О мерах по реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 26 мая 2005 года № 511 "Об утверждении Правил отбора претендентов для присуждения международной стипендии Президента Республики Казахстан "Болашак"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 26 мая 2005 года № 511 "Об утверждении Правил отбора претендентов для присуждения международной стипендии Президента Республики Казахстан "Болашак"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 300
- Қабылданған күні
- 08.06.2007
- Көрсетілген редакция
- 12.06.2008 AI33815_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.06.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004754_
- ЭКБ идентификаторы
- 33815
- Редакция идентификаторы
- AI33815_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:32
0 "Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N 511 қаулысын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
"Қазақстан Республикасы Президентінің»"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N 511 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. 2007 жылы "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға құжаттарды қабылдаудың және конкурсты өткізудің мынадай мерзімдері белгіленсін:
құжаттарды қабылдау - 2007 жылғы 1 шілде - 31 қазан аралығында;
конкурстық іріктеу өткізу - 2007 жылғы 10 желтоқсанға дейін.
2 2. Шетелде оқу үшін таңдаған бағыты бойынша үміткерлердің дайындық деңгейін анықтау үшін тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3
3. Дамыту стратегиясы департаменті (С. Ырсалиев) "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-мен (Қ. Дайырова) бірлесіп, 2007 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде "Болашақ" халықаралық стипендиясының шеңберінде оқу үшін ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарын анықтау регламентін әзірлеп, бекітуге енгізсін.
4 4. Дамыту стратегиясы департаменті (С. Ырсалиев) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментімен (К. Құрманәлиев) бірлесіп:
2007 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде 2007 жылы "Болашақ" халықаралық стипендиясының шеңберінде шетелде оқыту үшін ұқсас мамандықтардың тізбесін бекітуге ұсынсын;
Қазақстан Республикасы Бакалавриат және магистратура мамандықтарының жіктеуішінде үміткердің жоғары оқу орнында алған мамандығының атауы болмаған немесе өзгеше аталған жағдайда үміткерлердің іс қағаздарының ұқсастығын қарасын және жеке тәртіппен конкурсқа жіберу туралы шешім қабылдасын.
5 5. Дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С. Ырсалиев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
6 6. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
7 7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
8 Шетелде оқу үшін таңдаған бағыты бойынша үміткерлердің дайындық деңгейін анықтау үшін тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамы
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 8 маусымдағы
N 300 бұйрығына қосымша
Шетелде оқу үшін таңдаған бағыты бойынша үміткерлердің дайындық деңгейін анықтау үшін тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамы