О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2004 года № 1237 "Некоторые вопросы Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2004 года № 1237 "Некоторые вопросы Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1549
- Қабылданған күні
- 20.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2014 AI62210_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001549
- ЭКБ идентификаторы
- 62210
- Редакция идентификаторы
- AI62210_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:44
0 "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ережеде:
13-тармақта:
мынадай мазмұндағы 56-1) тармақшамен толықтырылсын:
"56-1) тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларының электр желілеріне қосылуына рұқсат береді;";
57) және 58) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"57) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттауды жүзеге асырады;
58) энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеуді, энергия үнемдеу саясатының орындалуын бақылауды, заңды тұлғалардың энергетикалық тиімділігін тексеруді жүзеге асырады;".