Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 марта 2005 года № 113 "Об утверждении Правил принудительного выкупа акций банка и их обязательной продажи инвесторам"

Қаулы · № 202 · қабылданған 28.11.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2005-no-113/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 марта 2005 года № 113 "Об утверждении Правил принудительного выкупа акций банка и их обязательной продажи инвесторам" Күшін жойған Қаулы ·№ 202 ·28.11.2008
02.05.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 марта 2005 года № 113 "Об утверждении Правил принудительного выкупа акций банка и их обязательной продажи инвесторам"

Күшін жойған Қаулы ·№ 202 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 марта 2005 года № 113 "Об утверждении Правил принудительного выкупа акций банка и их обязательной продажи инвесторам"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 113 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
202
Қабылданған күні
28.11.2008
Көрсетілген редакция
02.05.2019 43457_407801.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005484_
ЭКБ идентификаторы
43457
Редакция идентификаторы
43457_407801
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:31

0 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 113 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі -Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Агенттік Басқармасының "Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 113 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3576 тіркелген, 2005 жылғы 2 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде N 96-97(721) санында жарияланған) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, 2007 жылғы шілде - тамызда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) енгізілген өзгерістермен бірге мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесінде:
кіріспе "мүддесін қорғау мақсатында" деген сөздерден кейін "меншікті" деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
"1. Банк акцияларын оларды жаңа инвесторға сату мақсатында мәжбүрлеп сатып алуды уәкілетті орган банкте меншікті капиталдың теріс мөлшері белгіленген кезде жасайды."
3-тармақтағы "сатуды банк" деген сөздерден кейін "меншікті" деген сөзбен толықтырылсын;
8-тармақтағы "міндеттемесін, банк" деген сөздерден кейін "меншікті" деген сөзбен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде

мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі.

3 3. Банктерді қадағалау департаменті (Бөбеев М.С.):

1 1) заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

4 4. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының

орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

Қолданыстағы