Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 декабря 2003 года № 477 "Об утверждении Правил определения платежности банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан"

Қаулы · № 62 · қабылданған 25.06.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2003-no-477-ekb-53683/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 декабря 2003 года № 477 "Об утверждении Правил определения платежности банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан" Күшін жойған Қаулы ·№ 62 ·25.06.2010
29.11.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 декабря 2003 года № 477 "Об утверждении Правил определения платежности банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 62 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 декабря 2003 года № 477 "Об утверждении Правил определения платежности банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
62
Қабылданған күні
25.06.2010
Көрсетілген редакция
29.11.2017 53683_277920.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006348_
ЭКБ идентификаторы
53683
Редакция идентификаторы
53683_277920
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:55

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау тәртібін нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2689 тіркелген, 2004 жылғы 10 ақпандағы № 30 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесінде:
6-тармақта:
1) тармақша «бөтен жазулары,» деген сөздерден кейін «оның ішінде ультракүлгін жарық түсірген кезде көрінетін сиямен жазылғандар,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жыртылған, желімденген немесе желімденбеген бөліктері еш даусыз бір банкноттікі болып табылатын және Ұлттық Банк белгілеген банкнот мөлшерінің бірігіп 50% (елу пайызынан) астам көлемін құрайтын банкноттар;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) - 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) Ұлттық Банк белгілеген банкнот мөлшерінің көлемінен бұрышынан немесе шетінен 1% (бір пайызынан) астам жойылған банкноттар;
2-2) ұзынынан 10 (он) миллиметрден астам жыртығы бар банкноттар;
2-3) банкноттың өтелгендік белгісін көрсететін тесудің болу жағдайларын қоспағанда, диаметрі 3 (үш) және одан астам миллиметр ойықтары, тесіктері және жыртықтары бар банкноттар;».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Шегенов Ғ.Б.):

1 1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиалына) жіберсін.

4 4. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

Қолданыстағы