Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола о внесении дополнения в Конвенцию между Правительством Республики Казахстан и Правительством Великого Герцогства Люксембург об избежании двойного налогообложения и предотвращении уклонения от налогообложения в отношении налогов на доход и капитал, подписанную в Астане 26 июня 2008 года, с учетом изменений, внесенных Протоколом, подписанным в Люксембурге 3 мая 2012 года

Заң · № 367-VI · қабылданған 14.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2008-3-2012/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола о внесении дополнения в Конвенцию между Правительством Республики Казахстан и Правительством Великого Герцогства Люксембург об избежании двойного налогообложения и предотвращении уклонения от налогообложения в отношении налогов на доход и капитал, подписанную в Астане 26 июня 2008 года, с учетом изменений, внесенных Протоколом, подписанным в Люксембурге 3 мая 2012 года Қолданыста Заң ·№ 367-VI ·14.10.2020
14.10.2020 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола о внесении дополнения в Конвенцию между Правительством Республики Казахстан и Правительством Великого Герцогства Люксембург об избежании двойного налогообложения и предотвращении уклонения от налогообложения в отношении налогов на доход и капитал, подписанную в Астане 26 июня 2008 года, с учетом изменений, внесенных Протоколом, подписанным в Люксембурге 3 мая 2012 года

Қолданыста Заң ·№ 367-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола о внесении дополнения в Конвенцию между Правительством Республики Казахстан и Правительством Великого Герцогства Люксембург об избежании двойного налогообложения и предотвращении уклонения от налогообложения в отношении налогов на доход и капитал, подписанную в Астане 26 июня 2008 года, с учетом изменений, внесенных Протоколом, подписанным в Люксембурге 3 мая 2012 года
Атауы (қаз.)
2012 жылғы 3 мамырда Люксембургте қол қойылған Хаттамамен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
367-VI
Қабылданған күні
14.10.2020
Көрсетілген редакция
14.10.2020 147414_490897.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2000000367
ЭКБ идентификаторы
147414
Редакция идентификаторы
147414_490897
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:18

0

2012 жылғы 3 мамырда Люксембургте қол қойылған Хаттамамен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға толықтыру енгізу туралы хаттаманы
ратификациялау туралы
2012 жылғы 3 мамырда Люксембургте қол қойылған Хаттамамен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға толықтыру енгізу туралы 2019 жылғы
14 қазанда Нұр-Сұлтанда және Люксембургте жасалған хаттама ратификациялансын.

1 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады

2012 жылғы 3 мамырда Люксембургте қол қойылған Хаттамамен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға толықтыру енгізу туралы хаттама
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі,
2012 жылғы 3 мамырда Люксембургте қол қойылған Хаттамамен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға (бұдан әрі - «Конвенция») толықтыру енгізуге ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Конвенцияның 10-бабы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. 2-тармақтың ережелеріне қарамастан, бір Уағдаласушы
Мемлекеттің резиденті болып табылатын компания төлейтін дивидендтерге егер дивидендтердің іс жүзіндегі иесі:
(a) Қазақстанда:
(i) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе орталық немесе жергілікті билік органы;
(ii) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі; немесе
(iii) Қазақстан Республикасының Үкіметіне толығымен тиесілі Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары арасында кей-кейде келісілуі мүмкін болатын кез келген басқа мекеме;
(b) Люксембургте:
(i) Люксембургтің Үкіметі немесе жергілікті билік органы;
(ii) Люксембургтің Орталық Банкі;
(iii) “Societe Nationale de Credit et d’Investissement” (Кредиттеу және инвестициялар жөніндегі ұлттық компания); немесе
(iv) Люксембургтің Үкіметіне толығымен тиесілі, Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары арасында кей-кейде келісілуі мүмкін болатын кез келген басқа мекеме болып табылса, салық екінші Уағдаласушы Мемлекетте ғана салынады.»

2 2-бап

Уағдаласушы Мемлекеттердің әрқайсысы осы Хаттама күшіне ену үшін ұлттық заңнамаға сәйкес қажетті рәсімдердің аяқталғаны туралы екіншісін дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді. Конвенцияның ажырамас бөлігін құрайтын Хаттама осы хабарламалардың соңғысы алынған күннен бастап күшіне енеді және екі Уағдаласушы Мемлекетте осы Хаттама күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе одан кейін басталатын салық салынатын кезеңдер үшін қолданылады.
Осыны куәландыру үшін тиісті түрде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар осы Хаттамаға қол қойды.
Француз, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды, барлық мәтіндердің күші бірдей.
Нұр-Сұлтан, 2019 ж. 14 қазан
Люксембург, 2019 ж. 14 қазан

Қолданыстағы