Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2001 года № 1011

Қаулы · № 953 · қабылданған 12.09.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2001-no-1011/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2001 года № 1011 Күшін жойған Қаулы ·№ 953 ·12.09.2004
08.05.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2001 года № 1011

Күшін жойған Қаулы ·№ 953 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2001 года № 1011
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегі N 1011 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
953
Қабылданған күні
12.09.2004
Көрсетілген редакция
08.05.2013 AI21213_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P040000953_
ЭКБ идентификаторы
21213
Редакция идентификаторы
AI21213_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:42

0 Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегі N 1011 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегі N 1011 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:

көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргізу үшін тәуелсiз аудиторды таңдау ережесінде:
мәтiндегі "конкурстың жұмыс органының", "конкурстың жұмыс органы" және "конкурстың жұмыс органын" деген сөздер "жұмыс органының", "жұмыс органы" және "жұмыс органын" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Жұмыс органы тиісті жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде осы тармақтың шарттарына сәйкес конкурс комиссиясын құру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.";
мемлекеттік тiлдегі мәтінде 39-тармақтың 2) тармақшасындағы "болып танылуы мүмкін" деген сөздер "болып танылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 39-1 және 39-2-тармақтармен толықтырылсын:
"39-1. Конкурс өткiзiлмеген болып танылған жағдайда, комиссияның шешiмi бойынша қайталама конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланады. Ұсыныстарды берудің түпкiлiктi мерзiмi қайталама конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 (он төрт) күнтiзбелiк күннен бұрын емес белгіленуi тиiс.
39-2. Қайталама конкурс өткiзiлмеген болып танылған кезде, конкурстық комиссияның шешiмi бойынша Ұлттық қордың сыртқы аудитiн жүргізу үшiн ол туралы тиiстi хаттама жасалуы тиiс аудитор немесе аудиторлық ұйым анықталады.";
54-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Конкурс жеңімпазы тиісті жылдың бірінші қыркүйегіне дейін анықталады.";
Ережеге 6-қосымшада:
2 "Көлемі" деген бөлімнің 6) тармақшасында "инвестициялық" деген сөз "тұрақты" деген сөзбен ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы