Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 октября 2009 года № 1668

Қаулы · № 1091 · қабылданған 21.10.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2009-no-1668-ekb-54981/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 октября 2009 года № 1668 Күшін жойған Қаулы ·№ 1091 ·21.10.2010
05.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 октября 2009 года № 1668

Күшін жойған Қаулы ·№ 1091 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 октября 2009 года № 1668
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1668 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1091
Қабылданған күні
21.10.2010
Көрсетілген редакция
05.03.2014 AI54981_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1000001091
ЭКБ идентификаторы
54981
Редакция идентификаторы
AI54981_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:08

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1668 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1668 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 45, 428-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы «көрсету» деген сөз алып тасталсын;
кіріспедегі «2-тармағына» деген сөздерден кейін және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 «Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әр бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 21 қазандағы
№ 1091 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1668 қаулысымен
бекітілген
«Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әр бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Мемлекеттік қызметті осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекен жайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының лицензия-рұқсат беру жүйесінің бөліністері (бұдан әрі - ЛРЖ бөліністері) көрсетеді.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.

3

3. «Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әр бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызметі «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының және 15-бабы 2-тармағының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесі негізінде көрсетіледі.

4

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ), облыстардың, Алматы және Астана қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД) www.mvd.kz Иитернет - ресурсының «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде орналастырылған, олардың тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен ЛРЖ бөліністеріндегі стенділерде орналастырылған.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны: жеке тұлғаға қаруды сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге, заңды тұлғаға қаруды сақтауға берілген рұқсат қағаз немесе дәлелді бас тарту болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызмет:

1 1) 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктерге;

2 2) ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың қызметкерлеріне;

3 3) 19 жасқа толған күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлеріне;

4 4) ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғаларға;

5 5) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет қызметі бөліністерін қоспағанда, күзет қызметімен айналысуға лицензиялары бар субъектілерге (заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге);

6 6) спорт ұйымдарына (бұдан әрі - өтініш берушілер) көрсетіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1 1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған және ішкі істер органдарында олар тіркелген сәттен бастап:

өзге де субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алуды не жергілікті жерге шыға отырып тексеруді қажет етпейтін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтінішін қарау кезінде күнтізбелік он бес күнді;
өзге де субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алуды не жергілікті жерге шыға отырып, тексеруді қажет ететін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтінішін қарау кезінде күнтізбелік отыз күнді құрайды;

2 2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге берілетін ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды;

3 3) қажетті құжаттарды тапсырған кезде тұтынушыға қызмет көрсетуге берілетін ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды;

4 4) қаруды сақтауға, сақтауға немесе алып жүруге рұқсат алу кезінде берілетін ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды.

8

8. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабына сәйкес мемлекеттік баж алынады, ол жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қаруының әр бірлігін тіркеу және қайта тіркеу үшін (суық аңшы, сигналдық, жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен оқталған механикалық шашыртқылар, аэрозольдік және басқа да құрылғылар, ұңғы энергиясы 7,5 Дж аспайтын және калибрі 4,5 мм дейінгі пневматикалық қаруларды қоспағанда) мемлекеттік алым төлеу күні белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10 пайызын құрайды.
Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар төлемнің мөлшері мен төленген күнін растайтын түбіртек береді.

9

9. ЛРЖ бөліністерінде сатып алуға рұқсат және тіркеу (қайта тіркеу) мәселелері бойынша азаматтар мен ұйымдардың өкілдерін қабылдау әр дүйсенбі және бейсенбі күндері сағат 9-00—ден бастап 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін және айына екі рет жұмыс істемейтін күндері сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау кезек бойынша, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүргізіледі.

10

10. ЛРЖ бөліністерінің үй-жайлары ғимараттың бірінші қабатында орналасады, ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ИО) басқа бөлімшелерінен бөлек, дене мүмкіндіктері шектелген адамдарға арналған пандустары бар кіретін есігі болады. Күту залы, құжаттарды толтыратын орындары қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қаруының әр бірлігін тіркеу және қайта тіркеу мәселелерін реттейтін, сондай-ақ лицензия-рұқсат беру жүйесінің ережесін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертпе берілетін нормативтік құқықтық актілердің үзінділері (үзінді-көшірмелері) бар стенділермен жабдықталады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

11 11. Қажетті құжаттар мен талаптар тізбесі:

1

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесі (бұдан әрі - Ереже) талаптарына сәйкес сатып алынған азаматтық қаруды тіркеу (оны сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге рұқсат алу) үшін Қазақстан Республикасының азаматы аумақтығы бойынша ІІО, ІІД-ге:
3x4 см мөлшеріндегі екі фотосуретті;
қаруды тіркегені (қайта тіркегені) және қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат беру үшін мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртектер;
қаруды сатып алу көзін көрсететін құжатты (рұқсаттың немесе өтініштің телнұсқасын);
қаруды дүкеннен алғаш рет сатып алу кезінде және одан кейінгі әрбір 5 жылда ІІО-да қайта тіркеу кезінде сатып алынған шолақ аңшы қаруынан оқты және гильзаларды бақылау мақсатында атып көру туралы актіні ұсынады.
Өзін-өзі қорғауға арналған ұзын тегіс ұңғылы атыс қаруы, оның ішінде жарақат салатын патрондары бар қару денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тиісті нормаларына сәйкес аңшылық куәлігі болмай-ақ, оны алып жүру құқығынсыз тіркеледі.
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың әскери қызметшілері, арнайы органдардың арнаулы атағы бар қызметкерлері азаматтық қаруды тіркеуі (оны сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат алуы) үшін қаруды иеленуге көру қабілетінің бұзылуына, психикалық ауруына, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты қарсы айғақтардың жоқ екені туралы медициналық қорытынды талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл мерзімге тұру үшін ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдіктер газды тапаншалар мен револьверлерді, ұңғысыз атыс қаруын өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қолдаухаты бойынша жалпы негізде тіркейді (оларды сақтауға және алып жүруге рұқсат алады);

2 2) Қазақстан Республикасының азаматы қайта тіркеу (азаматтық қаруды сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге рұқсаттың жарамдылық мерзімін ұзарту) үшін аумақтық ІІО, ІІД-ға Ереженің талаптарына сәйкес құжаттарды ұсынады;

3 3) Ереже талаптарына сәйкес сатып алынған қызметтік қаруды тіркеу (оны сақтауға және пайдалануға рұқсат алу) үшін заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер аумақтылығы бойынша ІІО, ІІД-ге:

сатып алынған қарудың саны (әр бірліктің түрі, үлгісі, моделі, жүйесі, калибрі, нөмірі, шығарылған жылы) туралы; қаруды сақтау мен пайдалануға жауапты адам, сондай-ақ қаруды алуға рұқсаты бар адамдар, оның ішінде күзет қызметкерларі туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері) көрсетілетін ұйым басшысының өтінішін;
заңды тұлға басшысының немесе жеке кәсіпкердің қару мен оның патрондарының сақталуы үшін жауапты адамды тағайындау туралы бұйрығының көшірмесі;
көру қабілетінің бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизмге немесе нашақорлыққа байланысты қару ұстауға қарсы айғақтар жоқ екені туралы медициналық қорытынды;
қаруды қауіпсіз ұстаудың ережелерін білетіндігін тексеру туралы анықтамалар;
қаруды сатып алу көзін көрсететін құжатты (ІІО, ІІД беретін лицензияның телнұсқасын);
қаруды сақтауға рұқсат беру үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртекті;
қаруды сақтауға арналған үй-жайдың жарамдылығы туралы ІІО, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен мекемелерінің өкілдері жасаған актіні (қаруды сақтауға арналған жаңа объектіні ашу кезінде ұсынылады) ұсынады;

4 4) Ереженің 2, 3, 4, 4-1 (құпия), 4-2 (құпия), 6, 7, 7-1, 7-2, 8, 9, 10, 10-2, 10-3 (құпия) және 10-4-қосымшаларында көрсетілген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қызметкерлерінің қызметтік және азаматтық қаруды тіркеуі (оларды сақтауға және алып жүруге рұқсат алуы) үшін қажетті құжаттар тізбесі:

заңды тұлға басшысының немесе жеке кәсіпкердің өтініші (қолдаухаты);
қаруды тіркеуге үміткер адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы мен жері көрсетілген тізімі қосымшасымен;
заңды тұлға басшысының немесе жеке кәсіпкердің адамды лауазымға тағайындау туралы және қызметтік қаруды жеке бекіту туралы бұйрықтарының көшірмелері;
ұйым басшысының адамды лауазымға тағайындау туралы және қызметтік қаруды жеке бекітіп беру туралы бұйрықтарының көшірмелері;
қаруды тіркеуге үміткер адамның жеке куәлігінің көшірмесі;
3x4 см мөлшеріндегі екі фотосуреті;
күзетшілерді (күзет қызметі субъектілері үшін) даярлау (қайта даярлау) жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтары берген күзетші ретіндегі жұмысқа даярлықтан өткенін растайтын куәліктері;
қару ұстау қауіпсіздігі ережесін білуін тексеру туралы "Динамо" дене тәрбиесі-спорт қоғамы берген (күзет қызметі субъектілерін қоспағанда) анықтамалар;
көру қабілетінің бұзылуына, психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытынды;
қаруды тіркегені және қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсат беру үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртектер.

12 12. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алуға өтінішті осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес аумақтық ІІО, ІІД-ге тапсырады. Өтінішті толтыру үлгілері ЛРЖ-ның бөліністерінде орналасқан стенділерде бар.

13 13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша аумақтық ІІО-ның, ІІД-нің кеңсесіне тапсырылады.

Кеңсе қызметкері өтініш берушінің құжаттарын қабылдайды және тіркейді.

14 14. Құжаттарды тіркегеннен кейін кеңсе қызметкері оларды ІІО-ның, ІІД-нің басшылығына танысу үшін жібереді. Басшылық ЛРЖ-ның қызметкеріне құжатты қарау үшін жазады.

ЛРЖ-ның қызметкері өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді, сатып алынған қаруды тіркейді және/немесе қайта тіркейді (оны сақтауға немесе сақтауға және алып жүруге рұқсат ресімдейді) және ІІО, ІІД, ІІМ басшылары қол қойғаннан кейін өтініш берушіге береді.
Рұқсат беруден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негізделген және дәлелді, мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде бұл туралы жазбаша түрде хабарланады.

15 15. Өтініш берушіге осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі.

16 16. Қаруды сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттарды ЛРЖ-ның осы рұқсаттарды ресімдеген қызметкері өтініш берушінің өзіне не сенімхат бойынша уәкілетті адамға береді.

17 17. Мыналар:

1 1) өтініш берушінің осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін ұсынбауы,

2 2) мемлекеттік қызмет көрсетуден ерікті түрде бас тарту;

3 3) қоғамдық тәртіпке немесе белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайтадан жасауы;

4 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, рұқсат алу мүмкіндігін жоятын мән-жайлардың туындауы;

5 5) азаматтық және қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соққан қаруды конструкциялық өзгертуі;

6 6) азаматтық және қызметтік қарудың азаматтық және қызметтік қару мен олардың патрондары айналымы техникалық регламенттерге, сондай-ақ криминалдық талаптарға сәйкес келмеуі;

7 7) егер адам:

жасы 18 жасқа толмаса (азаматтық қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсатты ресімдеу кезінде);
жасы 19 жасқа толмаса (күзет қызметі субъектілері қызметкерлерінің қызметтік қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсатты ресімдеуі кезінде);
қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе заңнамада белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы болса;
тұрақты тұратын жері болмаса;
қаруды сақтау үшін тиісті жағдайлары болмаса (сейфтің немесе металл шкафтың немесе бөтен адамдардың қаруды алуға мүмкіндігін болдырмайтын өзге құрылыстың жоқтығы);
аумақтығы бойынша ІІО, ІІД-ге қаруды ұстау қауіпсіздігі ережесін білуін тексеруден өткенін растайтын құжаттарды ұсынбаса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.

3 3. Жұмыс қағидаттары

18 18. ЛРЖ бөліністерінің қызметі адамдардың конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты және ІІО қызметкерінің ар-намыс кодексін сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оны сақтауды қамтамасыз ету, қорғау және құпиялылық қағидаттарында жүзеге асырылады.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. ЛРЖ бөліністері жұмысының нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның және оның аумақтық мекемелерінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол қолжетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бұйрығымен бекітіледі.

5 5. Шағымдану тәртібі

21 21. ЛРБЖ қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне заңнамада белгіленген тәртіппен осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ІІО-ның, ІІД-нің, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің, ІІМ-нің жоғары тұрған басшыларына шағымдануға болады.

22 22. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта арқылы не ІІО-ның, ІІД-нің, ІІМ-нің кеңселері арқылы жұмыс күндері сағат 9-00 бастап 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін, сондай-ақ сенбіде сағат 9-00 бастап сағат 13-00-ге дейін қолма-қол қабылданады.

23 23. Әдепсіз қызмет көрсету туралы шағым заңнамада белгіленген тәртіппен осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ІІО-ның, ІІД-нің, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің, ІІМ-нің жоғары тұрған басшылығына беріледі.

24 24. Шағым жазбаша түрде ерікті нысанды пошта, электрондық пошта не ІІО-ның, ІІД-нің, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің, ІІМ-нің кеңсесі арқылы қабылданады.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекен жайы, заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға өтініш беруші қол қоюы керек.

25

25. Қабылданған шағым ішкі істер органының ақпараттарды есепке алу журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгіленген мерзімде қаралады. Өтініш берушіге өтінішті/арызды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, күні мен уақыты көрсетіле отырып, талон (стандартқа 4-қосымша) беріледі.
Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге пошта немесе электрондық пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

26 26. ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1, интернет-ресурсы: www.mvd.kz қабылдау бөлмесінің телефоны (7172) 71-40-75.

1 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1668 қаулысымен
бекітілген мемлекеттік
қызмет стандартына
1-қосымша
Тар­мақ­ша N
Іш­кі іс­тер де­пар­та­мент­те­рі
Заң­ды ме­кен жайы
Ин­тер­нет-ре­сур­сы
Іш­кі іс­тер де­пар­та­мет­те­рі хат­шы­лы­ғы­ның те­ле­фон­да­ры
Ли­цен­зия-рұқ­сат бе­ру жүй­е­сі те­ле­фон­да­ры
1
2
3
4
5
6
1.
Аста­на қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
Аста­на қа­ла­сы, Бей­біт­ші­лік кө­ше­сі, 19
www.​ast.​dvd.​mvd.​kz
71-61-98, 71-61-99
71-61-70, 71-60-18. 71-63-66
1)
«Ал­ма­ты» ауда­ны­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Аста­на қа­ла­сы, Жан­с­ү­гі­ров кө­ше­сі. 2
71-68-63
71-67-37
2)
«Са­ры­ар­қа» ауда­ны­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Аста­на қа­ла­сы, Есен­бер­лин кө­ше­сі, 1
71-66-32
71-66-46
3)
«Есіл» ауда­ны­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Аста­на қа­ла­сы, Қор­ғал­жын тас жо­лы, 21
79-88-02,
79-88-10
79-88-02
2.
Ақ­мо­ла об­лы­сы­ның іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
Көк­ше­тау қа­ла­сы, Горь­кий кө­ше­сі, 35
www.​akmdvd.​onlaine.​kz
29-11-24, 29-11-25
25-00-35
1)
Көк­ше­тау қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Көк­ше­тау қа­ла­сы, Абай кө­ше­сі, 121
25-78-05, 29-96-79
23-03-49
2)
Степ­но­гор қа­ла­сы­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Степ­но­гор қа­ла­сы, 5-ша­ғын аудан, 49
5-82-02
5-82-02
3)
1 Ақ­көл ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ақ­көл қа­ла­сы, Ок­тябрь кө­ше­сі, 2
2-10-02
2-10-02
4)
Ар­ша­лы ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ар­ша­лы ауы­лы, Та­ше­нов кө­ше­сі, 47
2-17-44
2-17-44
5)
Аст­ра­хан ауда­ны­ның іш­кі іс­те­рі бө­лі­мі
Аст­ра­хан ауы­лы, Бай­тұр­сы­нов кө­ше­сі, 16
2-13-02
2-13-02
6)
Ат­ба­сар ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ат­ба­сар қа­ла­сы, Урицк кө­ше­сі. 38
4-37-40
4-37-40
7)
Бұ­лан­ды ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ма­кинск қа­ла­сы, Сей­фул­лин кө­ше­сі, 135
2-10-02
2-10-02
8)
Егін­ді­көл ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Егін­ді­көл ауы­лы, Бей­біт­ші­лік кө­ше­сі, 8
2-14-85
2-14-85
9)
Ең­бек­шіл­дер ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Степ­няк қа­ла­сы, Ле­нин кө­ше­сі, 79
2-30-40
2-30-40
10)
Ерей­мен­тау ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ерей­мен­тау қа­ла­сы, Бө­ген­бай кө­ше­сі, 79
3-32-68
3-32-68
11)
Есіл ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Есіл қа­ла­сы, Әу­е­зов кө­ше­сі, 63
2-12-02
2-12-02
12)
Жақ­сы ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Жақ­сы ауы­лы, Тұр­лы­ба­ев кө­ше­сі, 34
2-12-89
2-12-89
13)
Жар­қай­ың ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Дер­жа­винск қа­ла­сы, За­ха­ров кө­ше­сі, 33
9-63-33
9-63-33
14)
Зе­рен­ді ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Зе­рен­ді ауы­лы, Іли­я­сов кө­ше­сі, 42
3-44-02
3-44-02
15)
Қор­ғал­жын ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Қор­ғал­жын ауы­лы, Болған­ба­ев кө­ше­сі, 8
2-14-35
2-14-35
16)
Сан­дық­тау ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Бал­ка­ши­но ауы­лы, Абай кө­ше­сі, 101
5-00-02
5-00-02
17)
Це­ли­но­град ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ақ­мол ауы­лы
92-4-18
92-4-18
18)
Шор­тан­ды ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Шор­тан­ды ауы­лы, Со­вет­ская кө­ше­сі, 21
2-75-02
2-75-02
3.
Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
Ал­ма­ты қа­ла­сы, Ма­сан­чи кө­ше­сі, 57а
www.​almaty.​polise.​kz
254-41-55, 254-42-24
254-47-81, 254-42-17, 254-42-15,
254-47-97, 254-40-83
1)
Ала­тау ауда­ны­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Ал­ма­ты қа­ла­сы, Өте­ген ба­тыр кө­ше­сі, 78
298-54-85
298-54-85
2)
Ал­ма­лы ауда­ны­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Ал­ма­ты қа­ла­сы, Қа­ра­сай ба­тыр кө­ше­сі, 109
254-46-29
254-46-22
3)
Әу­е­зов ауда­ны­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Ал­ма­ты қа­ла­сы, Өте­ген ба­тыр кө­ше­сі, 76
298-53-53
221-09-86
4)
Бо­стан­дық ауда­ны­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Ал­ма­ты қа­ла­сы, Ра­до­сто­вец кө­ше­сі, 205
254-47-34
395-05-43
5)
Же­ті­су ауда­ны­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Ал­ма­ты қа­ла­сы, Рай­ым­бек кө­ше­сі, 158 а
279-96-88
233-69-18
6)
Ме­деу ауда­ны­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Ал­ма­ты қа­ла­сы, Зен­ков кө­ше­сі, 37
254-48-18
254-48-15
7)
Тү­ріксіб ауда­ны­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Ал­ма­ты қа­ла­сы, Ри­хард Зор­ге кө­ше­сі, 14
298-54-09
298-54-45
4.
Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
Ақ­тө­бе қа­ла­сы, Ағай­ын­ды Жу­ба­но­втар кө­ше­сі, 271
www.​akt​obep​olis​e.​kz
51-27-55, 93-03-03
52-02-09, 93-01-07
1)
Ақ­тө­бе қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Ақ­тө­бе қа­ла­сы, Әй­те­ке би кө­ше­сі, 21,
21-23-38, 40-41-08
97-08-77, 97-08-70
2)
Әй­те­ке би ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ком­со­мол ауы­лы, Ар­да­гер кө­ше­сі, 7
2-14-29
2-17-75
3)
Ал­ға ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ал­ға қа­ла­сы, Мұ­хам­бе­тов кө­ше­сі, 28
3-11-02
3-37-02
4)
Бай­ға­нин ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Бай­ға­нин ауы­лы, Со­вет­тер кө­ше­сі, 15
22-1-74
22-6-82
5)
Ыр­ғыз ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ыр­ғыз ауы­лы, Ле­нин кө­ше­сі, 14
2-12-27
2-12-03
6)
Қар­ға­лы ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ба­дам­ша ауы­лы, Па­ца­ев кө­ше­сі, 9
23-6-31
22-8-57
7)
Мәр­төк ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Мәр­төк ауы­лы, Ле­ния кө­ше­сі, 45
2-14-04
2-14-90
8)
Мұ­ғал­жар ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Қан­дыа­ғаш қа­ла­сы, Жам­был кө­ше­сі, 74а
3-66-08
3-61-38
9)
Те­мір ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Шұ­бар құ­дық ауы­лы, Жел­тоқ­сан кө­ше­сі, 1
2-23-60
2-32-02
10)
Ой­ыл ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ой­ыл ауы­лы, Қой­шы­ғұ­лов кө­ше­сі, 42
2-18-98
2-17-17
11)
Қоб­да ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Қоб­да ауы­лы, Аста­на кө­ше­сі, 97
2-16-92
2-16-95
12)
Хром­тау ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Хром­тау қа­ла­сы, Абай даң­ғы­лы, 10
2-12-37
2-16-24
13)
Шал­қар ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Шал­қар қа­ла­сы, Есет Кө­ті­ба­рұ­лы кө­ше­сі, 88
2-14-61
2-14-63
5.
Ал­ма­ты об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
Тал­ды­қор­ған қа­ла­сы Жан­с­ү­гі­ров кө­ше­сі, 91/95
www.​jetisu-​police.​kz
60-02-11, 60-01-54
60-01-15, 60-01-08
1)
Тал­ды­қор­ған қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Тал­ды­қор­ған қа­ла­сы, Абай кө­ше­сі, 249
60-86-04
24-42-00
2)
Ең­бек­ші қа­зақ ауда­ны­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Есік қа­ла­сы, То­қа­та­ев кө­ше­сі, 105
4-48-89
4-48-89
3)
Іле ауда­ны­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Өте­ген ба­тыр ауы­лы. Бат­тал­ха­нов кө­ше­сі
51-72-14
51-72-14
4)
Қа­ра­сай ауда­ны­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Қас­ке­лең қа­ла­сы, Абы­лай­хан кө­ше­сі, 90
98-34-22
2-28-06
5)
Тал­ғар ауда­ны­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Тал­ғар қа­ла­сы, Абы­лай­хан кө­ше­сі, 120
295-61-05
295-61-05
6)
Қап­ша­ғай қа­ла­сы­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Қап­ша­ғай ка­ла­сы, Қо­на­ев кө­ше­сі, 4
4-17-98
4-10-98
7)
Те­ке­лі қа­ла­сы­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Те­ке­лі қа­ла­сы, Қо­на­ев кө­ше­сі, 104
4-51-18
4-51-18
8)
Ақ­су ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Жан­с­ү­гі­ров кен­ті, Же­ке­ба­ев кө­ше­сі, 104
2-15-95
2-15-95
9)
Ала­көл ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Үша­рал қа­ла­сы, Қо­на­ев кө­ше­сі, 9
2-12-84
2-22-14
10)
Бал­қаш ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ба­қа­нас ауы­лы, Сей­фул­лин кө­ше­сі, 1
91-4-01
91-4-01
11)
Ес­кел­ді ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Қа­ра­бұ­лақ кен­ті, Ораз­бе­ков кө­ше­сі, 10
3-01-02
3-01-02
12)
Жам­был ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ұзы­на­ғаш ауы­лы, Рыс­құ­лов кө­ше­сі, 78
2-12-45
2-15-45
13)
Қа­ра­тал ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Үштө­бе қа­ла­сы, Тө­ле би кө­ше­сі, 63
2-10-02
2-11-57
14)
Кер­бұ­лақ ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Са­ры­ө­зек ауы­лы, Мо­мы­шұ­лы кө­ше­сі, 32
31-8-55
31-8-55
15)
Көк­су ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Бал­пық би ауы­лы, Ис­а­ба­ев кө­ше­сі, 122
2-02-18
2-06-46
16)
Пан­фи­лов ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Жар­кент қа­ла­сы, Жан­с­ү­гі­ров кө­ше­сі, 102
5-12-02
5-12-02
17)
Рай­ым­бек ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Бе­ген ауы­лы, Жам­был кө­ше­сі, 9
2-13-98
2-15-59
18)
Сар­қанд ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Сар­қанд қа­ла­сы, Жам­был кө­ше­сі, 42
2-10-02
2-11-54
19)
Ұй­ғыр ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Шоң­жы ауы­лы, Ис­ла­мов кө­ше­сі, 51
2-15-97
2-15-97
6.
Аты­рау об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
Аты­рау қа­ла­сы, Азаттық даң­ғы­лы, 85
www.​dvd-​atyrau.​kz
98-21-17, 98-20-57
98-20-33
1)
Аты­рау қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Аты­рау қа­ла­сы, Мол­да­ғұ­ло­ва кө­ше­сі, 247
98-15-72
98-15-14
2)
Жы­лыой ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Құл­са­ры қа­ла­сы, Дүй­сен­бе­ков кө­ше­сі, 54
5-17-22
5-17-22
3)
Ин­дер ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ин­дер кен­ті, Ны­сан­ба­ев кө­ше­сі, 9
2-13-65
2-13-65
4)
Ис­а­тай ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ақ­қы­стау ауы­лы, Еге­мен Қа­зақ­стан кө­ше­сі, 11
2-02-02
2-06-97
5)
Қы­зыл­қо­ға ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ми­я­лы ауы­лы, Абай кө­ше­сі, 8
2-12-06
2-12-01
6)
Құр­ман­ға­зы аудан­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Га­нюш­ки­но ауы­лы, Абай кө­ше­сі, 37
2-11-89
2-11-20
7)
Ма­қат ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ма­қат ауы­лы, Га­зо­вик кө­ше­сі, 13
3-09-60
3-09-60
8)
Ма­хам­бет ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ма­хам­бет ауы­лы, Абай кө­ше­сі, 13
2-23-67
2-23-67
7.
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
Өс­ке­мен қа­ла­сы, Во­ро­ши­лов кө­ше­сі, 1
http://​02vko.​kz
23-43-17, 23-42-11, 23-43-21
23-42-72, 23-43-75
1)
Өс­ке­мен қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Өс­ке­мен қа­ла­сы, Про­ле­тар­ская кө­ше­сі, 152
23-27-11, 23-27-12, 23-26-22
23-27-25, 23-27-86, 23-27-16
2)
Се­мей қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Се­мей қа­ла­сы, Б. Мо­мы­шұ­лы кө­ше­сі, 17
56-97-56
56-93-90
3)
Ая­гөз қа­ла­сы­ның және Ая­гөз ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ая­гөз қа­ла­сы, Тәні­бер­ген кө­ше­сі, 68
3-33-43, 3-14-88
3-33-43, 3-14-88
4)
Зы­рян қа­ла­сы­ның және Зы­рян ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Зы­рян қа­ла­сы, Горь­кий кө­ше­сі, 34
4-19-31, 3-10-08
4-19-31, 3-10-08
5)
Рид­дер қа­ла­сы­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Рид­дер қа­ла­сы, Тоқ­та­ров кө­ше­сі, 8
4-47-41, 4-22-50
4-52-13
6)
Абай ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Қа­ра­уыл ауы­лы, Мол­да­ға­ли­ев кө­ше­сі, 13
9-13-26
9-13-26
7)
Бес­қа­ра­ғай ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Бес­қа­ра­ғай ауы­лы, Әу­е­зов кө­ше­сі, 45
9-14-63, 9-18-61
9-14-63, 9-18-61
8)
Бо­ро­ду­ли­ха ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Бо­ро­ду­ли­ха ауы­лы, Бей­біт­ші­лік даң­ғы­лы, 16
2-10-27
2-15-63
9)
Глу­бо­кое ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Глу­бо­кое ауы­лы, По­по­вич кө­ше­сі, 44
2-18-80, 2-26-77
2-29-75
10)
Жар­ма ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Қал­ба­тау ауы­лы, Ба­ба­тай­ұ­лы кө­ше­сі, 36
6-57-54
2-66-40
11)
Зай­сан ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Зай­сан қа­ла­сы, Сәт­па­ев кө­ше­сі, 14
2-12-02, 2-13-06
2-12-02, 2-13-06
12)
Ка­тон-Қа­ра­ғай ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Үл­кен На­рын ауы­лы, Абай кө­ше­сі, 1
2-13-02
2-13-02
13)
Көк­пек­ті ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Көк­пек­ті ауы­лы, Аста­на кө­ше­сі, 33
2-17-94, 2-19-49
2-17-94, 2-19-49
14)
Күр­шім ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Күр­шім ауы­лы, Но­вая кө­ше­сі, 10
3-17-76, 3-21-58
3-17-76, 3-21-58
15)
Тар­ба­ға­тай ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ақ­су­ат ауы­лы, Қа­бан­бай ауы­лы, 1
2-18-03
2-18-03
16)
Ұлан ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Мо­ло­деж­ное кен­ті, 5-үй
2-74-33
2-74-33
17)
Үр­жар ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Үр­жар ауы­лы, Абы­лай­хан кө­ше­сі. 171
2-10-02
2-10-02
18)
Ше­мо­наи­ха ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ше­мо­наи­ха қа­ла­сы, Ин­тер­на­ци­о­наль­ный кө­ше­сі, 2
2-15-66
2-15-71
19)
Кур­ча­тов қа­ла­сы­ның по­ли­ция бө­лі­мі
Кур­ча­тов қа­ла­сы, Абай кө­ше­сі, 10
2-55-01
2-37-82
8.
Жам­был об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
Та­раз қа­ла­сы, Жел­тоқ­сан кө­ше­сі, 80
www.​tar​azpo​lice.​kz
43-39-44
43-33-72
1)
Та­раз қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Та­раз қа­ла­сы, Ры­с­бек ба­тыр кө­ше­сі, 5а
34-36-23
34-36-23
2)
Бай­зақ ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Са­ры­ке­мер ауы­лы, Орын­құ­лов кө­ше­сі, 9а
2-10-81
2-16-80
3)
Жам­был ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Аса ауы­лы, Тө­ле би кө­ше­сі, 178
2-15-63
2-15-63
4)
Жу­а­лы ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Б. Мо­мы­шұ­лы ауы­лы, Ры­с­бек ба­тыр кө­ше­сі, 84
2-16-20
2-16-20
5)
Қор­дай ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Қор­дай ауы­лы, Жі­бек жо­лы кө­ше­сі, 326
2-20-02
2-20-02
6)
Мер­ке ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Мер­ке ауы­лы, Ысмай­ы­лов кө­ше­сі, 230
2-25-40
2-49-30
7)
Мой­ын­құм ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Мой­ын­құм ауы­лы, Аман­гел­ді кө­ше­сі, 69
2-44-45
2-44-45
8)
Са­ры­су ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Жа­ңа­тас қа­ла­сы, Әу­лие ата кө­ше­сі, 3
6-29-13
6-32-70
9)
Та­лас ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Қа­ра­тау қа­ла­сы, Қо­на­ев кө­ше­сі, 20
6-27-14
6-27-14
10)
Тұ­рар Рыс­құ­лов ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Күл­пан ауы­лы, Жі­бек жо­лы кө­ше­сі, 57
2-14-50
2-14-50
11)
Шу ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Шу қа­ла­сы, Сәт­па­ев кө­ше­сі, 130
2-48-02
2-48-02
9.
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
Орал қа­ла­сы, Пу­га­чев кө­ше­сі, 45
www.​dvdzko.​kz
98-40-30
98-40-14
1)
Орал қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Орал қа­ла­сы, Кос­ми­че­ская кө­ше­сі, 10
92-18-33
92-18-14
2)
Ақ­жай­ық ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ча­па­ев ауы­лы, Қа­зақ­стан кө­ше­сі, 71
91-2-02
91-0-66
3)
Бе­кей­ор­да ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Сай­хин кен­ті, Әбіл­қай­ыр хан к-сі, 21
21-5-68
21-5-61
4)
Бөр­лі ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ақ­сай қа­ла­сы, 2-ша­ғын аудан, 28
9-39-17
9-39-46
5)
Жа­ңа­қа­ла ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Жа­ңа­қа­ла ауы­лы, Ха­лық До­стығы, 53
2-19-20
2-19-21
6)
Жәні­бек ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Жәні­бек ауы­лы
21-5-03
21-1-05
7)
Зе­ле­нов ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Пе­ре­мет­ный ауы­лы, До­стық кө­ше­сі, 64
22-0-02
22-2-61
8)
Қазта­лов ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Қазта­лов ауы­лы, С. Да­тов кө­ше­сі, 21
31-0-08
31-1-02
9)
Қа­ра­т­ө­бе ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Қа­ра­т­ө­бе ауы­лы, С. Да­тов кө­ше­сі, 16
31-3-25
31-7-02
10)
Сы­рым ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Сы­рым ауы­лы, Қа­зақ­стан кө­ше­сі, 7
31-1-37
21-5-45
11)
Тас­қа­ла ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Тас­қа­ла ауы­лы, Мир­ная кө­ше­сі 9
21-1-86
21-8-45
12)
Те­ректі ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Фе­до­ров­ка ауы­лы, Юби­лей­ный кө­ше­сі, н/ж
23-2-66
21-1-86
13)
Шың­ғыр­лау ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Шың­ғыр­лау ауы­лы, Қа­зақ­стан кө­ше­сі, 7
33-6-39
33-2-39
10.
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы, Еру­ба­ев кө­ше­сі, 37
www.​krgdvd.​kz
42-90-19, 42-91-69
40-70-18, 44-20-54, 40-71-22
1)
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы, Ер­ме­ков кө­ше­сі, 118
40-71-97
56-42-51,
74-22-56, 44-51-69, 46-30-31, 24-45-33, 53-03-05
2)
Жез­қаз­ған қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Жез­қаз­ған қа­ла­сы, Сей­фу­лин кө­ше­сі, 35
76-13-68
76-43-98
3)
Те­мір­тау қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Те­мір­тау қа­ла­сы, Ми­чу­рин кө­ше­сі, 8
98-43-15
5-43-15
4)
Абай ауда­ны­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Абай қа­ла­сы, К. Маркс кө­ше­сі, 42а
4-46-66
4-46-66
5)
Бұ­хар жы­рау ауда­ны­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Бо­та­қа­ра кен­ті, Бұ­хар жы­рау кө­ше­сі, 4
2-11-78
2-16-55
6)
Бал­қаш қа­ла­сы­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Бал­қаш қа­ла­сы, Бө­кей­хан кө­ше­сі, 22
4-03-72
4-46-72
7)
Қа­ра­жал қа­ла­сы­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Қа­ра­жал қа­ла­сы, Той­ым­бек кө­ше­сі, 8
4-16-30
4-16-30
8)
Са­ран қа­ла­сы­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Са­ран қа­ла­сы, Жам­был кө­ше­сі, 60
2-52-02
2-67-12
9)
Сәт­па­ев қа­ла­сы­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Сәт­па­ев қа­ла­сы, Абай кө­ше­сі, 6а
3-44-83
2-31-63
10)
Шах­тинск қа­ла­сы­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Шах­тинск қа­ла­сы, К. Маркс кө­ше­сі, 42а
4-04-07
4-23-70
11)
Ақ­то­ғай ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ақ­то­ғай ауы­лы, Абай кө­ше­сі, 3
2-16-90
2-16-90
12)
Жа­ңа­ар­қа ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ата­су ауы­лы, Тәу­ел­сіз­дік кө­ше­сі, 10
2-64-70
2-64-70
13)
Қар­қа­ра­лы ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Қар­қа­лы қа­ла­сы, М. Әу­е­зов кө­ше­сі, 31
3-12-02
3-10-86
14)
Нұ­ра ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ки­ев­ка кен­ті, Тал­жа­нов кө­ше­сі, 5
2-12-88
2-29-01
15)
Оса­ка­ров­ка ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Оса­ка­ров­ка ауы­лы, Лит­ви­нов­ская кө­ше­сі, 9
4-16-55
4-13-82
16)
Ұлы­тау ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ұлы­тау ауы­лы
2-11-02
2-11-02
17)
Шет ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ақ­су-Аю­лы кен­ті. -Шор­тан­бай кө­ше­сі, 16
2-12-02
2-12-02
11.
Қы­зы­лор­да об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
Қы­зы­лор­да қа­ла­сы. Қор­қыт Ата кө­ше­сі, 18
www.​dvdkzо.kz
27-44-10
29-56-97
1)
Қы­зы­лор­да қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Қы­зы­лор­да қа­ла­сы, Тө­ле би кө­ше­сі 136
27-45-47
29-71-10
2)
Арал ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Арал қа­ла­сы, Бақ­ты­бай ба­тыр кө­ше­сі, 27
2-10-01
2-21-02
3)
Жа­ла­ғаш ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Жа­ла­ғаш ауы­лы, Жел­тоқ­сан кө­ше­сі, 1
3-16-92
3-10-82
4)
Жа­ңа­қор­ған ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Жа­ңа­қор­ған ауы­лы
24-1-25
24-1-03
5)
Қа­за­лы ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Кент Әй­те­ке би ауы­лы, Бір­жан сал кө­ше­сі, 86
2-16-40
2-14-93
6)
Қар­мақ­шы ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Жо­са­лы кен­ті, Кө­шер­ба­ев кө­ше­сі, 39
2-10-03
2-11-81
7)
Сыр­да­рия ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Те­ре­ңө­зек ауы­лы, Аман­гел­ді кө­ше­сі, 47
21-2-82
3-10-87
8)
Ши­е­лі ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ши­е­лі кен­ті, М.Шо­қай кө­ше­сі, 7
4-21-60
4-20-56
12.
Қо­ста­най об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
Қо­ста­най қа­ла­сы, Бай­ма­ғам­бе­тов кө­ше­сі, 197
www.​kos​tana​ypol​ice.​kz
52-60-19, 52-63-13
52-61-47
1)
Ар­қа­лық қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Ар­қа­лық қа­ла­сы, Бай­тұр­сы­нов кө­ше­сі, 16
7-10-17
7-27-45
2)
Жі­ті­қа­ра қа­ла­сы­ның және Жі­ті­қа­ра ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Жі­ті­қа­ра қа­ла­сы, 5 в-ша­ғын ауда­ны, 18
2-09-09
2-09-22
3)
Қо­ста­най қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Қо­ста­най қа­ла­сы, Та­ран кө­ше­сі, 36
52-68-00
52-68-37
4)
Ли­са­ковск қа­ла­сы­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ли­са­ковск қа­ла­сы, 1 а-ша­ғын ауда­ны
3-38-51
3-48-07
5)
Руд­ный қа­ла­сы­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Руд­ный қа­ла­сы, Гор­няк кө­ше­сі, 7
4-55-10
2-84-39
6)
Ал­тын­са­рин ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Си­лан­тьев­ка кен­ті, Ле­нин кө­ше­сі, 51
2-12-55
2-15-13
7)
Аман­гел­ді ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Аман­гел­ді кен­ті, Дүй­сен­бин кө­ше­сі 16
2-11-33
2-11-33
8)
Әу­ли­е­кел ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Әу­ли­көл ауы­лы, Ле­нин кө­ше­сі, 34
2-10-35
2-10-38
9)
Де­ни­сов ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Де­ни­сов­ка кен­ті, Ле­нин кө­ше­сі, 16
9-11-72
9-17-51
10)
Жан­гел­дин ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Тор­ғай кен­ті
2-14-00
2-14-00
11)
Қа­мысты ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Қа­мысты кен­ті, Ер­жа­нов кө­ше­сі, 87
2-14-01
2-20-55
12)
Қа­ра­ба­лық ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Қа­ра­ба­лық кен­ті, Нече­пу­рен­ко кө­ше­сі, 2
3-30-33
3-38-53
13)
Қа­ра­су ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Қа­ра­су ауы­лы, Ис­а­ков кө­ше­сі, 80
2-12-68
2-18-42
14)
Қо­ста­най ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
За­та­бол кен­ті, Ка­ли­нин кө­ше­сі, 78
2-31-61
2-31-62
15)
Мең­ді­қа­ра ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Бо­ров­ское кен­ті, Ле­нин кө­ше­сі, 7
2-13-97
2-15-39
16)
На­уры­зым ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Қа­ра­мең­ді кен­ті, Абы­лай­хан кө­ше­сі, 24
2-14-45
2-14-45
17)
Са­ры­көл ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Са­ры­көл кен­ті, Пуш­кин кө­ше­сі, 102
2-13-68
2-18-22
18)
Та­ран ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Та­ран ауы­лы, Со­вет­ская кө­ше­сі, 10
3-61-01
3-61-01
19)
Ұзын­көл ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ұзын­көл ауы­лы Абы­лай­хан кө­ше­сі, 34
2-15-53
2-12-03
20)
Фе­до­ров ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Фе­до­ров ауы­лы Ле­нин кө­ше­сі, 10
2-24-67
2-11-87
13.
Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
Ақ­тау қа­ла­сы, 12-ша­ғын аудан
www.​mdvd.​kz
43-08-76
53-23-64, 53-23-55
1)
Ақ­тау қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Ақ­тау қа­ла­сы, 3-ша­ғын ауда­ны, 123
47-48-79
47-48-89
2)
Жа­ңа­ө­зен қа­ла­сы­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Жа­ңа­ө­зен қа­ла­сы, Спор­тив­ная кө­ше­сі, 6
31-5-85
31-3-59
3)
Бей­неу ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Бей­неу кен­ті, До­сан ба­тыр к-сі, 2
2-25-89
2-25-89
4)
Қа­ра­қия ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Құ­рық кен­ті, 1-ша­ғын ауда­ны, 1
21-2-99
21-2-77
5)
Маң­ғы­стау ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Шет­пе кен­ті, Б. Мо­мы­шұ­лы кө­ше­сі, 15
21-2-48
21-4-00
6)
Мұ­най­лы ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Мұ­най­лы кен­ті, Рыс­құ­лов кө­ше­сі, 11
46-63-73
46-63-87
7)
Түп­қа­ра­ған ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Форт-Шев­чен­ко қа­ла­сы, Оңал­ба­ев кө­ше­сі, 4
22-7-54
22-4-64
14.
Пав­ло­дар об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
Пав­ло­дар қа­ла­сы, Ле­нин кө­ше­сі, 51
www.​dvd​pavl​odar.​kz
32-04-52, 39-11-15
39-11-75
1)
Пав­ло­дар қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Пав­ло­дар қа­ла­сы, Лер­мон­тов кө­ше­сі, 51/1
32-76-81, 32-81-92
37-76-35, 32-69-54
2)
Ақ­су қа­ла­сы­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ақ­су қа­ла­сы, Дө­нен­та­ев кө­ше­сі, 5
39-19-02, 39-19-01
39-19-02
3)
Екі­ба­стұз қа­ла­сы­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Екі­ба­стұз қа­ла­сы Ле­нин кө­ше­сі, 98
34-09-27
34-91-42
4)
Ақ­то­ғай ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ақ­то­ғай ауы­лы, Қай­ыр­бай кө­ше­сі, 48
2-12-87, 39-19-06
21-4-54
5)
Ба­я­на­уыл ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ба­я­на­уыл ауы­лы Сәт­па­ев кө­ше­сі, 28
9-12-53
9-12-53
6)
Же­ле­зин ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Же­ле­зин ауы­лы, Пуш­кин кө­ше­сі, 9
39-19-10
39-19-10
7)
Ер­тіс ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ер­тіс ауы­лы, Ис­ка­ков кө­ше­сі, 95
2-13-41
39-19-12
8)
Қа­шыр ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Те­рең­көл ауы­лы, Сей­фу­лин кө­ше­сі, 58
21-2-05
21-2-02
9)
Ле­бя­жі ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ақ­қу ауы­лы, Аман­гел­ді кө­ше­сі, 69
39-19-15
2-15-79
10)
Май ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Көк­тө­те ауы­лы, Абы­лай­хан кө­ше­сі. 43
39-19-17
39-19-18
11)
Пав­ло­дар ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Пав­ло­дар қа­ла­сы, Су­во­ров кө­ше­сі
39-19-20
39-19-19
12)
Успенск ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Успенск ауы­лы, Те­реш­ко­ва кө­ше­сі, 30
39-19-22, 91-7-02, 92-7-02
91-9-67
13)
Шар­бақ­ты ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Шар­бақ­ты ауы­лы, Со­вет кө­ше­сі, 59
39-19-24
39-19-23
15.
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
Пет­ро­павл қа­ла­сы Кон­сти­ту­ция кө­ше­сі, 51
www.​police.​sko.​kz
39-40-20, 39-41-63
39-42-89
1)
Пет­ро­павл қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Пет­ро­павл қа­ла­сы, М.Жұ­ма­ба­ев кө­ше­сі, 118
39-48-39, 39-48-28
39-48-66
2)
Ай­ыр­тау ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Са­у­мал­көл ауы­лы, Ш.Уә­ли­ха­нов кө­ше­сі, 24
39-21-03
39-21-03
3)
Ақ­жар ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Тал­шық ауы­лы, Абы­лай хан кө­ше­сі, 9
39-20-97, 2-15-72
2-15-72
4)
Ақ­қай­ың ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Смир­нов кен­ті, Труд кө­ше­сі, 6
39-20-98
39-20-98
5)
Ға­бит Мү­сі­ре­пов атын­да­ғы аудан­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Но­во­и­шим­ский ауы­лы, Әу­ел­бе­ков кө­ше­сі, 54
39-21-09
39-21-09
6)
Есіл ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Яв­лен­ка ауы­лы, Иб­ра­ев кө­ше­сі, 13
39-21-01, 2-13-90
2-13-90
7)
Жам­был ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Прес­нов­ка ауы­лы, До­стық кө­ше­сі, 17
39-21-02, 2-14-35
2-14-35
8)
Қы­зы­л­жар ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Бө­скөл кен­ті, Га­га­рин кө­ше­сі, 8
39-13-14, 2-10-32
2-10-32
9)
Мағ­жан Жұ­ма­ба­ев ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Бу­ла­е­во кен­ті, Юби­лей­ная кө­ше­сі, 54
39-20-99, 2-11-63
2-11-63
10)
Мам­лют ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Мам­лют­ка кен­ті, Ле­нин кө­ше­сі, 3 және 45
39-21-04
39-21-04
11)
Тай­ын­ша ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Тай­ын­ша кен­ті, Цен­траль­ный тұй­ық кө­ше­сі, 20
39-21-06
39-21-06
12)
Ти­ми­ря­зев ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ти­ми­ря­зе­во кен­ті, Плет­не­ва кө­ше­сі, 15
39-21-07
39-21-07
13)
Уә­ли­ха­нов ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Кіш­ке­не­көл кен­ті, Ш.Уә­ли­ха­нов кө­ше­сі, 88
39-21-08
39-21-08
14)
Шал ақын ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Сер­ге­ев­ка кен­ті, Шал ақын кө­ше­сі, 14
39-21-05, 2-09-10
2-09-10
16.
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
Шым­кент қа­ла­сы, Жел­тоқ­сан кө­ше­сі, 13
www.​dvd-​uko.​kz
97-66-26, 97-65-85, 97-65-90
97-67-41, 97-65-49
1)
Түр­кі­стан қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Түр­кі­стан қа­ла­сы, Еру­ба­ев кө­ше­сі, н/ж
4-15-02
4-12-73
2)
Шым­кент қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Ең­бек­ші ауда­ны
ПБ Абай ауда­ны­ның
ПБ Әл-Фа­ра­би ауда­ны­ның ПБ
Шым­кент қа­ла­сы, Қал­да­я­қов кө­ше­сі, 5, Жел­тоқ­сан кө­ше­сі, 3, Ел­ші­бек ба­тыр кө­ше­сі, 110А
56-02-61, 97-64-13, 57-27-50. 98-06-21
98-07-42, 97-64-38, 98-06-31
3)
Мақ­та­арал ауда­ны­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Же­ті­сай қа­ла­сы, М.Әу­е­зов кө­ше­сі, н/ж
6-70-20
6-70-20
4)
Сай­рам ауда­ны­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Ақ­су­кент қа­ла­сы, Жі­бек жо­лы кө­ше­сі, н/ж
2-12-90
2-12-90
5)
Са­рыа­ғаш ауда­ны­ның Іш­кі іс­тер бас­қар­ма­сы
Са­рыа­ғаш қа­ла­сы, Та­с­бал­та­ев кө­ше­сі,39
2-15-73
2-15-73
6)
Кен­тау қа­ла­сы­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Кен­тау қа­ла­сы, Жам­был кө­ше­сі, 29
3-34-61
3-34-61
7)
Арыс ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Арыс қа­ла­сы, Ай­мауы­тов кө­ше­сі, 35
2-14-02
2-14-02
8)
Бәй­ді­бек ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Ша­ян ауы­лы, Бәй­ді­бек кө­ше­сі, н/ж
2-10-76
2-10-76
9)
Қазығ­ұрт ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Қазығ­ұрт ауы­лы, Қо­на­ев кө­ше­сі, н/ж
2-12-46
2-12-46
10)
Ор­даб­а­сы ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Те­мір­лан ауы­лы, Т.Рыс­құ­лов кө­ше­сі, 3
2-14-13
2-14-13
11)
Оты­рар ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Шәу­іл­дір ауы­лы, Сәр­сен­ба­ев кө­ше­сі, 5
2-12-59
2-12-59
12)
Со­зақ ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Шо­лақ Қор­ған ауы­лы, Жі­бек жо­лы кө­ше­сі, 75
4-14-02
4-14-02
13)
Тө­ле би ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Лең­гір қа­ла­сы, Жам­был кө­ше­сі, н/ж
6-16-02
6-16-02
14)
Түл­кі­бас ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Т. Рыс­құ­лов ауы­лы, Рыс­құ­лов кө­ше­сі, 198
5-18-14
5-18-14
15)
Шар­да­ра ауда­ны­ның іш­кі іс­тер бө­лі­мі
Шар­да­ра кен­ті, Б. Мо­мы­шұ­лы кө­ше­сі, 16
2-23-82
2-23-82
17.
Кө­лік­те­гі Ба­тыс Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
Ақ­тө­бе қа­ла­сы, 8-март кө­ше­сі, 1
www.​aktobe.​kz/​zdvdt/
97-57-08
97-67-41
18.
Кө­лік­те­гі Ор­та­лық Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
Аста­на қа­ла­сы, За­та­е­вич кө­ше­сі, 18/1
www.сddvdt.kz
94-36-30, 94-27-23
94-28-54
19.
Кө­лік­те­гі Оң­тү­стік-Шы­ғыс Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті
Ал­ма­ты қа­ла­сы, Қа­бан­бай ба­тыр кө­ше­сі, 99
www.​uvdvdt.​kz
296-52-14, 261-43-03
296-23-59

2 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1668 қаулысымен
бекітілген мемлекеттік
қызмет стандартына
2-қосымша
Са­па мен қол же­тім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш­тің нор­ма­тив­тік мәні
Ал­да­ғы жы­лы көр­сет­кіш­тің мақ­сат­ты мәні
Есеп­ті жыл­да­ғы көр­сет­кіш­тің ағым­да­ғы мәні
1
2
3
4
1. Уақ­ты­лы­лы­ғы
1.1. Құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап қыз­мет­ті бел­гі­лен­ген мер­зім­де ұсы­ну жағ­дай­ла­ры­ның %-ы (үле­сі)
2. Са­па­сы
2.1. Қыз­мет көр­се­ту үде­рі­сі­нің са­па­сы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
3. Қол же­тім­ді­лі­гі
3.1. Қыз­мет көр­се­ту са­па­сы мен оны көр­се­ту ту­ра­лы ақ­па­рат­қа қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
3.2. Ақ­па­рат­қа элек­трон­дық ар­қы­лы қол жет­кізу­ге бо­ла­тын қыз­мет­тер­дің %-ы (үле­сі)
4. Ша­ғым­да­ну үде­рі­сі
4.1. Ша­ғым­да­ну­дың қол­да­ны­с­та­ғы тәр­ті­біне қа­на­ғат­та­на­тын тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. Пер­со­нал­дың сы­пай­ы­лы­ғы­на қа­на­ғат­та­на­тын тұ­ты­ну­шы­лар­дың %-ы (үле­сі)

3 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1668 қаулысымен
бекітілген мемлекеттік
қызмет стандартына
3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдау туралы
№________ ТАЛОН
_____________________________________________________________________
(Өтініш иесінің аты-жөні, заңды тұлғалардың атауы)
Қабылданған құжаттардың тізбесі:

1 1.___________________________________________________________________

2 2.___________________________________________________________________

3 3.___________________________________________________________________

4 4.___________________________________________________________________

5 5.___________________________________________________________________

6 6.___________________________________________________________________

7 7.___________________________________________________________________

8 8.___________________________________________________________________

9 9.___________________________________________________________________

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қабылдаған:
_____________________________________/_______/_______________________(ІІО, IIД-нің кеңсесі қызметкерінің лауазымы)    (қолы)            (аты-жөні)
___________ жылғы "______"____________
Берілген күні мен уақыты ___________ жылғы "______"____________ ______ сағ. ______ мин.

4 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1668 қаулысымен
бекітілген мемлекеттік
қызмет стандартына
4-қосымша
Та­лон
________________________________________________
(субъ­ект­тің аты)
Өті­ніш қа­был­да­ған_______________________________
(ма­ман­ның те­гі, аты-жө­ні)
200___ жы­л­ғы «____»________. Сағ._____ мин._____
(өлшемі 75мм х 55мм)

Қолданыстағы