Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата области от 26 июля 2004 года № 202 "О запрете рубок главного пользования в хвойных и саксауловых насаждениях на участках государственного лесного фонда и мерах по их сохранению"

Қаулы · № 398 · қабылданған 07.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2004-no-202-ekb-69353/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата области от 26 июля 2004 года № 202 "О запрете рубок главного пользования в хвойных и саксауловых насаждениях на участках государственного лесного фонда и мерах по их сохранению" Күшін жойған Қаулы ·№ 398 ·07.11.2012
13.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата области от 26 июля 2004 года № 202 "О запрете рубок главного пользования в хвойных и саксауловых насаждениях на участках государственного лесного фонда и мерах по их сохранению"

Күшін жойған Қаулы ·№ 398 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата области от 26 июля 2004 года № 202 "О запрете рубок главного пользования в хвойных и саксауловых насаждениях на участках государственного лесного фонда и мерах по их сохранению"
Атауы (қаз.)
Облысы әкімдігінің 2004 жылғы 26 шілдедегі № 202 "Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
398
Қабылданған күні
07.11.2012
Көрсетілген редакция
13.12.2016 69353_138763.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12C0003470
ЭКБ идентификаторы
69353
Редакция идентификаторы
69353_138763
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:58

0 Облысы әкімдігінің 2004 жылғы 26 шілдедегі № 202 "Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 15-бабының 2-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 460 «Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 26 шілдедегі № 202 «Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілер тізіліміне № 2904 тіркелген, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттеріне 2004 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы «10 жылға» деген сөздер «2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Ақтөбе облыстық орман және аңшылық шаруашылық аумақтық басқармасы (М.Г. Аязбаев), орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріне (М.І. Сартов, И. Көмекбаев, Р.Ш. Мифтахутдинов, А.С. Зирбаев, Ж. Мағауияұлы)» деген сөздер «Ақтөбе облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы (К.С. Аязов), орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріне (М.М. Меңдібаев, И. Көмекбаев, Р.Ш. Мифтахутдинов, С.Ж. Молдақұлов, С.Ғ. Мусин)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы департаменті» ММ» деген сөздер «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Ә.Н. Картовқа» деген сөздер «Р.К. Кемаловаға» деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы