О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июня 2000 года № 942
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июня 2000 года № 942
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 маусымдағы N 942 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1639
- Қабылданған күні
- 14.12.2001
- Көрсетілген редакция
- 09.08.2011 AI10644_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.08.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P010001639_
- ЭКБ идентификаторы
- 10644
- Редакция идентификаторы
- AI10644_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:25
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 маусымдағы N 942 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1 1. "Жекешелендiру объектiлерiн сатудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 26 маусымдағы N 942 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 317-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекешелендiру объектiлерiн сатудың ережесiнде:
кiрiспе "жекешелендiру" деген сөздiң алдынан "аукциондар мен тендерлерде" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
3) тармақшадағы "заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы акциялар мен үлестер" деген сөздер "акционерлiк қоғамдардың акциялары мен шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталдарындағы үлестер" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
"17-1) "Ағымдағы баға" - аукционда сауда-саттық барысында қалыптасатын жекешелендiру объектiсiнiң бағасы;";
19) тармақшадағы "ұсынған сауда-сатыққа Қатысушы" деген сөздер "ұсынған тендерге Қатысушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "мемлекеттiк мүлiкке иелiк етуге, пайдалануға және билiк етуге" деген сөздер "осындай шешiм қабылдауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бiрiншi абзацындағы "ол сатылғанға" деген сөздер "сатып алушыға меншiк құқығы көшкенге" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "ерекше" деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) жекешелендiру әрбiр объектiсi бойынша сауда-саттықтардың түрiн
айқындау;";
10-тармақта:
1) тармақшадағы "заңды тұлғалар" деген сөздер "шаруашылық
серiктестiктер" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтың бiрiншi абзацындағы "7" деген сан "5" деген санмен
ауыстырылсын;
13-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссия Сатушының тапсырмасы бойынша мынадай функцияларды жүзеге
асырады:";
24-тармақтағы "сауда-саттықтардың өтуiне бiр күн" деген сөздер "тендердiң өтуiне бiр күн және аукционның өтуiне бiр сағат" деген сөздермен ауыстырылсын;
мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiне қатысы жоқ;
25-тармақта:
4) тармақшадағы "коммерциялық" деген сөздiң алдынан "жабық конвертте берiлетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) инвестициялық тендерге қатысу үшiн жекешелендiру объектiсiн сатып алу бағасы туралы ұсыныс көрсетiлген өтiнiм және инвестициялық бағдарлама (бизнес-жоспар) жабық конвертте берiледi;";
сегiзiншi абзацтағы "Заңды тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан
Республикасының заңды тұлғалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы "жарғылық капиталдағы мемлекеттiң үлесi туралы
және" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
"Шетелдiк заңды тұлғалар құрылтай құжаттарын орыс тiлiндегi
нотариалдық расталған аудармасымен ұсынады.";
27-тармақтың 1) тармақшасы "Қатысушыдан" деген сөзден кейiн
"аукционға" деген сөзбен толықтырылсын;
30-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ең төменгi баға белгiленген жағдайда, жекешелендiру объектiсi одан
төмен бағаға сатыла алмайды.";
35-тармақтың соңғы сөйлемiндегi "10" деген сан "5" деген санмен
ауыстырылсын;
42-тармақтағы "5-15" деген сандар "1-15" деген сандармен ауыстырылсын;
56-тармақтың 1) тармақшасындағы "5" деген сан "10" деген санмен
ауыстырылсын;
58-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Егер қамтамасыз етудің өзге тәсілі сатып алу-сату шартымен көзделмесе, сатып алушы алған жекешелендіру объектісіне Сатушының кепіл
құқығы төлемдердің уақытылы өтелуін қамтамасыз етуге қызмет етеді.";
59-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын.