О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 декабря 2003 года N 469 "О публикации в средствах массовой информации финансовой отчетности накопительным пенсионным фондом"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 декабря 2003 года N 469 "О публикации в средствах массовой информации финансовой отчетности накопительным пенсионным фондом"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында қаржылық есепті жария ету туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 469 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 79
- Қабылданған күні
- 20.07.2007
- Көрсетілген редакция
- 24.08.2009 AI34744_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.08.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004869_
- ЭКБ идентификаторы
- 34744
- Редакция идентификаторы
- AI34744_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:15
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында қаржылық есепті жария ету туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 469 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
"Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында қаржылық есепті жария етуі туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 469 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2663 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) еншілес ұйымдары жоқ - бухгалтерлік баланстың және пайдалар мен зияндар туралы есептің аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылмаған нысандарын;
2) еншілес ұйымдары бар - бухгалтерлік баланстың және пайдалар мен зияндар туралы есептің аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылған нысандарын жыл сайын, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға жылдық қаржылық есепті ұсынғаннан кейін бір ай ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.".
2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3 3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсін.
"Келісілген"
Қаржы нарығын және
Қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігінің
Төрағасы
2007 жылғы 30 шілде