О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 26 мая 2005 года N 143/18-III "О Перечне категорий граждан, нуждающихся в оказании социальной помощи за счет средств бюджета города Астаны"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 26 мая 2005 года N 143/18-III "О Перечне категорий граждан, нуждающихся в оказании социальной помощи за счет средств бюджета города Астаны"
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-ІІІ "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 80/14-IV
- Қабылданған күні
- 24.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2014 AI39520_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08A000532_
- ЭКБ идентификаторы
- 39520
- Редакция идентификаторы
- AI39520_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:33
0 Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-ІІІ "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қолданушылардың назарына!!!
Шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтанқараңыз.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-ІІІ "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешіміне(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 1 шілдеде N 395 тіркелген, 2005 жылғы 5 шілдеде N 90 "Астана хабары", 2005 жылғы 9 шілдеде N 103-104 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен Әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесінде:
13-тармақтағы "кедейшілік шегінен" деген сөздер "азық-түлік себетінің құнынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тізбе мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
16 "16. "Астана қаласының түберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесінде диспансерлік есепте тұратын белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтар.".
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Астана қаласы
мәслихатының сессия төрағасы С. Богатырев
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В. Редкокашин
КЕЛІСІЛДІ:
Астана қаласының
жұмыспен қамту және
Әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының директоры А. Алтыбаева