Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2004 года № 1237

Қаулы · № 436 · қабылданған 29.05.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2004-no-1237-ekb-33432/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2004 года № 1237 Күшін жойған Қаулы ·№ 436 ·29.05.2007
19.09.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2004 года № 1237

Күшін жойған Қаулы ·№ 436 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2004 года № 1237
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
436
Қабылданған күні
29.05.2007
Көрсетілген редакция
19.09.2014 AI33432_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000436_
ЭКБ идентификаторы
33432
Редакция идентификаторы
AI33432_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:34

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1 1. » "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:

11-тармақтың 8) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы есебінің нысанын және алдағы жылға тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын бекіту";

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитеті туралы ережеде:

11-тармақта:
15), 15-1), 15-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"15) Қазақстаннан шыққан тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы бөлігінде олардың келісім-шарттық міндеттемелерді орындауы мониторингін жүзеге асыруға қатысу;
15-1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалаудың өлшемдерін әзірлеу;
15-2) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында шығарылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 15-3), 15-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"15-3) Қазақтан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің веб-сайтында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ашық конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға арналған конкурстарды өткізу туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландырулар орналастыру";
15-4) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу немесе келісім-шартқа байланысты ілеспе қызмет кезінде пайдаланылатын тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге қатысты қазақстандық қамтуды есептеу әдістемесін құзыретті органмен келісім бойынша әзірлейді және бекітеді";
12-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) жер қойнауын пайдаланушылардан және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардан өндірілетін және өндірілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты сұратуға".

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы