О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 26 февраля 2003 года № 57-ОД "Об утверждении Правил включения и исключения из Государственного регистра субъектов естественных монополий"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 26 февраля 2003 года № 57-ОД "Об утверждении Правил включения и исключения из Государственного регистра субъектов естественных монополий"
- Атауы (қаз.)
- "Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 154-ОД
- Қабылданған күні
- 16.06.2006
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2014 AI28425_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004260_
- ЭКБ идентификаторы
- 28425
- Редакция идентификаторы
- AI28425_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:17
0 "Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 21 наурызда N 2217 нөмірмен тіркелген, "Ресми газет" газетінде 2003 жылғы 17 мамырдағы N 20 нөмірінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 476-НҚ бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 16 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесінде:
10-тармақта:
бірінші бөлікте:
"және шығару" деген сөздер алынып тасталсын;
"орталық" деген сөздің алдынан "табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;
"қорытынды" деген сөз алынып тасталсын;
"туралы" деген сөзден кейiн "табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның тиісті құрылым бөлімшесi (салалық құрылым бөлімшесi) қорытындысының" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Тіркелімнің республикалық бөлімінен шығару құрылымдық бөлімшенің табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті тоқтату туралы қорытындысының негізінде жүргізіледі.";
екінші бөлікте:
"және шығару" деген сөздер алынып тасталсын;
"қорытынды" деген сөз алынып тасталсын;
"туралы" деген сөзден кейiн "салалық құрылым бөлімше қорытындысының" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Тіркелімнің жергілікті бөлімінен шығару құрылымдық бөлімшенің табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті тоқтату туралы қорытындысының негізінде жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Табиғи монополия субъектісі заңды тұлға не жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жері бойынша Тіркелімге енгізіледі.";
13-тармақта:
", сондай-ақ заңды тұлғаның қызметін тоқтатқандығын" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қажет болған жағдайда, уәкілетті орган мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органнан және (немесе) табиғи монополия субъектісінен табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті табиғи монополия субъектісінің тоқтатуын растайтын қосымша ақпарат сұрата алады.".