Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 сентября 2002 года N 1061

Қаулы · № 174 · қабылданған 15.03.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2002-n-1061/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 сентября 2002 года N 1061 Күшін жойған Қаулы ·№ 174 ·15.03.2006
24.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 сентября 2002 года N 1061

Күшін жойған Қаулы ·№ 174 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 сентября 2002 года N 1061
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi N 1061 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
174
Қабылданған күні
15.03.2006
Көрсетілген редакция
24.05.2012 AI26840_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P060000174_
ЭКБ идентификаторы
26840
Редакция идентификаторы
AI26840_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:47

0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi N 1061 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. "Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн беру, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiне аттестаттау (қайта аттестаттау) өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi N 1061 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 346-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн беру, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiне аттестаттау (қайта аттестаттау) өткiзу ережесiнде:
4-тармақта:
"асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен бiлiм және ғылым саласындағы орталық атқарушы органның бiрлескен бұйрығымен құрамына асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның және/немесе оның аумақтық басқармаларының, жергiлiктi атқарушы органның (қаралып отырған субъект орналасқан аумақтың) мамандары, ауыл шаруашылығы бейiнiндегi ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының ғалымдары кiретiн комиссия құрылады.";
6-тармақтың бiрiншi абзацындағы "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның облыстық аумақтық басқармасына" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның облыстық аумақтық басқармасы" деген сөздер "Жергiлiктi атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы органға" деген сөздермен, "табыс етедi" деген сөздер "жiбередi" деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақтағы "мәртебесi" деген сөзден кейiн "жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтағы "өтiнiш берушiге табыс етiлген құжаттарды қарау үшiн белгiленген мерзiмде бас тартудың себептерi көрсетiлiп, жазбаша түрде уәждi жауап қайтарылады" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы орган өтiнiш берушiге табыс етiлген құжаттарды қарау үшiн белгiленген мерзiмде бас тартудың себептерiн көрсете отырып, жазбаша түрде уәждi жауап қайтарады" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақта:
8) тармақшадағы "лейкоз" деген сөзден кейiн ", лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қой эпидидимитi, хламидиоз, жылқының шағылысу ауруы, эпизоотиялық лимфангит" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9), 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) асыл тұқымды жануарларды ұстауға, өсiруге, пайдалануға және азықтандыруға байланысты тиiстi зоогигиеналық және ветеринариялық-санитарлық талаптардың сақталуы;
10) шаруашылық мұқтаждарына арналған аумақтардың, мал шаруашылығы үй-жайларының, сондай-ақ басқа да құрылыстардың зоогигиеналық талаптарға жауап беретiн жағдайларда ұсталуы;
11) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен асыл тұқымды жануарларға сәйкестендiру жүргiзудiң және оларға ветеринариялық паспорттар ресiмдеудiң қамтамасыз етiлуi.";
15-тармақта:
9) тармақшадағы "лейкоз" деген сөзден кейiн ", лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қой эпидидимиті, хламидиоз, жылқының шағылысу ауруы, эпизоотиялық лимфангит" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10), 11), 12) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) асыл тұқымды жануарларды ұстауға, өсiруге, пайдалануға және азықтандыруға байланысты тиiстi зоогигиеналық және ветеринариялық-санитарлық талаптардың сақталуы;
11) шаруашылық мұқтаждарына арналған аумақтардың, мал шаруашылығы үй-жайларының, сондай-ақ басқа да құрылыстардың зоогигиеналық талаптарға жауап беретiн жағдайларда ұсталуы;
12) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен асыл тұқымды жануарларға сәйкестендiру жүргiзудiң және оларға ветеринариялық паспорттар ресiмдеудiң қамтамасыз етiлуi.";
17-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның облыстық аумақтық басқармасына" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген сөздер "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақ "жеке және заңды тұлғаға" деген сөздердiң алдынан "жергiлiктi атқарушы орган" деген сөздермен толықтырылсын, "Аттестат", "берiледi" деген сөздер тиiсiнше "Аттестатты", "бередi" деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақтағы "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
28-тармақтағы "уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
29-тармақтағы "Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "Жергiлiктi атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
30-тармақтағы "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
31-тармақтағы "Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "Жергiлiктi атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы