О внесении дополнений и изменения в постановления Правительства Республики Казахстан от 26 августа 1998 года № 803 и от 23 февраля 2007 года № 138
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменения в постановления Правительства Республики Казахстан от 26 августа 1998 года № 803 и от 23 февраля 2007 года № 138
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 және 2007 жылғы 23 ақпандағы № 138 қаулыларына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 748
- Қабылданған күні
- 21.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 24.02.2014 AI55245_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1000000748
- ЭКБ идентификаторы
- 55245
- Редакция идентификаторы
- AI55245_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:44
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 және 2007 жылғы 23 ақпандағы № 138 қаулыларына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысында Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 29, 255-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің ережесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметі әскери қызметшілерінің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры есептейтін әскери қызметке алынғанға дейінгі еңбек қызметінің стажы";
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1500 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).