О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по государственным материальным резервам от 26 февраля 2001 года N 10 "О правилах подготовки и проведения тендеров по выпуску (в порядке освежения, замены и разбронирования) и поставке материальных ценностей государственного материального резерва Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по государственным материальным резервам от 26 февраля 2001 года N 10 "О правилах подготовки и проведения тендеров по выпуску (в порядке освежения, замены и разбронирования) и поставке материальных ценностей государственного материального резерва Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк материалдық резервiнiң материалдық құндылықтарын (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару және жеткiзу жөнiндегi тендерлердi әзiрлеу және өткізу ережелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 26 ақпандағы N 10 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 37
- Қабылданған күні
- 14.04.2005
- Көрсетілген редакция
- 22.07.2008 AI23839_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.07.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003584_
- ЭКБ идентификаторы
- 23839
- Редакция идентификаторы
- AI23839_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:52
0
"Қазақстан Республикасы мемлекеттiк материалдық резервiнiң материалдық құндылықтарын (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару және жеткiзу жөнiндегi тендерлердi әзiрлеу және өткізу ережелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 26 ақпандағы N 10 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Заңының 13-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1
1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк материалдық резервiнiң материалдық құндылықтарын (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару және жеткiзу жөнiндегi тендерлердi әзiрлеу және өткізу ережелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 26 ақпандағы N 10 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін N 1456 тiркелген, "Юридическая газета" N 21 2001 ж. 30 сәуiрде жарияланған, "Қазақстан Республикасы орталық атқару және басқа мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлер бюллетенi" N 23, 2002 ж. 410-бап (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне N 1861 болып тiркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2002 жылғы 25 сәуiрдегi N 24 бұйрығымен енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар, нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне N 2868 тiркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегі агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 11 мамырдағы N 40 бұйрығымен енгiзiлген толықтырулар)", келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Pecпубликасы Мемлекеттiк материалдық резервiнiң материалдық құндылықтарын (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару және жеткiзу жөнiндегi тендерлердi әзiрлеу және өткiзу ережелерiндегi:
4-тармақтың:
2) тармақшасындағы "Агенттiгiмен" деген сөзi "Комитетiмен" деген сөзбен ауыстырылсын;
11) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетi" сөздерiмен ауыстырылсын;
17-тармақ келесi мағынадағы абзацпен толықтырылсын:
"Конкурстық өтiнiмдi үмiткер нөмiрленген парақтармен және соңғы бетi оның қолымен, ал заңды тұлғаның - мөрмен куәландырылып тiгiлген түрде ұсынады";
Материалдық құндылықтарды (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару және жеткiзу жөнiндегi тендерлердi әзiрлеу және өткiзуге қатысушылар үшiн Нұсқаулыққа:
3-тармақтың:
2) тармақшасындағы "Агенттiгiмен" деген сөзi "Комитетiмен" деген сөзбен ауыстырылсын;
11) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетi" сөздерiмен ауыстырылсын;
10-тармақ келесі мағынадағы абзацпен толықтырылсын:
"Конкурстық өтінімді үміткер нөмірленген беттермен және соңғы беті оның қолымен, ал заңды тұлға - мөрмен куәландырылып, тігілген түрде ұсынады".