О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 26 марта 2004 года № 74 «О создании ведомственных, частных архивов в учреждениях, организациях, предприятиях области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 26 марта 2004 года № 74 «О создании ведомственных, частных архивов в учреждениях, организациях, предприятиях области»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2004 жылғы 26 наурыздағы № 74 «Облыс мекемелерінде, ұйымдарында, кәсіпорындарында ведомстволық, жеке мұрағаттар құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 76
- Қабылданған күні
- 14.04.2017
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2017 112168_183820.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17M0003355
- ЭКБ идентификаторы
- 112168
- Редакция идентификаторы
- 112168_183820
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:23
0 Маңғыстау облысы әкімдігінің
2004 жылғы 26 наурыздағы
№ 74 «Облыс мекемелерінде,
ұйымдарында, кәсіпорындарында
ведомстволық, жеке мұрағаттар
құру туралы» қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2015 жылғы 28 қазандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2004 жылғы 26 наурыздағы
№ 74 «Облыс мекемелерінде, ұйымдарында, кәсіпорындарында ведомстволық, жеке мұрағаттар құру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1667 болып тіркелген, 2004 жылы 13 мамырдағы №81 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы қаулының тақырыбындағы, кіріспесіндегі және бүкіл мәтін бойынша «мұрағат», «мұрағаттар», «мұрағатқа», және «мұрағаттарға» деген сөздер тиісінше «архив», «архивтер», «архивке», және «архивтерге» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
2
2. «Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Г.Б.Төлеуғалиева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Маңғыстау облысы тілдерді дамыту,
архивтер мен құжаттама басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысы
Г.Б.Төлеуғалиева
«14» 04 2017 ж