Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2001 года № 1011

Қаулы · № 1443 · қабылданған 13.11.2001
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2001-no-1011-ekb-10370/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2001 года № 1011 Күшін жойған Қаулы ·№ 1443 ·13.11.2001
08.05.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2001 года № 1011

Күшін жойған Қаулы ·№ 1443 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2001 года № 1011
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі N 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1443
Қабылданған күні
13.11.2001
Көрсетілген редакция
08.05.2013 AI10370_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P010001443_
ЭКБ идентификаторы
10370
Редакция идентификаторы
AI10370_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:29

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі N 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.05.2013 № 474 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі N 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесіне:
10-тармақтың 7) тармақшасындағы "мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі" деген сөздер "мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақтың 1) тармақшасында "өзгертпейді" деген сөзден кейін нүкте қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Конкурстық комиссия үш күн мерзімде конкурсқа қатысушының сұрау салуына жауап береді және конкурстық құжаттама ұсынылған конкурстың барлық қатысушысына осындай түсіндіруді жібереді;";
32-тармақтағы бірінші абзацта "мөлшері конкурстық өтінім сомасының 5 пайызын құрайды" деген сөздер "мөлшерін конкурстық комиссия белгілейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
Ережеге 2-қосымшада:
реттік нөмірі 2-жолда "Балдардың саны" деген бағанда "25" деген сан "30" деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5-жолда "Балдардың саны" деген бағанда "10" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 7-жолда "р/р" деген бағанда "7" деген сан алынып тасталсын;
реттік нөмірі 13-жолда "Өлшемнің атауы" деген бағанда "Орыс тілін" деген сөздер "Мемлекеттік тілді және орыс тілін" деген сөздермен ауыстырылсын;
Ережеге 5-қосымша алынып тасталсын;
Ережеге 6-қосымшада:
"Көлемі" деген 2-бөлімнің 11) тармақшасында "аударымдар" деген сөзден
кейін нүктелі үтір қойылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен
толықтырылсын:
"12) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қорды сенімді басқару
жөніндегі қызметін басқа елдердің осындай қорларының қызметімен
салыстырмалы талдау.".

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы