Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2004 года № 1237

Қаулы · № 354 · қабылданған 18.03.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2004-no-1237-ekb-45021/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2004 года № 1237 Күшін жойған Қаулы ·№ 354 ·18.03.2009
19.09.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2004 года № 1237

Күшін жойған Қаулы ·№ 354 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2004 года № 1237
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
354
Қабылданған күні
18.03.2009
Көрсетілген редакция
19.09.2014 AI45021_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090000354_
ЭКБ идентификаторы
45021
Редакция идентификаторы
AI45021_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:33

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

"Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы N 733 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың бірінші абзацындағы "қолдау" деген сөзден кейін ", ұйымдар мен мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту" деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) ұйымдар мен мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жөніндегі шараларды пысықтау;";
13-тармақта:
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) мемлекеттік органдардың қазақстандық қамту мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
5-2) ұйымдар мен мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жөніндегі шараларды пысықтауды жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"26-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуында қазақстандық қамтудың мониторингін және тиісті ұйымдар ұсынатын жүргізілген, жүргізілетін және келесі жылға жоспарланатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты талдауды жүзеге асырады;
26-2) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуында қазақстандық қамту мониторингін жүзеге асырады;";
42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"42) ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуында қазақстандық қамту жөнінде ақпарат беру нысандарын бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 42-1), 42-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"42-1) тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді бағалау өлшемдерін әзірлейді және бекітеді;
42-2) офсеттік саясат саласындағы әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;";
45) тармақшадағы "жер қойнауын пайдалану саласындағы" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 45-1) тармақшамен толықтырылсын:
"45-1) бірлесіп бекітілген нысандар негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктері тұрақты ұсынатын қазақстандық қамту жөніндегі жалпы ақпаратты жинақтау мен талдауды қамтамасыз етеді;";
14-тармақта:
1) тармақшадағы "орындау" деген сөзден кейін ", ұйымдар мен мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту" деген сөздермен толықтырылсын;
39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"39) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекеттік қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы қазақстандық қамтуды бақылау және жолсыздықтар анықталған жағдайда шаралар қабылдау;";
мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
"39-1) офсеттік саясаттың іске асырылуын бақылау;";
41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"41) қазақстандық өндірушілер өндірген тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізу;".

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы