О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 26 декабря 2003 года № 341-ОД "Об утверждении Правил установления временного компенсирующего тарифа (цены, ставки сбора)", зарегистрированный за № 2656
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 26 декабря 2003 года № 341-ОД "Об утверждении Правил установления временного компенсирующего тарифа (цены, ставки сбора)", зарегистрированный за № 2656
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2656 нөмірмен тіркелген "Уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 341-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 299-ОД
- Қабылданған күні
- 04.07.2004
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2012 AI20801_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040002982_
- ЭКБ идентификаторы
- 20801
- Редакция идентификаторы
- AI20801_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:56
0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2656 нөмірмен тіркелген "Уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 341-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы N 1141 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 14) тармақшасына және 20-тармағына сәйкес бұйырамын:
1
1. "Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 341-НҚ (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, "Ресми газетте" 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 4 (161) жарияланған бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) белгілеу ережесінде:
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бекітілген тарифтік сметада көзделген шығындардың 5 пайызынан асатын тарифтік сметаның бап бойынша орындалмауы;";
21-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Табиғи монополия субъектісі уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) қолдану кезеңінде алған табысты анықтау үшін, тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейі (Тшек.) мынадай формула бойынша есептеледі:
Т х V - (П + 0,5 х А)
Тшек. = ------------------------ , мұндағы
V
Тшек - тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейі, теңге;
V - бекітілген тарифтік сметада нақтыланған қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жылдық көлемі;
П - бекітілген тарифтік сметада нақтыланған табыс, теңге;
А - бекітілген тарифтік сметада нақтыланған жылдық амортизация, теңге";
22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасы) (ӨтемТ) мынадай формула бойынша айқындалады:
Т х V - НДк
ӨтемТ = ---------------- , мұндағы
V
ӨтемТ - уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасы), теңге.
23. Уақытша өтемдік тарифтің қолданыстағы кезеңін (бұдан әрі - қолданыстағы кезең) уәкілетті орган айқындайды:
1) егер Өтем Т < Tшек. болған жағдайда, қолданыс кезеңі мынадай формула бойынша айқындалады:
НДк
n = ---------------- , мұндағы
(Т - Т шек) * V
n - уақытша өтемдік тарифтің қолданыс кезеңі.
Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасы) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейінің деңгейінде бекітіледі:
ӨтемТ = Т шек;
2) егер Өтем Т > = T шек. болған жағдайда, қолданыс кезеңі мынадай формула бойынша айқындалады:
НДк
n = ----------------------- .";
(Т - ӨтемТ) * V
24-тармақ алынып тасталсын;
қосымшада:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейі(Тшек):
Т х V - (П + 0,5 х А) 8 х 1000 - (500+0,5 х 3000)
Тшек.= --------------------- = ------------------------- =
V 1000
8000 - 2000 6000
= ----------- = ----- = 6 теңге/м 3 , мұндағы
1000 1000
500 теңге - бекітілген тарифтік сметада ескерілген пайда;
3000 теңге - бекітілген тарифтік сметада ескерілген жылдық амортизация;
6 теңге/м 3 - тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейі.";
мынадай мазмұндағы 4, 5, 6, 7-тармақтармен толықтырылсын:
"4. Уақытша өтемдік тарифтің деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:
Т х V - НДк 8 х 1000 - 6500 1500
Өтем Т = ----------- = -------------- = ----- = 1,5 теңге/м3
V 1000 1000
1,5 теңге/м3 - уақытша өтемдік тарифтің (бағаның, алым ставкасының) деңгейі.
5. ӨтемТ < Т шек. екенін ескере отырып, қолданыс кезеңі мынадай формула бойынша айқындалады:
НДк 6500 6500
n = ---------------- = ---------- = ----- = 3,25
(Т - Т шек) * V (8-6)*1000 2000
3,25 жыл (немесе 3 жыл 3 ай) - тұтынушыларға шеккен залалдарды өтеу кезеңі.
Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасы) (ӨтемТ) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейінде - 6 теңге/м 3 , оның қолданыс кезеңі - 3 жыл 3 ай болып бекітілуге тиіс.
6. Егер Өтем Т > Тшек. болған жағдайда, уақытша өтемдік тарифтің (бағаның, алым ставкасының) деңгейімен оның қолданыс кезеңі мынадай формула бойынша айқындалады:
бекітілген тариф (баға, алым ставкасы) Т - 8 теңге/м 3 ,
бекітілген тарифте (бағада, алым ставкасында) қабылданған қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі V - 1000 м 3
1) негізсіз алынған табыс (НТ) - 1350 теңге сомасында айқындалады;
2) негізсіз алынған табыс сомасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (НТк) шешім қабылдаған күнге қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып былай айқындалады:
(100 + к) 100 + 7,5
НТк = НТ х --------- = 2350 х ----------- = 1451,25 теңге, мұндағы
100 100
1350 теңге - негізсіз алынған табыс сомасы;
7,5 % - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы;
1451,25 теңге - қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып негізсіз алынған табыс сомасы;
3) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейі былай айқындалады:
Т х V - (П + 0,5 х А) 8 х 1000 - (500+0,5 х 3000)
Тпр.= --------------------- = --------------------------- =
V 1000
8000 - 2000 6000
= ----------- = ------ = 6 теңге/м 3 , мұндағы
1000 1000
500 теңге - бекітілген тарифтік сметада ескерілген пайда;
3000 теңге - бекітілген тарифтік сметада ескерілген жылдық амортизация, теңге;
6 теңге/м 3 - тарифтің (бағаның, алым ставкасының) болуы мүмкін ең аз шекті деңгейі;
4) уақытша өтемдік тарифтің деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:
Т х V - НДк 8 х 1000-1451,25 6548,75
Өтем Т = ----------- = ---------------- = ------- = 6,54 теңге/м 3
V 1000 1000
6,54 теңге/м 3 - уақытша өтемдік тарифтің (бағаның, алым ставкасының) деңгейі.
7. Өтем Т > Т шек. екені ескерілген қолданыс кезеңі мынадай формула бойынша айқындалады:
НДк 1451,25 1451,25
n = ----------------- = --------------- = --------- = 0,99
(Т - ӨтемТ) * V (8-6,54)*1000 1460
0,99 жыл (немесе 11 ай 26 күн) - тұтынушыларға шеккен залалдарды өтеу кезеңі.
Уақытша өтемдік тарифтің (бағаның, алым ставкасының) (ӨтемТ) деңгейі 6,54 теңге/м 3 құрайды, оның қолданыс кезеңі - 11 ай 26 күн.".
2
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің аумақтық органдары уақытша өтемдік тарифінің (бағаның, алым ставкасының) қолданыс кезеңін қайта санасын және бекітілген уақытша өтемдік тарифті(бағаны, алым ставкасын) осы бұйрықпен енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді ескере отырып қайта қарасын.
3
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департаменті (Григорьева С.П.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз етсін.