О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 августа 1999 года N 1251
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 августа 1999 года N 1251
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1251 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1207
- Қабылданған күні
- 14.11.2002
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2008 AI13545_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P020001207_
- ЭКБ идентификаторы
- 13545
- Редакция идентификаторы
- AI13545_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:43
0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1251 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2008 N 1349 (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Акциздердiң бюджетке толық түсуiн қамтамасыз eту және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерiнiң заңсыз өндiрiсi мен айналымын жою мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1 1. "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым маркаларымен таңбалаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1251 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 42, 386-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
кiрiспедегi "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегі Заңының 76-бабына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым маркаларымен таңбалаудың тәртiбiнде:
1-тармақ алынып тасталсын;
2-тармақтың екiншi абзацында "арақ, ликер-арақ бұйымдары, күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар мен бальзамдар, шараптар, коньяктар, шампан шараптары" деген сөздер "сыраны қоспағанда, спирттің барлық түрлерi мен алкоголь өнiмдерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Мыналарға акциздiк алым маркаларының:
алкоголь өнiмдерiне - жетi таңбалы баспаханалық нөмiрлеуi болады, түстерi бойынша ажыратылады және алты түрге бөлiнедi: спирт, арақ, күштi алкогольдi iшiмдiктер, әлсiз алкогольдi iшiмдiктер, шарап пен коньяк және пайдаланылатын сыйымдылығына (бұдан әрi - сыйымдылық) қарай: 0-0,24 литр, 0,25 литр, 0,26 литр және одан көп болып бөлiнедi;
темекi өнiмдерiне - екi таңбалы сериясы және марканы шығарған жылы болады.
Алкоголь өнiмдерiн таңбалау мынадай түрде жүзеге асырылады:
------------------------------------------------------------------
Марканың түрі ! Өнiмнiң атауы
------------------------------------------------------------------
спирт спирттің барлық түрлерi
арақ арақ және ерекше арақтар
күштi алкогольді сусындар күшейтiлген ликер-арақ бұйымдары
және этил спиртiнiң көлемдi үлесi
30 % және одан көп өзге күштi
алкогольді iшiмдіктер
әлсiз алкогольді сусындар шарап сусындары, әлсiз градусты
ликер-арақ бұйымдары және этил
спиртінiң көлемдi үлесi 30 %-тен
аз өзге әлсiз алкогольдi
iшiмдiктер
шарап шараптар, шампан
коньяк коньяк, бренди ".