О снятии ограничительных мероприятии и признании утратившим силу решения акима села Бауманское от 25 сентября 2024 года № 5 «Об установлении ограничительных мероприятий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятии и признании утратившим силу решения акима села Бауманское от 25 сентября 2024 года № 5 «Об установлении ограничительных мероприятий»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және Бауман ауылы әкімінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 5 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 02.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 02.12.2024 203451_733004.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24NS00010B
- ЭКБ идентификаторы
- 203451
- Редакция идентификаторы
- 203451_733004
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:14
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және Бауман ауылы әкімінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 5 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министірлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2024 жылғы 22 қарашадағы № 265 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1 1. Ірі қара малдың құтыру ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуге байланысты Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Бауман ауылы аумағында шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2 2. Бауман ауылы әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 5 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Бауман ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2 2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
«Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылығы Министірлігі
ветеринарлық бақылау және қадағалау
Комитетінің Ұзынкөл аудандық
аумақтық инспекциясы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________ А. Алимбаева
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министірлігі санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Қостанай облысының
санитарлық-эпидимеологиялық бақылау
департементінің Ұзынкөл аудандық
санитарлық-эпидимеологиялық бақылау
басқармасы» республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________________ Б. Ахметвалеев