О внесении дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 марта 2005 года № 109 "Об утверждении Правил оценки финансовых инструментов, находящихся в инвестиционных портфелях накопительных пенсионных фондов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 марта 2005 года № 109 "Об утверждении Правил оценки финансовых инструментов, находящихся в инвестиционных портфелях накопительных пенсионных фондов"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 165
- Қабылданған күні
- 29.10.2008
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2014 AI42798_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005386_
- ЭКБ идентификаторы
- 42798
- Редакция идентификаторы
- AI42798_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:41
0 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Бағалы қағаздар рыногын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3603 тіркелген ) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 29 қазандағы N 390 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3949 тіркелген ), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 152 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4401 тіркелген, 2006 жылғы 13 қазанда "Заң газеті " газетінің N 182 (988) санында жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 227 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4490 тіркелген ), Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 30 маусымдағы N 98 қаулысымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5275 тіркелген, 2008 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында N 9 санында жарияланған) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесінде:
мынадай мазмұндағы 7-3-тармақпен толықтырылсын:
"7-3. Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттерінің Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа түсетін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы бағалы қағаздардың эмитентімен жасалған келісімдерінің аясында шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған борыштық бағалы қағаздарды бағалау сатып алу құны бойынша жүзеге асырылады.".