О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Павлодарской области от 26 июля 2005 года № 248/6 "Об утверждении Инструкции по оплате стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение, и лиц, сопровождающих их, в пределах Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Павлодарской области от 26 июля 2005 года № 248/6 "Об утверждении Инструкции по оплате стоимости проезда больных, направляемых по медицинским показаниям на лечение, и лиц, сопровождающих их, в пределах Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- Облыс әкімдігінің 2005 жылғы 26 шілдедегі "Қазақстан Республикасы шегінде медициналық көрсетімдер бойынша емделуге жіберілетін науқастардың және оларды сүйемелдейтін адамдардың жол ақысын төлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 248/6 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 69/2
- Қабылданған күні
- 20.02.2006
- Көрсетілген редакция
- 07.10.2010 AI26733_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.10.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V06P0003063
- ЭКБ идентификаторы
- 26733
- Редакция идентификаторы
- AI26733_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:54
0 Облыс әкімдігінің 2005 жылғы 26 шілдедегі "Қазақстан Республикасы шегінде медициналық көрсетімдер бойынша емделуге жіберілетін науқастардың және оларды сүйемелдейтін адамдардың жол ақысын төлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 248/6 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы 27 бабының 2-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
облыс әкімдігінің 2005 жылғы 26 шілдедегі "Қазақстан Республикасы шегінде медициналық көрсетімдер бойынша емделуге жіберілетін науқастардың және оларды сүйемелдейтін адамдардың жол ақысын төлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 248/6 қаулысына (Павлодар облысы әділет департаментінде 2005 жылғы 17 тамыздағы № 3041 тіркелді, "Звезда Прииртышья" газетінің 2005 жылғы 1 қазандағы № 111 санында жарияланды) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағындағы "2005 жылға арналған" деген сөздер мен сандар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы шегінде медициналық көрсетімдер бойынша емделуге жіберілетін науқастардың және оларды сүйемелдейтін адамдардың жол ақысын төлеу жөніндегі нұсқаулықтың 3-тармағы "жылына бір рет" деген сөздерден кейін ", ал қайта емделу көрсеткіштері болған жағдайда - бірнеше рет" деген сөздермен толықтырылсын.