Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 декабря 2003 года № 466 "Об утверждении Правил инвестирования активов акционерного общества "Фонд гарантирования страховых выплат"

Қаулы · № 65 · қабылданған 30.03.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2003-no-466/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 декабря 2003 года № 466 "Об утверждении Правил инвестирования активов акционерного общества "Фонд гарантирования страховых выплат" Күшін жойған Қаулы ·№ 65 ·30.03.2007
02.10.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 декабря 2003 года № 466 "Об утверждении Правил инвестирования активов акционерного общества "Фонд гарантирования страховых выплат"

Күшін жойған Қаулы ·№ 65 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 декабря 2003 года № 466 "Об утверждении Правил инвестирования активов акционерного общества "Фонд гарантирования страховых выплат"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
65
Қабылданған күні
30.03.2007
Көрсетілген редакция
02.10.2008 AI33146_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004667_
ЭКБ идентификаторы
33146
Редакция идентификаторы
AI33146_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:54

0 "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»"Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 466 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2669 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2004 жылғы 2-сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген "Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қор активтерін инвестициялайтын қаржы құралдарының тізбесі:
1) мемлекеттік бағалы қағаздар және агенттік облигациялар;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттері;
3) Бағалы қағаздары листингтің барынша жоғары санаты бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енгізілген немесе резидент еместері "А" ("Standard&Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "А3" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) санаттарынан төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингі бар резидент емес енші беруші банктердің резидент емес еншілес банкі болып табылатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі депозиттер (оның ішінде шетел валютасымен);
4) Қазақстан Республикасы мен сауда-саттықты ұйымдастырушының барынша жоғары санаты бойынша ресми тізімге енгізілген басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес (ипотекалық облигациялар мен "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының облигацияларынан басқа) шығарылған Қазақстан Республикасы эмитенттерінің эмиссиялық мемлекеттік емес бағалы қағаздары;
5) листингтің барынша жоғары санаты бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы эмитенттерінің ипотекалық облигациялары;
6) "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының облигациялары;
7) мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигациялармен бір айға дейінгі операция жасау мерзімі бойынша РЕПО операциялары және кері РЕПО операциялары.
Қор активтерін инвестициялау мөлшерлері сенімгерлік басқарушы мен Қор арасында жасалған инвестициялық стратегиясымен белгіленеді.".

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

3 3. Стратегия және талдау департаменті (Бөбеев М.С.):

1 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мәлімет үшін жіберсін.

4 4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н.Өзбековке жүктелсін.

Қолданыстағы