О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 26 апреля 2002 года № 91-п "О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года № 836 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 26 апреля 2002 года № 91-п "О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года № 836 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения"
- Атауы (қаз.)
- "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 91-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 350-ө
- Қабылданған күні
- 25.10.2010
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2015 AI56675_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1000006680
- ЭКБ идентификаторы
- 56675
- Редакция идентификаторы
- AI56675_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:06
0
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 91-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 91-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің № 1904 мемлекеттік Тіркелімінде тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 35, 684-бап) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың үшінші, төртінші абзацтары алынып тасталсын;
Аталған бұйрықта бекітілген жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган туралы Үлгі жобасында:
6-тармақтағы:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. Жұмыспен қамту және көші-қон департаменті (Д.Р. Арғындықов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республиканың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
____________ Б. Жұмағұлов
2010 жылғы 26 қараша
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Жәмішев
2010 жылғы 3 желтоқсан