Об утверждении Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение о создании Совета по культурному сотрудничеству государств-участников Содружества Независимых Государств от 26 мая 1995 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение о создании Совета по культурному сотрудничеству государств-участников Содружества Независимых Государств от 26 мая 1995 года
- Атауы (қаз.)
- 1995 жылғы 26 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мәдени ынтымақтастық жөнiндегi кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 798
- Қабылданған күні
- 06.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 06.08.2013 AI73866_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000798
- ЭКБ идентификаторы
- 73866
- Редакция идентификаторы
- AI73866_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:33
0 1995 жылғы 26 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мәдени ынтымақтастық жөнiндегi кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған 1995 жылғы 26 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мәдени ынтымақтастық жөнiндегi кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 1995 жылғы 26 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мәдени ынтымақтастық жөнiндегi кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 6 тамыздағы
№ 798 қаулысымен
бекітілген
1995 жылғы 26 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мәдени ынтымақтастық жөнiндегi кеңесін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 1995 жылғы 26 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мәдени ынтымақтастық жөнiндегi кеңесін құру туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,
төмендегілер туралы келісті:
1 1-бап
Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мәдени ынтымақтастық жөнiндегi кеңесі туралы ереженің жаңа редакциясы (қоса беріліп отыр) бекітілсін.
2 2-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы соңғы хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
3 3-бап
Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін депозитарийге қосылу туралы құжат тапсыру жолымен ТМД-ға қатысушы кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық.
Қосылатын мемлекет үшін Хаттама депозитарий қосылу туралы құжатты алған күннен бастап 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді.
2011 жылы 18 қарашада Санкт-Петербург қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа дана жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жолдайды.
Әзербайжан Республикасының
Үкіметі үшін
Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін
Армения Республикасының
Үкіметі үшін
Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының
Үкіметі үшін
Түрікменстан
Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Үкіметі
үшін
Украинаның
Үкіметі үшін
Молдова Республикасының
Үкіметі үшін
1 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мәдени ынтымақтастық жөнiндегi кеңесі туралы ереже
1995 жылғы 26 мамырдағы
Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығына қатысушы
мемлекеттердің Мәдени
ынтымақтастық жөнiндегi
кеңесін құру туралы Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығы Үкімет
басшылары кеңесінің келiсiмімен
БЕКІТІЛГЕН
(2011 жылы 18 қарашадағы редакцияда)
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мәдени ынтымақтастық жөнiндегi кеңесі туралы ереже
i I. Жалпы ережелер
1.1 1.1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мәдени ынтымақтастық жөнiндегi кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) ТМД-ның салалық ынтымақтастық органы болып табылады және өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы өзара іс-қимылды үйлестіруді қамтамасыз ету және мәселелерді шешу үшін құрылған.
1.2 1.2. Кеңес өз қызметінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Жарғысын, ТМД шеңберінде қабылданған шарттар мен шешімдерді және осы Ережені басшылыққа алады.
1.3 1.3. Кеңес ТМД Мемлекет басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі және Экономикалық кеңесі қабылдаған Кеңестің құзыретіне қатысты шешімдердің орындалуын ұйымдастыруға және үйлестіруге арналған.
1.4 1.4. Кеңсе ТМД-ның Атқарушы комитетімен, ТМД-ның басқа органдарымен, қажет болған жағдайда – басқа халықаралық ұйымдардың хатшылықтарымен, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
1.5 1.5. Кеңес өз қызметінде ТМД Үкімет басшыларының кеңесіне есеп береді.
1.6
1.6. Кеңестің жұмысы туралы есеп белгіленген тәртіппен ТМД-ның Үкімет басшылары кеңесінің, Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Экономикалық кеңесінің, Достастықтың жарғылық және басқа органдары жанындағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің, сондай-ақ ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның отырыстарында қаралады.
1.7 1.7. Кеңес жыл сайын ТМД-ның Атқарушы комитетіне өз қызметі туралы ақпарат ұсынады.
1.8 1.8. Кеңестің жұмыс тілі орыс тілі болып табылады.
ii II. Кеңестің функциялары
Кеңес өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды орындайды:
2.1 2.1. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мәдени ынтымақтастығы мәселелерін қарау.
2.2
2.2. ТМД шеңберінде мәдени байланысты жүзеге асыратын мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өзара іс-қимылын қоса алғанда мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытудың мүмкіндіктерін зерделеу, ТМД шеңберіндегі мәдениет саласындағы үдерістер мен үрдістердің ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мүдделілігімен сәйкестігін зерделеу.
2.3 2.3. Көпжақты халықаралық шарттардың, кешенді бағдарламалар мен Кеңестің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша басқа құжаттардың жобаларын әзірлеу, мәдениет саласындағы бірлескен іс-шаралар өткізу.
2.4 2.4. Мәдениет саласындағы келісілген іс-қимылдар әзірлеуде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдениет саласындағы мемлекеттік билік органдарына, қоғамдық ұйымдарына жәрдемдесу.
iii III. Кеңестің құқықтары
Кеңестің мынадай құқықтары бар:
3.1 3.1. ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде және ТМД-ның салалық ынтымақтастық ұйымдарында белгіленген тәртіппен өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұрату.
3.2 3.2. ТМД-ның Мемлекет басшылары кеңесінің және Үкімет басшылары кеңесінің қарауына белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізу.
3.3 3.3. Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша құжаттардың жобаларын дайындау үшін тұрақты немесе уақытша жұмыс топтарын құру.
3.4 3.4. Өз құзыреті шегінде шешімдер мен ұсынымдар қабылдау.
3.5 3.5. Өз құзыретіне кіретін басқа да мәселелерді шешу.
iv IV. Кеңесті құру тәртібі
4.1 4.1. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдениет саласындағы мемлекеттік билік органдарының басшылары кеңестің мүшелері болып табылады.
Кеңестің отырысына Кеңес мүшелерін алмастыратын тұлғалар жіберілген жағдайда олардың өкілеттігі расталуы тиіс.
4.2 4.2. Кеңесте әрбір мемлекет бір дауысқа ие.
4.3 4.3. Кеңестің құрамына кеңесші дауыс құқығымен Кеңес хатшылығының жетекшісі, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілі кіреді.
4.4 4.4. Кеңестің отырысына кеңесші дауыс құқығымен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдениет және өнер қайраткерлерінің халықаралық және ұлттық қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатыса алады.
4.5 4.5. Кеңестің отырысына ТМД құрамына кірмейтін мемлекеттердің өкілдері қатыса алады.
Осы Ереженің 4.4 және 4.5-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға шақыруды Кеңестің төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша ТМД-ның Атқарушы комитеті жібереді.
v V. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
5.1 5.1. Кеңестің отырыстары жылына кемінде бір рет өткізіледі.
Кеңестің кезектен тыс отырысы егер оны Кеңес мүшелерінің көпшілігі қолдаса, Кеңестің кез келген мүшесінің ұсынысы бойынша өткізілуі мүмкін.
5.2 5.2. Кеңестің отырысы егер оған оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысса, заңды болып танылады.
5.3 5.3. Кеңестің кезекті отырысын өткізу Кеңес мүшелерінің уағдаласуы бойынша алдыңғы отырыста анықталады.
Кезекті отырыстың қалыптастырылған күн тәртібі Кеңес мүшелері енгізген өзге де мәселелермен толықтырылуы мүмкін.
5.4 5.4. Кеңестегі төрағалық ТМД-ға қатысушы әрбір мемлекеттің жауапты өкілі арқылы орыс әліпбиіндегі ретпен кезектесіп, әдетте, бір жыл ішінде жүзеге асырылады.
Кеңестің алдыңғы және кейінгі төрағалары оның тең төрағалары болып табылады. Кеңестің төрағасы уақытша болмаған жағдайда оның міндеттері тең төрағалардың біріне жүктеледі.
5.5
5.5. Кеңестің төрағасы Кеңестің жұмысына жалпы басшылық етеді, Кеңестің отырыстарын өткізеді, Кеңестің қызметіне байланысты мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен ТМД органдарында Кеңестің атынан өкілдік етеді, құжаттарға қол қояды және оларды Кеңестің атынан жолдайды, Кеңестің қызметін қамтамасыз етуге байланысты өзге де іс-қимылдар жасайды.
5.6 5.6. Кеңестің шешімдері оның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.
Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.
Кеңестің кез келген мүшесі қандайда бір мәселеде өзінің мүдделі еместігін мәлімдей алады, бұл шешім қабылдауға кедергі ретінде қаралуы тиіс емес. Шешіммен келіспейтін Кеңес мүшелері отырыстың хаттамасына енгізілетін ерекше пікір білдіре алады.
Кеңестің отырысы хаттамамен рәсімделеді, оған Кеңес қабылдаған шешімдер енгізіледі. Хаттамаға Кеңестің төрағасы қол қояды.
Кеңес қабылдаған құжаттарды есепке алу мен сақтауды ТМД-ның Атқарушы комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.