Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2005 года №153 "Об определении дятельности, относящейся к монетарной"

Қаулы · № 80 · қабылданған 27.05.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2005-no153/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2005 года №153 "Об определении дятельности, относящейся к монетарной" Қолданыста Қаулы ·№ 80 ·27.05.2015
27.05.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2005 года №153 "Об определении дятельности, относящейся к монетарной"

Қолданыста Қаулы ·№ 80 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2005 года №153 "Об определении дятельности, относящейся к монетарной"
Атауы (қаз.)
"Монетарлыққа жататын қызметті айқындау туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы №153 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
80
Қабылданған күні
27.05.2015
Көрсетілген редакция
27.05.2015 90670_34228.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011296
ЭКБ идентификаторы
90670
Редакция идентификаторы
90670_34228
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:55

0 «Монетарлыққа жататын қызметті

айқындау туралы» Қазақстан
Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының 2005 жылғы
26 қарашадағы № 153 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3996 тіркелген «Монетарлыққа жататын қызметті айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы

26 қарашадағы № 153 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақтың жиырма жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ақша-кредит саясаты, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, макропруденциялық реттеу, халықаралық және (немесе) өңірлік қаржы орталықтарын құру және дамыту, валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелеріне байланысты қызметті іске асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатып алу, сондай-ақ көрсетілген мәселелер бойынша консультанттар мен кеңесшілердің қызметін сатып алу.».

2 2. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын және исламдық қаржыландыруды дамыту департаменті (Нұрғалиев Е.Б.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Ж. Құсайыновқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы