Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министерства науки - Академии наук Республики Казахстан от 26 мая 1997 года № 118 "О государственных научных стипендиях 1997 года и порядке их выплаты"

Бұйрық · № 632 · қабылданған 21.09.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-1997-no-118-1997/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министерства науки - Академии наук Республики Казахстан от 26 мая 1997 года № 118 "О государственных научных стипендиях 1997 года и порядке их выплаты" Күшін жойған Бұйрық ·№ 632 ·21.09.2005
15.10.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министерства науки - Академии наук Республики Казахстан от 26 мая 1997 года № 118 "О государственных научных стипендиях 1997 года и порядке их выплаты"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 632 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министерства науки - Академии наук Республики Казахстан от 26 мая 1997 года № 118 "О государственных научных стипендиях 1997 года и порядке их выплаты"
Атауы (қаз.)
"1997 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар және оларды төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының 1997 жылғы 26 мамырдағы № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
632
Қабылданған күні
21.09.2005
Көрсетілген редакция
15.10.2012 AI25484_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.10.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003881_
ЭКБ идентификаторы
25484
Редакция идентификаторы
AI25484_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:22

0 "1997 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар және оларды төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының 1997 жылғы 26 мамырдағы № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "1997 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар және оларды төлеу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының 1997 жылғы 26 мамырдағы № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 354 тіркелген, өзгерістер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3675 тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы № 312 бұйрығымен енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылым мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар мен дарынды жас ғалымдарға мемлекеттік ғылыми стипендиялар төлеу тәртібі туралы нұсқаулықта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік ғылыми стипендияны төлеудің бірінші жылы өткеннен кейін мемлекеттік ғылыми стипендияларға кандидатураны ұсынған ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңес стипендиаттың өткен жылғы жүргізген жұмыстары туралы есебін тыңдайды және төлеу мерзімін ұзарту немесе оны төлеуді мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жібереді";
10-тармақтағы ", тәртіп бойынша," деген сөздер алынып тасталсын.

2 2. Ғылым департаменті (В.В. Могильный) заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі А.Қ.Әбдімомыновқа жүктелсін.

Қолданыстағы