Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 июля 2006 года № 273 «Об утверждении Правил проведения аттестации кандидатов в аудиторы»

Бұйрық · № 284 · қабылданған 05.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2006-no-273/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 июля 2006 года № 273 «Об утверждении Правил проведения аттестации кандидатов в аудиторы» Қолданыста Бұйрық ·№ 284 ·05.06.2025
05.06.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 июля 2006 года № 273 «Об утверждении Правил проведения аттестации кандидатов в аудиторы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 284 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 июля 2006 года № 273 «Об утверждении Правил проведения аттестации кандидатов в аудиторы»
Атауы (қаз.)
«Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
284
Қабылданған күні
05.06.2025
Көрсетілген редакция
05.06.2025 211098_760985.kaz
Соңғы өзгеріс
05.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036223
ЭКБ идентификаторы
211098
Редакция идентификаторы
211098_760985
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:01

0 «Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы

26 шілдедегі № 273 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 23 тамыздағы № 273 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4354 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторларға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аудиторлыққа кандидат аттестаттауға тiркелу үшiн Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) пәннің (пәндердің) атауын көрсетілген өтініш (әр емтиханға);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жоғары білімін растайтын мынадай құжаттардың бірі:
құжаттың (дипломның) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
«электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алынған ұсынылған электрондық құжат;
шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тану рәсімінен өткенін растайтын құжат;
4) экономикалық, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде 3 (үш) жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кітапшасының немесе өзге құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) бухгалтерлік есеп және аудит саласында халықаралық біліктілік алғанын растайтын құжаттың (бар болған жағдайда) нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
6) судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі (бар болған жағдайда);
7) тиісті «электрондық үкімет» шлюзі ақпараттық жүйелер арқылы алынған адвокатқа немесе нотариусқа біліктілік емтиханын немесе аттестаттауды тапсырғанын растайтын құжаттың көшірмесі, адвокатқа немесе нотариусқа лицензия (бар болған жағдайда);
8) «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алынған соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама.
Комиссия ұсынылған ақпаратты тексереді. Экономика және қаржы саласында өтелмеген соттылығы болған жағдайда кандидатты аудиторлыққа аттестаттауға тіркемейді.
Барлық құжаттар құжат тiгiлетiн папкаға қыстырылады, оның сыртқы бетiнде: № ___ Жеке iс, аудиторлыққа кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) ресiмдеу күнi көрсетiледi.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Аудиторлыққа кандидат осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Комиссия 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жауапты қалыптастырады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Аудитор өтініш беру кезінде тегі, аты, әкесінің атын өзгерту үшін (ол болған жағдайда) Комиссия «аудитор» біліктілік куәлігінің берілген күні мен нөмірін сақтай отырып, қайта ресімдеу жолымен және қайта ресімдеу күнін көрсете отырып «аудитор» біліктілік куәлігіне өзгерістер енгізеді.
Қағаз нысанда берілген «аудитор» біліктілік куәлігі жоғалған, бүлінген кезде аудитор «аудитор» біліктілік куәлігінің телнұсқасын алады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Аттестаттауды ойдағыдай аяқтаған адамдарға Комиссияның шешiмiмен «аудитор» бiлiктiлiгiн беру туралы бiлiктiлiк куәлiгi және бiлiктiлiк куәлiгiнiң нөмiрi, тегi, аты, сондай-ақ өзiнiң қалауымен – әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) көрсетiлген аудитордың жеке мөрi берiледi.
«Аудитор» бiлiктiлiгiн беру туралы шешiм Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес Комиссия айқындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады.»;
35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Шағым апелляциялық комиссияда тіркелген сәтінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні iшiнде қаралады.
36. Апелляциялық комиссия қарау нәтижелері бойынша келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
1) емтихан Комиссиясының шешімі бекітілсін;
2) емтихан Комиссиясының шешімін өзгерту. Алынған балдарды төмендету бағытында қайта есептеуге болмайды.
Емтихан комиссиясының шешімін бекіту туралы шешім қабылданғанға дейін аудиторлыққа кандидаттар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес тыңдауды өткізу үшін алдын ала шешім туралы хабардар етіледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2 2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы