Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министерства науки - Академии наук Республики Казахстан от 26 мая 1997 года № 118 "О государственных научных стипендиях 1997 года и порядке их выплаты"

Бұйрық · № 312 · қабылданған 19.05.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-1997-no-118-1997-ekb-24419/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министерства науки - Академии наук Республики Казахстан от 26 мая 1997 года № 118 "О государственных научных стипендиях 1997 года и порядке их выплаты" Күшін жойған Бұйрық ·№ 312 ·19.05.2005
15.10.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министерства науки - Академии наук Республики Казахстан от 26 мая 1997 года № 118 "О государственных научных стипендиях 1997 года и порядке их выплаты"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 312 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министерства науки - Академии наук Республики Казахстан от 26 мая 1997 года № 118 "О государственных научных стипендиях 1997 года и порядке их выплаты"
Атауы (қаз.)
"1997 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар және оларды төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының 1997 жылғы 26 мамырдағы N 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
312
Қабылданған күні
19.05.2005
Көрсетілген редакция
15.10.2012 AI24419_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.10.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003675_
ЭКБ идентификаторы
24419
Редакция идентификаторы
AI24419_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:43

0 "1997 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар және оларды төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының 1997 жылғы 26 мамырдағы N 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. "1997 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар және оларды төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының 1997 жылғы 26 мамырдағы N 118 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылым мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға және дарынды жас ғалымдарға мемлекеттік ғылыми стипендиялар төлеу тәртібі туралы Нұсқаулықта (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2171 тіркелген):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар стипендиаттарға белгіленген мерзімдерде карт-есепшотына немесе дербес есепшотына аудару жолымен төленеді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік ғылыми стипендияны төлеуді тиісті ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңестің ұсынымы негізінде стипендиаттың өткен жылғы жүргізілген жұмыстары туралы есебін тыңдап, бірінші жылы өткеннен кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тоқтатуы мүмкін.";
5-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
"кезекті" деген сөз "келесі" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Ғылым министрі - Ғылым академиясының президенті" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кезекті" деген сөз "келесі" деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "немесе жиырма бесінші" деген сөз алынып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды төлеуге қаражат аударуды тоқтату үшін басқа да себептер туындаған жағдайда (жұмыстан шығарылғанда, қайтыс болғанда және т.б.) мекеменің (ұйымның) басшысы екі апта мерзім ішінде бұл туралы жазбаша түрде стипендияны төлеуді тоқтататынын Білім және ғылым министрлігіне хабарлауға міндетті.";
9-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтағы "Ғылым академиясы" деген сөздер "Ұлттық ғылым академиясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік ғылыми стипендияларды стипендиаттарға төлеуге қаражат аударуды стипендиаттың есебінің нәтижесі бойынша ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңестің ұсынымдарын мекемелердің (ұйымдардың) ұсыныстарынан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жүзеге асырады.".

2 2. Ғылым департаменті (В.В.Могильный) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.Қ.Әбдімомыновқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы