О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2004 года № 1237 "Некоторые вопросы Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2004 года № 1237 "Некоторые вопросы Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1640
- Қабылданған күні
- 29.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2014 AI62609_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001640
- ЭКБ идентификаторы
- 62609
- Редакция идентификаторы
- AI62609_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:33
0 "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
1
«1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) индустрия және елді индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина, жеңіл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндірісі, инвестицияларды мемлекеттік қолдау, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі және химия өнімінің қауіпсіздігі; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату, экспорттық бақылау; техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету; электр энергетикасы; көмірсутегі шикізатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын ұдайы өндіру, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдік балшық бөлігінде мемлекеттік басқару; көмір өнеркәсібі; атом энергетикасын пайдалану, жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау, энергия үнемдеу саласында басшылық етуді, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестіруді (бұдан әрі - реттелетін салалар) жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады»;
12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
1
«1) индустрия және елді индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина, жеңіл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндірісі, инвестицияларды мемлекеттік қолдау, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі және химия өнімінің қауіпсіздігі, арнайы экономикалық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі, экспорттық бақылау, техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету, электр энергетикасы, қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшық бөлігінде жер қойнауын пайдалану, көмір өнеркәсібі, мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын ұдайы өндіру, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдік балшық бөлігінде мемлекеттік басқару, атом энергетикасын пайдалану, жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау, энергия үнемдеу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;»;
13 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
13 «13. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1 1) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;
2 2) реттелетін салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
3 3) өз құзыреті шегінде реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, келіседі және бекітеді;
4 4) реттелетін салаларда бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және келіседі;
5 5) реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
6 6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне инновациялық қызметтің басым бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
7 7) инновациялық гранттар берудің және зияткерлік меншік объектілерін енгізу жөнінде қабылданған шаралар туралы есептер ұсынудың қағидаларын әзірлейді;
8 8) инновациялық грант туралы үлгілік шарттың нысанын бекітеді;
9 9) инновациялық дамытудың шаралар кешенін әзірлейді;
10 10) инновациялық даму институттарының тізбесін әзірлейді;
11 11) технопарктердің жанынан құрылған сараптамалық кеңестердің жұмыс тәртібін айқындайды;
12 12) инновациялық гранттарды бөледі;
13 13) инновациялық гранттар есебінен жүзеге асырылатын инновациялық жобалардың іске асырылу мониторингін және олардың орындалу тиімділігін бағалауды жүргізеді;
14 14) Қазақстан Республикасының инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасының орындалуына, оның ішінде инновациялық дамыту шаралары кешенінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
15 15) өзге мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылмаған жоғары технологиялы сервистік индустрияны дамыту саясатын әзірлейді;
16 16) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесіп, экспорттық бақылау жүйесі өнімінің номенклатурасын (тізімін) әзірлейді;
17 17) кепілдемелік міндеттемелер (түпкілікті пайдаланушының сертификаттары) береді;
18 18) өнімдер транзитіне рұқсаттар береді;
19 19) өтінім берушіге және мүдделі мемлекеттік органдарға тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпараттарды экспорттық бақылауға жататын өнімдерге жатқызу туралы қорытындылар береді;
20 20) өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс қайта өңдеуге рұқсаттар береді;
21 21) экспорттаушылардың шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның оң ұсынымы негізінде отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасы резиденттерінің шығындарын өтеу туралы шешім қабылдайды;
22 22) экспорттаушылардың шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені бекітеді;
23 23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды кеден аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты береді;
24 24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытынды береді;
25 25) Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растау туралы қорытынды береді;
26 26) кепілдемелік міндеттемелерге (түпкілікті пайдаланушының сертификаттарына) сүйене отырып, Қазақстан Республикасынан шығарылатын өнімнің кері экспортына рұқсаттар береді;
27
27) сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (өтінім берушілерге) «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген тізбелердің қолданысына түспейтін өнімдермен, зияткерлік қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелерді жүзеге асыруға белгіленген тәртіппен лицензия береді;
28 28) белгіленген құзырет шегінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өнімдердің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын, транзитін және қайта өңделуін бақылауды жүзеге асырады;
29 29) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесіп, экспорттық бақылау жүйесінің экспорттық бақылауға жататын өнімдерін тиеу алдындағы кезеңде және түпкілікті пайдалануда қажет болғанда тексеруді жүзеге асырады;
30
30) «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін машиналар мен жабдықтарды айқындау мақсатында тұтыну нарығы мониторингін және оларды сатуға жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеуді жүзеге асырады;
31 31) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және келіседі;
32 32) техникалық регламенттi бекiтудi қоспағанда, машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейді, бекiтеді немесе келiседі;
33 33) өз құзыреті шегінде «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
34 34) «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін машиналар мен жабдықтардың өндірісін, өткізілуі мен нарықтағы айналымын тоқтата тұру туралы нұсқамалар береді;
35 35) ойыншықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердi келіседі;
36 36) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыреттер шегiнде ойыншықтардың техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестiгiне бақылауды жүзеге асырады;
37 37) сәйкестiк белгiсiнiң кескiнiн, оған қойылатын техникалық талаптар мен таңбалау тәртiбiн әзiрлейді және бекiтеді;
38 38) ойыншықтар өндiрiсiн, нарықта өткiзiлуiн және айналымын тоқтата тұру туралы нұсқамалар бередi;
39 39) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу және химиялық өнімді техникалық реттеу саласында ұсыныстар дайындау үшін сараптамалық кеңестерді құрады;
40
40) «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін химиялық өнімді айқындау мақсатында тұтыну нарығы мониторингін жүргізеді және оларды сатуға жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлейді;
41 41) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық құжаттаманы келіседі;
42 42) Қазақстан Республикасының аумағында химиялық өнімдерді тіркейді және оның есебін жүргізеді;
43 43) өз құзыретi шегiнде «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және химиялық өнiмдердiң қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;
44 44) химиялық өнімдердің өтініш берушінің (өндірушінің, жеткізушінің, импорттаушының) ұсынған ақпараттары негізінде адамның денсаулығы мен өміріне, қоршаған орта үшін қатерін бағалауды тексереді;
45 45) «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін химиялық өнімдердің өміршеңдігінің бір немесе бірнеше процестерін тоқтата тұру туралы нұсқамалар береді;
46 46) офсеттік саясатты іске асыруға әдістемелік басшылық пен бақылауды жүзеге асырады;
47 47) Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын ұйымдар мен органдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жөніндегі шараларды әзірлеуді жүзеге асырады;
48 48) мемлекеттік органдардың қазақстандық қамту мәселелері бойынша қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
49 49) бірлесіп бекітілген нысандар негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы, Мұнай және газ министрліктері тұрақты негізде ұсынатын қазақстандық қамту жөніндегі жалпы ақпаратты жинақтау мен талдауды қамтамасыз етеді;
50
50) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту мониторингін және тиісті ұйымдар ұсынатын өткізілген, өткізілетін әрі келесі жылға жоспарланған сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпаратты талдауды жүзеге асырады;
51 51) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы қазақстандық қамту мониторингін жүзеге асырады;
52
52) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің, оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
53 53) қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
54 54) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекеттік қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы қазақстандық қамтуды бақылауды жүзеге асырады және жолсыздықтар анықталған жағдайда шаралар қабылдайды;
55 55) объектілер мен жабдықтардың қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайындығын бағалау жөніндегі электр энергетикасы кәсіпорындары комиссияларының жұмысына қатысады;
56 56) электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының жай-күйін мерзімдік тексеруді жүзеге асырады;
57
57) электр және энергия қондырғыларын пайдаланудың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін энергия үнемдеу мақсатында электр және жылу энергиясын өндіру, беру және таратуды және оларды сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының техникалық пайдалануға беру және қауіпсіздік ережесін білуін біліктілік тексеруді ұйымдастырады;
58 58) энергетикалық объектілерде қауіпсіз және ұтымды өндіріс, электр және жылу энергиясын беру, бөлу және пайдалану, жылу үнемдеу саясатын орындау, заңды тұлғалардың энергетикалық тиімділігін тексеру жөнінде энергетикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастырады;
59 59) электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері техникалық талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
60 60) электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың электр мен жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануды және олардың техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
61 61) министрліктердің, ведомстволар мен ұйымдардың тиісті қызметтерін энергияны үнемдеу бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету бөлігінде бақылау мен үйлестіруді жүзеге асырады;
62 62) отын-энергетикалық ресурстардың тиімді пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;
63 63) энергия үнемдеудің бағдарламасын, нормативтік-әдістемелік актілерін, құқықтық және экономикалық тетіктерін әзірлеуді ұйымдастырады;
64 64) ұйымдар үшiн отын-энергетика ресурстарын өндiру номенклатурасы және оларды пайдалану тиiмдiлiгiнiң көрсеткiштерi бойынша есепті жүргiзедi;
65 65) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жаңартылған электр көздерін пайдалану объектілерін электр тарататын ұйымдардың электр немесе жылу желілеріне қосуға бақылауды жүзеге асырады;
66 66) отын-энергетикалық ресурстардың шығыс нормативтерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
67
67) Қазақстанның бірыңғай электр энергетикасы жүйесін бірнеше бөлікке бөлінуге, тұтынушыларды электр және жылу энергиясы бойынша жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың бұзылуына әкеп соқтырған электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жұмысындағы ірі технологиялық бұзылуларды тексерудің есебін жүргізеді;
68 68) электр энергетикасы туралы заңнаманы бұзушылықтар айқындалған жағдайда, электр энергетикасы объектілерінің басшыларына белгіленген үлгідегі нұсқамалар береді;
69 69) мыналарды:
электр және жылу энергиясының сапасы бойынша техникалық шарттар талаптарының сақталуын;
өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын пайдалану ережесінің сақталуын;
электр және жылу энергиясын өндіру, тарату, тұтыну режимдерінің ұтымды және үнемді пайдаланылуын, оңтайландырылуын;
күзгі-қысқы жағдайларда электр станцияларының, электр және жылу желілерінің жұмысқа дайындығын мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;
70 70) электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
71 71) бақылауға алынған энергиялық жабдықтарды тексеру, энергетикалық ұйымдарға кешенді тексеру және электр станцияларының, электр және жылу жүйелерінің энергетикалық жабдықтарының жұмысында техникалық жөнсіздіктерге тексеру жүргізу кезінде сарапшыларды тартады;
72
72) тиісті мемлекеттік органдарға авариялардың, жазатайым оқиғаның болуына себепші және өзге де электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарын өрескел бұзған жауапты тұлғаларды тәртіптік жазаға тарту туралы ұйымдардың иелеріне ұсыныс енгізеді немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдар жібереді;
73 73) электр энергетикасын дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
74 74) электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi;
75 75) өз құзыретi шегiнде электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тұтыну саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi;
76 76) энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына электр және жылу энергиясын жұмсау нормаларын регламенттейтін нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi;
77 77) жабдықтарды жобалау, салу, олардың пайдаланылуы және техникалық-экономикалық сипаттамалары саласындағы нормативтiк техникалық құжаттарды әзiрлейдi;
78 78) инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеуге арналған техникалық тапсырманы әзiрлейдi;
79 79) энергия өндiрушi ұйымдармен келiсiмдер және инвестициялық шарттар жасасады;
80 80) келiсiмдерде көзделген инвестициялық мiндеттемелердi және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламаларды энергия өндiрушi ұйымдардың орындауына мониторинг жүргiзедi;
81 81) энергия өндiрушi ұйымдар тобын қалыптастырады;
82 82) жеке тариф есептік тарифтен жоғары болып бекітілетін жағдайда инвестициялық бағдарламаның құнын көтеруді келіседі;
83
83) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп бекітеді;
84 84) электр энергиясын орталықтандырылған сауда нарығының операторын және жүйелік операторын айқындайды;
85 85) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесімен электр байланысы жоқ өңірлер үшін электр энергиясы көтерме сауда нарығының жұмыс істеу және ұйымдастырылу ерекшеліктерін айқындайды;
86 86) қосарлас (шунттаушы) электр желілері мен қосалқы станцияларды жобалау мен салуды келіседі;
87 87) меншік нысандарына қарамастан, электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін сатып алу-сату, жалға немесе сенімгерлік басқаруға беруді келіседі;
88 88) заттай мәндегі ұлттық отын-энергетикалық теңгерімді әзірлейді;
89 89) энергия үнемдеу саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады;
90 90) Энергия үнемдеу сараптамасы туралы ережені әзірлейді;
91 91) энергия үнемдеу мен жаңартылған энергия ресурстарын пайдалануды ынталандырудың нормативтік-әдістемелік, құқықтық және экономикалық тетіктерін әзірлейді;
92 92) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілерді орналастыру жоспарын (бағдарламасын) бекітеді;
93 93) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асырады;
94 94) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілер салу жобаларын келіседі;
95 95) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын әзiрлейдi;
96 96) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзiрлейдi;
97 97) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзiрлейдi;
98 98) электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзiрлейдi;
99 99) электр энергиясының теңгерімді нарығының жұмыс істеуі қағидаларын бекітеді;
100 100) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызметтерді ұсыну қағидаларын бекітеді;
101 101) Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесінде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөніндегі қағидаларды бекітеді;
102 102) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекітеді;
103 103) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекітеді;
104 104) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзiрлейдi;
105 105) энергетикалық сараптама жүргiзуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу әдiстемесiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;
106 106) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу әдiстемесiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;
107 107) электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзiрлейдi;
108 108) электрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзiрлейдi;
109 109) электр энергиясын пайдалану қағидаларын әзiрлейдi;
110 110) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын әзiрлейдi;
111 111) жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызметтер көрсету нарығын ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларын бекітеді;
112 112) электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзiрлейдi;
113 113) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын әзiрлейдi;
114 114) электр желілік қағидаларын әзiрлейдi;
115 115) энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзiрлейдi;
116 116) шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзiрлейдi;
117 117) аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзiрлейдi;
118 118) біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын әзiрлейдi;
119 119) техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын әзiрлейдi;
120 120) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзiрлейдi;
121 121) жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын әзiрлейдi;
122 122) жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ережені әзiрлейдi;
123 123) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзiрлейдi;
124 124) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзiрлейдi;
125
125) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларын әзiрлейдi;
126 126) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді тексеру жүргізу қағидаларын әзiрлейдi;
127 127) жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асырады;
128 128) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңес құрады;
129 129) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парағының, тәуекел деңгейін бағалау өлшемдерінің, жартыжылдық тексеру жоспарларының нысандарын әзірлейді және бекітеді;
130 130) белгіленген нысанда Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларымен Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасады;
131 131) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларымен Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу тәртібін, шарттары мен үлгі нысанын айқындайды;
132 132) Қазақстан Республикасындағы тыңайтқыш өндірушілердің тізбесін облыстың (Астана қаласының) жергілікті атқарушы органының сұрауы бойынша береді;
133 133) «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағынан басқа арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласындағы мемлекеттік органдардың және басқару компаниялардың қызметін үйлестіруді іске асырады;
134 134) арнайы экономикалық аймақтардың қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
135 135) өтінімнің және арнайы экономикалық аймақтың қатысушы ретінде тіркеу сауалнамасының нысандарын әзірлейді және бекітеді;
136 136) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті іске асыру жөніндегі үлгі шарттарды әзірлейді;
137 137) «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағынан басқа арнайы экономикалық аймақтың қызметіне қатысу үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тартады;
138 138) арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдары берілетін мәліметтердің негізінде арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізеді;
139 139) құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды бекітеді;
140 140) Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақты құру және тарату туралы ұсынысты енгізеді;
141 141) арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті беру тәртібін және мерзімділігін айқындайды;
142 142) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарының орындалуына мониторингті, сондай-ақ мониторингтің деректеріне талдауды жүзеге асырады;
143 143) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайынғы негізде арнайы экономикалық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы талдамалық ақпаратты береді;
144 144) тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп басқару компаниясын басқару үшін тұлғаларды конкурстық іріктеуді жүргізеді;
145 145) инвестицияларды мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады;
146 146) белгіленген тәртіппен мемлекеттік заттай гранттарды беру туралы шешімдерді қабылдайды;
147 147) инвестициялық преференциялар беру туралы шешім қабылдайды;
148 148) инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптарды белгілейді;
149 149) инвестициялық преференциялар беруге өтінімдер қабылдайды және тіркейді;
150 150) инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтiнiмдердi қабылдау, тiркеу және қарау тәртiбiн айқындайды;
151 151) инвестициялық преференциялар беруге келісімшарттар жасасады, тіркейді және оларды бұзады;
152 152) инвестициялық преференцияларды беруге арналған келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
153 153) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін қалыптастыруға қатысады;
154 154) стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі стандарттар мен нормативтік құжаттарды, стандарттар мен олар туралы ақпараттардың каталогтары мен нұсқауларын басып шығару және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;
155 155) халықаралық, өңiрлiк және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердiң техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн және стандарттау, сәйкестiктi растау мен аккредиттеу жөнiндегi ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртiбiн белгiлейдi;
156 156) мемлекеттiк стандарттау жоспарларын әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi;
157 157) сәйкестiк сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның, өтiнiш-декларацияның, тауардың шыққан елін анықтау жөнiндегі сертификаттың нысандарын белгiлейдi және оларды дайындауды ұйымдастырады;
158 158) өтiнiш-декларацияларды тiркеу тәртiбiн белгiлейдi;
159 159) мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің жұмысын жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құжаттарды келіседі;
160 160) техникалық реттеу саласындағы заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
161 161) өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды бекітеді;
162 162) өлшем құралдарының үлгісін бекіту туралы шешім қабылдайды;
163 163) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
164
164) аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталарының қызметiн тауардың шыққан елі туралы сертификатты беру тәртiбiнiң сақталуына және уәкiлеттi органның (ұйымның) қызметiн iшкi айналымға арналған тауардың шыққан елі туралы сертификатты беру тәртiбiнiң сақталуына жыл сайынғы тексерудi жүргiзу, кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдiк тауардың мәртебесiн айқындау арқылы бақылауды жүзеге асырады;
165 165) тауардың шыққан елін растайтын құжаттардың тізбесін бекітеді;
166 166) әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген тәртіппен аккредиттеу аттестатын тоқтата тұру, алып қою мәселелерін реттейді;
167 167) техника-экономикалық ақпараттарды мемлекеттік сыныптаушылардың тізілімін жүргізеді;
168 168) Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты сыныптау мен кодтау жүйесін құру және оның жұмыс істеуін бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
169 169) жобалар мен техникалық регламенттердің техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестігін талдауды және сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
170 170) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттермен және техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;
171 171) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
172 172) техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
173 173) Ақпараттық орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
174 174) сәйкестікті растау, тауардың шыққан елін айқындау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау тәртібін айқындайды және ұйымдастырады, сондай-ақ оларды кәсіптік даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырады;
175 175) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестіреді;
176 176) техникалық регламенттермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастырады;
177 177) мемлекеттік стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпараттарды сыныптаушыларды әзірлеуді, келісуді, есепке алуды, бекітуді, сараптауды, өзгертуді, күшін жоюды және қолданысқа енгізуді ұйымдастырады;
178 178) мемлекеттік, халықаралық, өңірлік стандарттарды, шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелер мен ұсынымдарды ресми басылымдарда басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды;
179 179) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады;
180 180) сәйкестікті растау саласындағы шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшін апелляциялық комиссия құрады;
181 181) басқа ұйымдар шығарған сәйкестікті растау мәселелері бойынша, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің талаптарына жауап бермейтін болса, құжаттардың күшін жою туралы ұсыныстар дайындайды;
182 182) өнімдерді таңбалауды бақылауды жүзеге асырады;
183 183) зертханааралық салыстырмалы сынау (салыстыру) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
184 184) Қазақстан Республикасының метрологиялық қызмет жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;
185 185) шама бірлігінің мемлекеттік эталондарын бекітеді;
186 186) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға жол берілуі мүмкін бірліктердің халықаралық жүйесіне кірмейтін шамаларды айқындайды;
187 187) метрология саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
188 188) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарының сыныптамасын белгілейді;
189 189) өлшем құралдарына, әдістері мен нәтижелеріне, өлшем құралдарын тексеру әдістемелеріне жалпы метрологиялық талаптарды айқындайды;
190 190) өлшем құралдарын тексеру және калибрлеу нәтижелерін салыстыруды ұйымдастырады;
191 191) өлшем бірліктерін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
192 192) мемлекеттiк метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және өткізеді;
193 193) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану мәселелері жөніндегі заңнамалық актілерін әзірлеу және өзгерту жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
194 194) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті регламенттейтін нормалар мен ережелерді әзірлейді, белгілейді және қабылдайды;
195 195) радиациялық қауіпсіздікке, табиғи қорғанысқа және аварияға қарсы жоспарлауға, ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерін есепке алуға және бақылауға қатысты нормалар мен ережелерді әзірлейді және келіседі;
196 196) радиациалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен қағидаларды әзiрлейді, олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
197 197) радиациялық қауiпсiздiк саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейді;
198 198) ядролық, радиациялық және электролік-физикалық қондырғылардың қауіпсіздігіне арналған сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларының үлгілік мазмұнын айқындайды;
199 199) атом энергиясын пайдалану саласындағы нормалар мен ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
200 200) атом энергиясы саласында өз өкілеттіктерін орындауға байланысты инспекциялар жүргізеді;
201 201) Қазақстан Республикасының аумағында радиациялық жағдайды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
202 202) ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерін мемлекеттік есепке алу мен бақылауды жүзеге асырады;
203 203) радиациялық қауіпсіздікті бағалау нәтижелерін бекітеді;
204 204) ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды табиғи жағынан қорғаудың қамтамасыз етілуін қадағалауды жүзеге асырады;
205 205) ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін құрады;
206 206) коммерциялық мақсаттарда беруді, сатуды немесе сатып алуды немесе коммерциялық сипаты жоқ беруді қамтитын атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортын бақылауды жүзеге асырады;
207 207) радиациялық қауіпсіздік нормалары мен қағидаларының, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
208 208) радиациялық қорғау жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді;
209 209) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
210 210) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында, оның ішінде халықтың сәуле алу мөлшерін бақылау мен есепке алуда мемлекеттік басқарудың бірыңғай жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
211 211) ядролық материалдар мен басқа иондаушы сәуле көздерінің экспортын, импортын, тасымалдануын, транзитін және олардың орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады;
212
212) мемлекеттік статистикалық есептілік нысандарын әзірлейді және мемлекеттік статистика саласындағы құзыретті органмен келісім бойынша отын-энергетикалық ресурстарды өндіру мен тұтынудың көлемі мен номенклатурасы және меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін оларды пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері туралы мемлекеттік статистикалық есептіліктің енгізілуін қамтамасыз етеді;
213 213) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені және оның құрамын бекітеді;
214 214) кең таралғандарын қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты дайындауды және ұйымдастыруды жүзеге асырады;
215 215) кең таралғандарын қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын береді;
216 216) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшартты қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылармен қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттың талаптары туралы келiссөздер жүргiзеді;
217
217) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттық құжаттар жобаларын қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттық құжаттардың жобаларына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
218
218) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қағидаларға сәйкес, салықтардың бюджетке толық төленуін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында минералдық шикізатты бастапқы өңдеуге (байытуға) жататын жұмыстар тізбесін айқындау бөлігінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың жобаларына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
219 219) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарды жасайды, мемлекеттiк тiркеуді және сақтауды жүзеге асырады;
220
220) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктерге сәйкес, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiреді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
221 221) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер қойнауын пайдаланушылардың жерасты сулары мен емдік балшықтар бөлігіндегі келісімшарттардың талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
222
222) Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына қатты пайдалы қазбалар бөлігінде иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы ұсыныс әзірлеуге қажетті материалдарды енгізеді;
223
223) мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары негiзiнде қатты пайдалы қазбалар бөлігінде иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы шешiмдер қабылдайды;
224
224) жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сараптама комиссияның ұсыныстары негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығаруға, жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесiн (акциялар пакетiн) кепiлге беруге рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту), сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдалану құқығын қоспағанда, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36 және 37-баптарына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру жөнiндегi мәмiленi тiркейді;
225
225) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның немесе жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның қатысушысы (акционері) болып табылатын заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы жағдайында беру актісі не бөлу балансы негізінде қатты пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтар бөлігіндегі жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бір бөлігінің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің құқық мирасқорлығы тәртібімен ауысуына «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабында белгіленген тәртіппен рұқсатты береді;
226
226) кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтар бөлігіндегі жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі сауда-саттыққа қатысуға рұқсат береді;
227
227) сауда-саттық өткізілмеді деп жарияланған жағдайда кепілге салынған мүлікті өз меншігіне айналдыруға (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтар бөлігіндегі жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бір бөлігінің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің иегері болуға) рұқсат береді;
228 228) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз етеді;
229
229) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттар бойынша келiсiмшарт талаптарының орындалу барысы туралы жыл сайынғы есептi Қазақстан Республикасының Президентiне және Үкiметiне ұсынады;
230 230) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар және көмірсутек шикізаты бар жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелері тізбелерінің жобаларын әзірлейді;
231 231) құрамында көмірсутек шикізаты бар жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, ұлттық компанияның үлестік қатысуы конкурстың шарты болып табылатын жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін қалыптастырады;
232 232) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттардың қолданылуын жаңарту туралы шешiм қабылдайды;
233
233) кең таралғандарын қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшықтар бөлігінде келiсiмшартты орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн басқа мемлекеттердiң тиiстi органдарымен Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша келiссөздер жүргiзеді және келiсiмдер жасайды;
234 234) жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сараптамалық комиссия туралы ереженi бекiтеді;
235 235) Қазақстан Республикасының аумағында өңделуiн конкурсқа қатысушы қамтамасыз етуге мiндеттенетiн минералдық шикiзаттың ең аз мөлшерiн айқындайды;
236 236) модельдiк келiсiмшарттардың жобаларын әзiрлейді;
237
237) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту және кадрлардағы қазақстандық қамту бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар талаптарын орындауына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;
238 238) келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;
239
239) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар ұсынатын, жүргізілген, жүргізілетін және есепті кезеңнен кейінгі жылда жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты жинақтауды және талдауды жүзеге асырады;
240
240) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкiлеттiк берген тұлғалар ұсынатын, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кезеңдерге жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу туралы ақпаратты жинақтауды және талдауды жүзеге асырады;
241 241) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбiн жер қойнауын пайдаланушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
242 242) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен ақпарат сұратуды жүзеге асырады;
243 243) пайдалы қазбаларды барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тiкелей келiссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы туралы ереженi және оның құрамын бекiтеді;
244 244) кадрлардағы қазақстандық қамтуды есептеу әдістемесін келіседі;
245 245) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына қосу үшін қазақстандық кадрлармен қамтудың ең аз санын ұсыну тәртібін келіседі;
246 246) қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейін есептеу әдістемесін келіседі;
247 247) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына қосу үшін кадрлардағы пайызбен санағанда ең аз қазақстандық қамтуды ұсынудың тәртібін келіседі;
248 248) бағалау жұмыстары сатысына көшуге рұқсат береді;
249
249) кең таралған пайдалы қазбалар және көмірсутегі шикізаты бойынша келісімшарттарды қоспағанда, ұлттық компания мен құзыретті орган арасындағы тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша жасалған келісімшарттар бойынша немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жобаларды бірлесіп іске асыру үшін ұлттық компания айқындаған стратегиялық әріптесті келіседі;
250
250) барлауға арналған келісімшарт негізінде коммерциялық табумен байланысты өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен бірлесіп өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, тікелей келіссөздер негізінде кең таралғандардан және көмірсутек шикізаттан басқа пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, бірлескен барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелерін айқындайды;
251 251) кең таралған пайдалы қазбалар және көмірсутегі шикізаты бойынша келісімшарттарды қоспағанда, конкурстың жеңімпазы не онымен келісімшарт тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға әзірлеген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жобасын келіседі;
252 252) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда барлауды, өндіруді жүргізу үшін немесе барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген сервитуттарды тіркеуді жүзеге асырады;
253 253) кең таралғандарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшықтар бөлігінде тарату қорының қаражатын пайдалануға рұқсат береді;
254 254) өндіруші салалардың, оның ішінде қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшық бөлігіндегі қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруды жүзеге асырады;
255 255) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi өңiраралық комиссиялар туралы ереженi бекiтеді;
256 256) мұнай операцияларын жүргiзу саласын қоспағанда, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейді және нормативтiк-техникалық құжаттарды бекiтеді;
257 257) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi өңiраралық комиссиялар туралы ереженi әзiрлейді;
258 258) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ереженi әзiрлейді;
259 259) пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану жөнiндегi бiрыңғай қағидаларды әзiрлейді;
260 260) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбiн әзiрлейді;
261 261) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды ағызу тәртiбiн әзiрлейді;
262 262) мемлекет меншiгiнде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге әкету қағидаларын әзiрлейді;
263 263) жер қойнауына мемлекеттiк мониторингтi жүзеге асыру тәртiбiн әзiрлейді;
264 264) тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртiбiн әзiрлейді;
265 265) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшартты (шартты) жасасу тәртiбiн әзiрлейді;
266 266) жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою және консервациялау қағидаларын әзiрлейді;
267 267) жер қойнауының жай-күйi туралы геологиялық есептiлiктi ұсыну нысанын әзiрлейді;
268 268) техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн әзiрлейді;
269
269) «Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмі» деген мемлекеттiк ақпараттық жүйе арқылы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу қағидаларын әзiрлейді;
270 270) тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде ұйымдардың қазақстандық қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесiн әзiрлейді;
271 271) электрондық сатып алу жүйелерi жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi жұмысымен қадамдастыру тәртiбiн әзiрлейді;
272
272) тәулiгiне екi мың және одан да астам текше метр көлемдегi өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық схемасына сәйкес қабаттарға айдау үшiн оларды барлау мен өндiруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезiнде су деңгейiн төмендету мақсатында жерасты суларын өндiруге арналған рұқсатты беру тәртiбiн әзiрлейді;
273
273) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
274 274) мұнай мен газ саласындағы уәкiлеттi органмен келiсім бойынша Қазақстан Республикасында дамытылатын басым жоғары технологиялық өндiрiстер тiзбесiн бекiтеді;
275 275) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердегi ең аз қазақстандық қамтуды есептеудiң жер қойнауын пайдалану құқығын беру конкурсының шарттарына енгiзiлетiн тәртiбiн әзiрлейді;
276
276) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуының жылдық, орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуы туралы есептерді жасау және ұсыну нысандары мен тәртiбiн әзiрлейді;
277
277) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келiсiмшартты орындау кезiнде тартылған қызметкерлердi оқытуға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыреттi органмен келiсiлген мамандықтар тiзбесi бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшерi жөнiндегi мiндеттемелердi орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерiн жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртiбiн әзiрлейді;
278 278) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды айқындау тәртiбiн әзiрлейді;
279 279) жер қойнауын пайдалану және оларды өндірушілер бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімін қалыптастырады және жүргізеді, сондай-ақ осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін әзірлейді;
280 280) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлемінде жер асты өндірістік-техникалық суларын барлау және өндіру рұқсатын береді және кері қайтарады;
281 281) жер қойнауын пайдалану құқығын береді және жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарттар (шарттар) жасасады;
282 282) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарды салуға және (немесе) оларды пайдалануға келісімшарттарды жасасады;
283 283) жер қойнауының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастырады және жүргізеді, пайдалы қазбалар қорларын бекітеді;
284 284) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу саласындағы жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың экономикалық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;
285 285) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімін, кен орындарының және пайдалы қазбалардың білінулері, қауіпті геологиялық үдерістердің мемлекеттік кадастрларын жасауды ұйымдастырады және жүргізеді;
286 286) тарихи шығындардың мөлшерін, жер қойнауы туралы геологиялық ақпараттың құнын және алу шартын айқындайды;
287 287) жер қойнауы геологиялық ақпаратының республикалық және аумақтың қорларын ұйымдастырады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
288 288) жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы мен жер қойнауын пайдаланудың белгіленген тәртібін кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты бөлігінде сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
289 289) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттар әзiрлеудi жүзеге асырады;
290 290) конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын қалыптастыру бойынша құзыреттi органға ұсыныстар енгiзедi;
291 291) жер қойнауын, минералдық шикізатты бастапқы өңдеуді (байытуды) қоса алғанда, ұтымды және кешенді пайдалануды бақылауды жүзеге асырады;
292 292) геологиялық және тау-кен бөлінісін береді;
293 293) техногендік минералдық тізілімдердің мемлекеттік кадастрын ұйымдастырады және жүргізеді;
294 294) келiсiмшарттардың жобалары мен жұмыс бағдарламаларын келiседi;
295 295) суды пайдаланушылар мен гидрометеорологиялық қызмет ұсынатын жерасты суларын пайдалануды есепке алу деректерінің негізінде жерасты суларын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырады;
296 296) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізеді;
297 297) жер бетіндегі су объектілері жоқ, бірақ ауыз су сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз етуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсаттарды келіседі;
298 298) жерасты су объектілерінің сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау іс-шараларына рұқсаттарды келіседі;
299 299) бассейндік схемалардың және су объектілеріне шекті жол берілетін зиянды әсер ету нормативтерінің негізінде жерасты су объектілеріне арналған су пайдалану лимиттерін келіседі;
300 300) су объектілерінде, су қорғау аймақтарында және жолақтарында кәсіпорындар мен басқа да ғимараттарды орналастыру, жобалау, салу, қайта жаңарту және пайдалануға беру шарттарын келіседі;
301 301) бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын өткізуге жобалық құжаттаманы, жер асты су объектілері арқылы коммуникация құрылыстарының жобаларын келіседі;
302 302) жерасты су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салуға, қайта жаңартуға, пайдалануға, консервациялауға, жоюға, сондай-ақ орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтамасыз ету кезiнде жерасты су объектiлерiнен тiкелей жерасты суын алуға қорытындылар бередi;
303 303) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда iлеспе және (немесе) табиғи газды алау түрiнде жағуға рұқсаттарды келiседi;
304 304) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссияның ұсынымдары негiзiнде жобалау құжаттарын бекiтедi;
305 305) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығарылуға жататын жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
306 306) барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тiкелей келiссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы туралы ереженi және оның құрамын бекiтедi;
307 307) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу және оған мониторинг жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзумен байланысты объектiлердiң жобалық-сметалық құжаттамасына экономикалық сараптама жүргiзу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою тәртiбiн бекiтедi;
308 308) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу және оған мониторинг жүргiзу саласындағы жұмыстарды жүргiзуге арналған уақыт және бағалау нормаларын бекiтедi;
309 309) кен орындары қорларын сынамалы пайдалануды жүргiзу талаптары мен мерзiмдерiн айқындайды;
310
310) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын мемлекеттік мен геологиялық зерттеуге арналған келісімшарттардың, сондай-ақ барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар (шарттар) талаптарының орындалуы жөніндегі бақылау мен оның мониторингі мен бақылауды жүзеге асырады;
311 311) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асырады;
312 312) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сәйкес жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпаратты сақтау, жүйелеу және қорытуды жүзеге асырады;
313 313) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген нұқсанның мөлшерін айқындайды;
314
314) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша келісімшарт аумағындағы немесе одан тысқары жерлердегі барлаумен немесе өндірумен байланысты емес және радиоактивті қалдықтарды, зиянды заттарды көмуге және сарқынды суларға арналған жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге жазбаша рұқсат береді;
315 315) келісімшарт негізінде жер қойнауын пайдаланушыға берілген жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруді алдын ала келіседі;
316 316) конкурс туралы хабарлама берілгенге дейін геологиялық ақпарат топтамаларын дайындайды және оның құнын айқындайды;
317 317) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге қорытынды береді;
318 318) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссиямен келісім бойынша пайдалы қазбалардың бекітілген қорларының көлеміне қарай өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарының қолданылу мерзімін ұзартады;
319 319) жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану саласындағы өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргізеді;
320 320) кен орындары қорларын жіктеу тәртібін айқындайды;
321
321) жерасты суларын тәулігіне екі мың текше метрден астам көлемде өндіру кезінде, сондай-ақ пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес оларды қабаттарға айдау үшін жерасты суларының кен орындарын игеру жобасын пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссияның ұсыныстары негізінде бекітеді;
322 322) бір келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу тәртібін келіседі;
323 323) ілеспе газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын келіседі;
324 324) кен орнында бірыңғай объект ретінде бірлескен барлау немесе өндіру туралы шартты жасасу кезінде бүкіл кен орны үшін бірыңғай жұмыс бағдарламасын келіседі;
325 325) жобалау ұйымы әзірлеген жер қойнауын пайдалану объектілерінің жою немесе консервациялау жобаларын келіседі;
326 326) құзыретті органның тарату қорын пайдалану жөніндегі рұқсатын келіседі;
327 327) алдағы салынатын құрылыс учаскелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы туралы немесе оның маңыздылығының аздығы туралы қорытынды береді;
328 328) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыстар салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын салуға рұқсат береді;
329 329) жер қойнауын зерделеу мен пайдалануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
330 330) мемлекеттік органдарға пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі бойынша ақпарат береді;
331 331) жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесіп, жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген зиянның мөлшерін анықтайды;
332 332) кеден одағының аумағы шегінде геологиялық ақпаратты әкетуге рұқсат беруді жүзеге асырады;
333 333) кеден одағының аумағынан тысқары жерлерге геологиялық ақпаратты әкетуге арналған кеден одағының уәкілетті мемлекеттік органы берген лицензияны келіседі;
334 334) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын және олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің арнайы есебін жүргізеді;
335 335) қайта өңдеу үшін Кеден одағына әкелу және оларды Кеден одағынан әкету кезінде құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын және олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын растауды жүзеге асырады;
336 336) Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытындыны береді;
337 337) Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металл қалдықтарын және сынықтарын әкелу кезінде Мемлекеттік бақылау актісін береді;
338
338) Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағынан экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металл қалдықтарын және сынықтарын әкету кезінде Мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін береді;
339 339) Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы) және мүмкіндігі (мүмкін еместегі) туралы қорытындыларды береді;
340 340) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;
341 341) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакеттерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырады;
342 342) өз қызметі саласында республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асырады;
343 343) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
344 344) Министрлік қызметінің бағыттары бойынша оның жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асырады;
345 345) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің орыс тіліндегі тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
352 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1640 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі