О внесении изменения в решение маслихата города Астаны от 26 мая 2005 года № 143/18-III "О Перечне категорий граждан, нуждающихся в оказании социальной помощи за счет средств бюджета города Астаны"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата города Астаны от 26 мая 2005 года № 143/18-III "О Перечне категорий граждан, нуждающихся в оказании социальной помощи за счет средств бюджета города Астаны"
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы № 143/18-III "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 47/5-V
- Қабылданған күні
- 26.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2014 AI66891_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12A0000738
- ЭКБ идентификаторы
- 66891
- Редакция идентификаторы
- AI66891_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:56
0 Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы № 143/18-III "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы № 143/18-III «Астана қаласы бюджетiнiң қаражаттары есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тiзбесi туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 1 шілдеде № 395 болып тіркелген, 2005 жылғы 5 шілдедегі № 90 «Астана хабары», 2005 жылғы 9 шілдедегі № 103-104 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесінде 18-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
18 «18. «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар».
2 2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы М. Шекенов
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы С. Есілов