О внесении изменений в решение акима области от 26 июля 2000 года № 141 «О проведении конкурсов природопользователей» Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімінің «Табиғат пайдаланушылар конкурсын өткізу туралы» 2000 жылғы 26 шілдедегі № 141 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 14.03.2002 № 52 қаулысымен.
Облыс әкiмiнiң «Табиғат пайдаланушылар конкурсын өткiзу туралы» 2000 жылғы 26 шiлдедегi № 141 шешiмiн қазiргi нормативтiк актiлерге сәйкестендiру мақсатында және кадрлар ауысушылығына байланысты ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1. Комиссия мүшелерi:
1. Аталған шешiмге төмендегiдей өзгерiстер енгiзiлсiн:
шешiмнiң кiрiспесiндегi «2000 жылы балық шаруашылықтарының су тоғандарында балық аулаудың және теңiз аңдарын (ит балық) өндiрудiң кесiмдi шегiн (квот) бекiту туралы» 2000 жылғы 16 наурыздағы № 405» деген сөз алынып тасталсын;
4-тармақтағы «2000 жылға» деген сөз алынып тасталсын;
№ 2 қосымша «Кәсiптiк балық аулаудың кесiмдi шегiн бөлу және су тоғандарын бекiтiп беру жөнiндегi конкурстық комиссияның құрамы» төмендегiдей редакцияда мазмұндалсын:
Ғ.З. Қуанышев - облыс әкiмi аппаратының агроөнеркәсiптiк кешен бөлiмiнiң меңгерушiсi, комиссия төрағасы
М.Н. Оразғалиев - облыстық аумақтық орман және биоқорлар басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Қ.Б. Әлпейiсов - облыстық балық қорларын қорғау инспекциясының бастығы
С.Қ. Құспанов - облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығының орынбасары
К.М. Мамина - облыстық аумақтық орман және биоқорлар басқармасының бас маманы
И.И. Мельников - облыстық аңшылар және балықшылар қоғамы төрағасының мiндетiн атқарушы (келiсiм бойынша)
Н.М. Мұқашев - балық қорларын қорғау жөнiндегi ауданаралық инспекциясының бастығы
В.П. Неелов - облыс әкiмi аппаратының агроөнеркәсiптiк кешен бөлiмiнiң бас маманы
Ж.М. Түбетов - облыстық аумақтық жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау жөнiндегi басқармасының бастығы;
шешiмнiң 8-тармағындағы «Ж.М. Әкiмов» сөзi «А.Қ. Есенғалиев» деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 26 шiлдедегi № 141 шешiмiнiң № 2 қосымшасының бұрынғы редакциясының күшi жойылды деп саналсын.