О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Договор между Республикой Казахстан и Кыргызской Республикой об оказании взаимной правовой помощи по гражданским и уголовным делам от 26 августа 1996 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Договор между Республикой Казахстан и Кыргызской Республикой об оказании взаимной правовой помощи по гражданским и уголовным делам от 26 августа 1996 года
- Атауы (қаз.)
- 1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық iстер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3-VIII
- Қабылданған күні
- 12.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 12.05.2023 181227_638716.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z2300000003
- ЭКБ идентификаторы
- 181227
- Редакция идентификаторы
- 181227_638716
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:06
0 1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық iстер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық iстер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2022 жылғы 26 мамырда Бішкекте жасалған хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса
тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні
ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық
Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми
куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық
Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және
сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер
министрлігінен алуға болады
1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы (бұдан әрі "Уағдаласушы Тараптар" деп аталады),
1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 43-бабын негізге ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1 1-бап
Шартқа мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 "4-бап Құқықтық көмек көрсету кезінде қатынастар жасау тәртібі
1. Шарттың 4-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап
Құқықтық көмек көрсету кезінде қатынастар жасау тәртібі
Азаматтық және қылмыстық істер бойынша кұқықтык көмек көрсету туралы өтініш жасаған кезде Уағдаласушы Тараптардың соттары және басқа да органдары мен мекемелері, егер осы Шартта өзгеше белгіленбеген болса, өздерінің құзыретті мекемелері арқылы бір-бірімен өзара қатынас жасайды.
Уағдаласушы Тараптар тағайындалған құзыретті мекемелер, олардың функциялары мен байланыс деректері туралы бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.".
2 2. Шарттың 22-бабы 2-тармағының екінші және үшінші абзацтарында "соттың (судьяның) қаулысы," деген сөзден кейін "сот бұйрығы," деген сөздермен толықтырылсын.
3 3. Шарттың 23-бабы 2-тармағының в) тармақшасы "сот бұйрығын тану және орындау туралы өтінішхатпен жүгіну жағдайларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
4 4. Шарттың 28-бабы алып тасталсын.
5 "40-бап Дау-дамайларды шешу
5. Шарттың 40-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"40-бап
Дау-дамайларды шешу
Уағдаласушы Тараптар осы Шарттың ережелерін түсіндіру немесе орындау мәселелері бойынша туындайтын дауларды осы Шарттың 4-бабында көрсетілген тиісті орталық органдар арасындағы консультациялар не дипломатиялық арналар арқылы шешеді.".
2 2-бап
Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Уағдаласушы Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама Шарттың қолданылуы тоқтатылуымен бір мезгілде өз қолданылуын тоқтатады.
2022 жылғы "26" мамырда Бішкек қаласында қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде әрқайсысы екі данада жасалды әрі барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады. Осы Шарттың ережелерін түсіндіруде келіспеушілік туындаған жағдайда Шарттасушы Жақтар орыс тіліндегі мәтінін басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін