О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2004 года № 1237
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2004 года № 1237
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1646
- Қабылданған күні
- 22.10.2009
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2014 AI48254_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090001646_
- ЭКБ идентификаторы
- 48254
- Редакция идентификаторы
- AI48254_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:13
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
13-тармақта:
99) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"99) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификат береді;";
105) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"105) тауардың шығу тегі туралы сертификат бланкілерінің нысандарын белгілейді және ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификат дайындауды ұйымдастырады;";
14-тармақ мынадай мазмұндағы 27-1), 99-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"27-1) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары тоқсан сайын ұсынатын тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар бойынша ақпаратты талдау арқылы мониторингті жүзеге асыру;";
"99-1) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметіне жыл сайын тексеру жүргізу арқылы тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуын бақылау;".