Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 26 апреля 2002 года № 853

Жарлық · № 1267 · қабылданған 29.12.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2002-no-853-ekb-17996/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 26 апреля 2002 года № 853 Күшін жойған Жарлық ·№ 1267 ·29.12.2003
05.05.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 26 апреля 2002 года № 853

Күшін жойған Жарлық ·№ 1267 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 26 апреля 2002 года № 853
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1267
Қабылданған күні
29.12.2003
Көрсетілген редакция
05.05.2018 17996_341692.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U030001267_
ЭКБ идентификаторы
17996
Редакция идентификаторы
17996_341692
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:39

0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 230 және 231-баптарына сәйкес қаулы етемін:

1 1. "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 94-құжат; 2003 ж., N 8, 79-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. АЭА аумағы Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес еркін кеден аймағының кедендік режимі қолданылатын Қазақстан Республикасы кедендік аумағының бір бөлігі болып табылады. АЭА шекарасы оның периметрі бойынша арнайы қоршаумен жабдықталады. АЭА периметрлері Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы болып табылады.
АЭА аумағында еркін кеден аймағының кедендік режиміне мынадай тауарлардың тізбесін орналастыруға рұқсат етіледі:
жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес АЭА аумағында объектілерді салу және пайдалануға беру үшін қажетті машиналар, жабдықтар, тауарлар мен материалдар;
тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес қайта өңдеуге арналған тауарлар (акцизделетін тауарларды қоспағанда);
ұйымның технологиялық құжаттамасына сәйкес өнімдер өндірісін қамтамасыз етуге қажетті машиналар мен тетіктер, жабдықтар, арнайы мақсаттағы автомобильдер, материалдар, тауарлар және шала өнімдер.
АЭА аумағына еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлармен:
тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша;
тауарларды қайта өңдеу бойынша;
осы ережеге сәйкес АЭА құру мақсатында қол жеткізу үшін қажетті тауарлар мен жабдықтарды пайдалану және қолдану бойынша;
тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау бойынша;
құрылыс және өнеркәсіп өндірісі технологиясының талаптарын орындау бойынша операциялар жасауға рұқсат етіледі.".

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы