Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 26 апреля 2002 года № 856

Жарлық · № 370 · қабылданған 26.07.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2002-no-856/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 26 апреля 2002 года № 856 Күшін жойған Жарлық ·№ 370 ·26.07.2007
07.09.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 26 апреля 2002 года № 856

Күшін жойған Жарлық ·№ 370 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 26 апреля 2002 года № 856
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 856 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
370
Қабылданған күні
26.07.2007
Көрсетілген редакция
07.09.2011 AI34519_2.kaz
Соңғы өзгеріс
07.09.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U070000370_
ЭКБ идентификаторы
34519
Редакция идентификаторы
AI34519_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:12

0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 856 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын іске асыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1

1.»"Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясы мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 856 Жарлығына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 11, 102-құжат; 2005 ж., N 17, 200-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) тақырыптағы, кіріспедегі, 1-тармақтың 1), 2) тармақшаларында және 2-тармақта»"халықтары" және»"халықтарының" деген сөздер»"халқы" деген сөзбен ауыстырылсын;

2

2) аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан халықтары Ассамблеясының орта мерзімді кезеңге арналған стратегиясында (2011 жылға дейін) тақырыптағы және мәтін бойынша "халықтары Ассамблеясының", "халықтарының Ассамблеясы", "халықтары Ассамблеясын" деген сөздер тиісінше "халқы Ассамблеясының", "халқының Ассамблеясы", "халқы Ассамблеясын" деген сөздермен ауыстырылсын;

3 3) аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан халықтары Ассамблеясының ережесінде:

тақырыптағы және мәтін бойынша»"халықтарының Ассамблеясы" деген сөздер»"халқы Ассамблеясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі - Ассамблея) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы заңды тұлға құрмайтын мекеме болып табылады.";
3-тармақ»"Ассамблея шешімдері" деген сөздерден кейін:
"Қазақстан Республикасы Конституциясына және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау шешімдерінен басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Конституциясына және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға";
9-тармақтың екінші абзацының бірінші сөйлемі мынадай сөздермен толықтырылсын:
"соның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциясына және»"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсынады";
16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кіші ассамблеялар Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері жанындағы заңды тұлға құрмайтын мекеме және Ассамблеяның өңірлердегі өкілдіктері болып табылады".

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы