О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 октября 2009 года № 1671 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Выдача гражданам водительских удостоверений, за исключением выдаваемых Министерством сельского хозяйства"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 октября 2009 года № 1671 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Выдача гражданам водительских удостоверений, за исключением выдаваемых Министерством сельского хозяйства"
- Атауы (қаз.)
- "Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1671 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 879
- Қабылданған күні
- 29.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 24.02.2014 AI59839_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000879
- ЭКБ идентификаторы
- 59839
- Редакция идентификаторы
- AI59839_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:52
0 "Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1671 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1671 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 45, 431-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
3-тармақтың 3) және 4) тармақшалары алынып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін мемлекеттік баж алынады, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштің 125 пайызын құрайды.
Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар баждың мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын береді.»;
16-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
««Д» санатындағы көлік құралдарын, троллейбустар мен трамвайларды басқаруға құқық беру кезінде жиырма бір жасқа толмаса және жүргізушінің кемінде үш жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде кемінде бір жыл «С» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілінің болуын растайтын құжаттарды ұсынбаса;».