О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2001 года N 1010
Күшін жойған
Қаулы
·№ 479
·
19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2001 года N 1010
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегi N 1010 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 479
- Қабылданған күні
- 31.05.2006
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2012 AI28048_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P060000479_
- ЭКБ идентификаторы
- 28048
- Редакция идентификаторы
- AI28048_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:21
0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегi N 1010 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. "Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегi N 1010 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 28, 354-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесiнде:
3 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
3 "3. Қазақстан Республикасының азаматына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуына рұқсат беруден уақытша бас тартылуы мүмкiн.";
8-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
8-1 "8-1. Аумақтық iшкi iстер органдары Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу туралы өтiнiш бiлдiрген азаматтарда Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығудан бас тарту негiздерiнiң жоқтығына тексеру жүргiзедi.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу туралы өтiнiш бiлдiрген азаматтарға қатысты iшкi iстер органдарының сұрау салуларын мүдделi мемлекеттiк органдар он күн мерзiмде қарайды.".