқаралық көлік)
жылына мың жолаушы
8000
8000
10000
жүк
жылына мың тонна
қол жетімді емес
қол жетімді емес
қол жетімді емес
5.3.4.
өзен
соның ішінде:
жолаушы
жылына мың жолаушы
–
–
–
жүктер
жылына мың тонна
–
–
–
5.3.5.
теңіз
соның ішінде:
жолаушы
жылына мың жолаушы
–
–
–
жүк
жылына
мың тонна
–
–
–
5.3.6.
құбыржол
жылына
мың м3
5.4.
Көше-жол желісінің тығыздығы
5.4.1.
қала; кент құрылысы шегінде
км/км2
3,8
4,4
5,7
5.4.2.
қала маңы аймағының шекарасы шегінде
–\\–
–
–
–
6
Инженерлік жабдықтар
6.1
Сумен жабдықтау:
6.1.1
жиынтық тұтыну, барлығы
тәулігіне
мың м3
268,5
532,76
607,56
соның ішінде:
6.1.1.1
шаруашылық-ауызсу мұқтажына
–\\–
233,82
462,76
526,16
6.1.1.2
өндіріс мұқтажына
тәулігіне
мың м3
36,44
70
81,4
6.1.2.
басты су құбыры құрылысжайларының қуаты
тәулігіне
мың м3
410
656
691
6.1.3.
пайдаланылатын сумен жабдықтау көздері:
жылына
млн м3
136,5
194,46
221,76
6.1.3.1
жерасты су жинағыштары
жылына
млн м3
–
13,14
13,14
6.1.3.2
жерүсті көздерден су жинау
жылына
млн м3
98,8
181,32
208,62
6.1.3.3
орталықтандырылмаған су көздері
–\\–
–
–
–
6.1.4.
ҚМК-ның жерасты суларының бекітілген қорлары
тәулігіне
мың м3
–
48,0
48,0
(бекітілген күні, есепті мерзім)
16.10.2010 ж. ҚР ГКЗ № 260 – 03 – У
6.1.5.
тәулігіне 1 адамға шаққанда орташа су тұтыну
литр/тәулік
176,2
266,4
267,06
соның ішінде:
6.1.5.1
шаруашылық-ауызсу мұқтажына
л/тәулік
119,9
231,26
231,26
6.1.6.
суды қайтадан пайдалану
%
–
–
–
6.1.7.
желілердің ұзындығы
км
1776,7
1855,8
1959,6
6.2.
Кәріз:
6.2.1.
сарқынды сулардың жалпы түсімі, барлығы
тәулігіне
мың м3
218,58
404,76
459,73
соның ішінде:
6.2.1.1
тұрмыстық кәріз
тәулігіне
мың м3
218,58
404,76
459,73
6.2.1.2
өндірістік кәріз
–\\–
–
–
–
6.2.2.
кәріздік тазарту құрылысжайларының өнімділігі
тәулігіне
мың м3
254
542
602
6.2.3.
желілердің ұзындығы
км
1238,3
1327,6
1362,1
6.3.
электрмен жабдықтау:
6.3.1
электр энергиясын жиынтық тұтыну
кВт.
сағ/жыл
2610,17х
106
3475,04х106
4629,44х
106
соның ішінде:
6.3.1.1
коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа
кВт.
1854,87х
106
2446,67х
106
3227,84х
106
6.3.1.2
өндіріс мұқтажына
сағ/жыл
370,97х
106
489,33х106
645,57х106
6.3.2.
1 адамға шаққанда жылына орта есеппен электр тұтыну
кВт. сағ
2889
3969
4544
6.3.2.1
соның ішінде коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа
–\\–
–
–
–
6.3.3.
жүктемелерді жабу көздері,
млн кВт
904
1772
2563
6.3.3.1
соның ішінде: ЖЭО, МАЭС
млн кВт
579
819
819
6.3.3.2
су электр станциясы
–\\–
–
–
–
6.3.3.3
біріккен энергия желісі
млн кВт
– 325
– 953
– 1744
6.3.4.
желілердің ұзындығы
км
634,53
853,03
936,83
6.4.
Жылумен жабдықтау
6.4.1
орталықтандырылған көздердің қуаты, барлығы
МВт
4570,8
5757
7649
6.4.1.1
соның ішінде: ЖЭО
МВт
4522
5602
6898,8
6.4.1.2
аудандық қазандықтар
МВт
48,8
155,2
750,14
6.4.1.3
орамдық қазандықтар
–\\–
–
–
–
6.4.1.4
жергілікті көздердің жиынтық қуаты
–\\–
–
–
–
6.4.2.
жылыту үшін тұтыну, барлығы
МВт
3740
4773
6342
6.4.2.1
соның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа
МВт
3534
4687,7
6250
6.4.2.2
өндіріс мұқтажына
МВт
205,9
85,7
92,0
6.4.3.
ыстық сумен жабдықтауды тұтыну, барлығы
МВт
824,4
1030
73,2
6.4.3.1
соның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа
МВт
790,2
1025,8
728,0
6.4.3.2
өндіріс мұқтажына
МВт
34,0
4,3
6,0
6.4.3.
жергілікті жылумен жабдықтау көздерінің өнімділігі
МВт
792,56
948
1936
6.4.4.
желілердің ұзындығы
км
1047
1060
1184
6.5.
Газбен жабдықтау
6.5.1.
табиғи газды тұтыну, барлығы
жылына
млн м3
1 089,6
3 446,3
5 209,18
6.5.1.1
соның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа
жылына
млн м3
81,766
252,169
1106,2
6.5.1.2
өндіріс мұқтажына
жылына
млн м3
15,132
1 087,7
1 159,0
6.5.2.
сұйытылған газды пайдалану, барлығы
тонна/жыл
–
–
–
6.5.2.1
соның ішінде: коммуналдық- тұрмыстық мұқтаждыққа
–\\–
–
–
–
6.5.2.2
өндіріс мұқтажына
–\\–
–
–
–
6.5.3.
табиғи газ беру көздері
жылына
млн м3
460
930
1170
6.5.4.
қаланың, басқа елді мекеннің отын теңгеріміндегі газдың үлес салмағы
%
–
–
–
6.5.5.
желілердің ұзындығы
км
815
1365
1425
6.6.
Байланыс
6.6.1.
халықты телевизиялық хабар таратумен қамту
% халық саны
100
100
100
6.6.2.
халықтың ортақ пайдаланымдағы телефон желісімен қамтамасыз етілуі
100 отбасына арналған нөмірлер
70,5
72
73,9
7
Аумақты инженерлік дайындау
7.1.
Нөсер кәрізінің жалпы ұзындығы
км
720,4
764,4
1 140,7
7.2.
Аумақты су басудан қорғау:
7.2.1.
ауданы
га
25 358
25 358
7.2.2.
қорғаныш
құрылысжайларының ұзындығы
км
31,1
33
64,1
7.3.
Шайылу мен құм үю, барлығы көлемі мен ауданы
млн м3, га
–
–
–
7.4.
Жағалауды нығайту
км
26
16
34
7.5.
Жерасты сулары деңгейінің төмендеуі
га
100
19 679
15 000
7.6.
Аумақты инженерлік дайындау бойынша басқа да арнайы шаралар
тиісті бірліктер
–
8
Халыққа салт-жоралғылық қызмет көрсету
8.1.
Зираттардың жалпы саны
га
667.5
85.2
380.6
8.2.
Крематорийлердің жалпы саны
бірліктер
–
–
–
9
Қоршаған ортаны қорғау
9.1.
Атмосфералық ауаға зиянды заттар шығарындыларының көлемі
жылына
мың т
172, 221
189.622
197.036
9.2.
Ластанған суларды ағызудың жалпы көлемі
жылына
млн м
–
–
–
9.3.
Бүлінген аумақтарды рекультивациялау
га
–
136.6
17.5749
9.4.
Шу деңгейі 65 Дб. жоғары аумақтар Шудың орташа деңгейі (тәуліктің күндізгі уақыты)
–\\–
120
240
240
9.5.
Экологиялық тұрғыдан қолайсыз аумақтар (химиялық және биологиялық заттармен, зиянды микроорганизмдермен рұқсат етілген шекті концентрациядан жоғары ластанған аумақтар, радиоактивті заттар, рұқсат етілген шекті деңгейден жоғары мөлшерде)
–\\–
–
–
–
9.6.
Санитариялық-қорғау аймақтарында тұратын халық
%
12,8
1.7
2,1
9.7.
Санитариялық-қорғау және су қорғау аймақтарын көгалдандыру
–\\–
–
–
–
9.8.
Топырақ пен жер қойнауын қорғау
–\\–
9.9.
Аумақтарды санитариялық тазарту
–\\–
78.8
312.5
786.0
9.9.1.
тұрмыстық қалдықтардың көлемі
мың тонна/жыл
381,09
848,88
982,8
соның ішінде қалдықтарды саралап жинау
%
23
30
35
9.9.2.
қоқыс өңдеу зауыттары
жылына бірлік/мың тонна
1/250
1/450
1/450
9.9.3.
қоқыс өртеу зауыттары
жылына бірлік/мың тонна
–
1/550
1/550
9.9.4.
қоқыс тиеу станциялары
–//–
–
–
–
9.9.5.
жетілдірілген полигондар (полигондар)
бірлік/га
1/12
1/17.5749
1/100
9.9.6.
полигондардың жалпы ауданы
га
328/113,6
–
–
9.9.7.
соның ішінде бейберекет
га
328/113,6
0
0
10
Бас жоспардың 2030 жылға дейінгі бірінші кезектегі жобалық шешімдерін іске асыру бойынша барлық меншік нысанындағы инвестициялардың болжамды көлемі, барлығы
млн теңге
9 496 829,13
_______________________________
__________________