Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 февраля 2000 года N 70 "О минимальном размере резервного капитала банков второго уровня"

Қаулы · № 256 · қабылданған 30.11.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2000-n-70/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 февраля 2000 года N 70 "О минимальном размере резервного капитала банков второго уровня" Күшін жойған Қаулы ·№ 256 ·30.11.2007
28.08.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 февраля 2000 года N 70 "О минимальном размере резервного капитала банков второго уровня"

Күшін жойған Қаулы ·№ 256 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 февраля 2000 года N 70 "О минимальном размере резервного капитала банков второго уровня"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 26 ақпандағы "Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері туралы" N 70 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
256
Қабылданған күні
30.11.2007
Көрсетілген редакция
28.08.2009 AI36691_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070005080_
ЭКБ идентификаторы
36691
Редакция идентификаторы
AI36691_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:44

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 26 ақпандағы "Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері туралы" N 70 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың депозиторларының мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 26 ақпандағы "Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері туралы" N 70 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1169 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" N 304 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3236 тіркелген) енгізілген өзгерістермен бірге мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жіктелуге жататын банктердің несие портфелінің 2 пайызынан кем емес сомада екінші деңгейдегі банктер үшін резерв капиталының барынша төмен мөлшері белгіленсін.";
осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 мамырда қолданысқа енеді.

3 3. Стратегия және талдау департаменті (Г.А. Ділімбетова):

1 1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

4 4. Агенттіктің Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

0 Қазақстан Республикасы Қаржы

нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2007 жылғы
30 қарашадағы N 256 қаулысына
қосымша
"Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының 2000 жылғы
26 ақпандағы "Екінші деңгейдегі
банктердің резервтік капиталының
ең аз мөлшері туралы"
N 70 қаулысына
қосымша
Банктердің несие портфелі мыналардан қалыптасады:

1 1. Басқа банктерге берілген заемдардан:

1 1) қысқа мерзімді;

2 2) овернайт;

3 3) ұзақ мерзімді;

2 2. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдардан:

1 1) қысқа мерзімді;

2 2) ұзақ мерзімді;

3 3. Клиенттерге берілген заемдардан:

1 1) қысқа мерзімді;

2 2) ұзақ мерзімді;

4 4. Овердрафт заемдарынан:

1 1) басқа банктердің корреспонденттік шоттар бойынша;

2 2) банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген;

3 3) клиенттерге берілген;

5 5. Қаржы лизингінен:

1 1) басқа банктерге;

2 2) банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға;

3 3) клиенттерге;

6 6. Клиенттер факторингінен, форфейтингінен;

7 7. Кредиттік карточкалар бойынша шоттардан;

8 8. Клиенттердің ескерілген векселдерінен;

9 9. Клиенттердің басқа заемдарынан;

10 10. Бағалы қағаздармен "Кері РЕПО" операцияларынан;

11 11. Осы қосымшаның 1-9-тармақтарында көзделген кредит (заем) бойынша мерзімі өткен берешектен."

Қолданыстағы