О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2001 года N 1010
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2001 года N 1010
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі N 1010 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1080
- Қабылданған күні
- 13.11.2007
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2012 AI35777_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070001080_
- ЭКБ идентификаторы
- 35777
- Редакция идентификаторы
- AI35777_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:50
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі N 1010 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі N 1010 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 28, 354-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесінде:
7-тармақта "Бұл ретте, 14 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың шығуы тек қана олардың келісімімен жүзеге асырылады. 10 жастан 14 жасқа дейінгі балалар шыққан кезде, ол баланың мүдделеріне қайшы болған жағдайларды қоспағанда, баланың пікірін есепке алу міндетті" деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) шығуы туралы шешім қабылдаған кезде 10 жасқа толған баланың пікірін ата-анасының не өзге де заңды өкілдердің есепке алуы туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы;".