О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 октября 2009 года № 1668
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 октября 2009 года № 1668
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1668 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 114
- Қабылданған күні
- 10.02.2011
- Көрсетілген редакция
- 05.03.2014 AI57270_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000114
- ЭКБ идентификаторы
- 57270
- Редакция идентификаторы
- AI57270_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:11
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1668 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1668 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 45, 428-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспедегі «9-1-бабына» деген сөздер «9-1, 15-2-баптарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартында:
1-тармақтағы «осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақтағы «немесе дәлелді бас тарту» деген сөздер «не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жұмыс істемейтін» деген сөздер «демалыс» деген сөзбен ауыстырылсын;
14-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
«23-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.».