Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220

Қаулы · № 1280 · қабылданған 28.08.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/26-2009-no-220-ekb-47542/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 Күшін жойған Қаулы ·№ 1280 ·28.08.2009
25.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220

Күшін жойған Қаулы ·№ 1280 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1280
Қабылданған күні
28.08.2009
Көрсетілген редакция
25.04.2015 AI47542_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090001280_
ЭКБ идентификаторы
47542
Редакция идентификаторы
AI47542_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:29

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 183 және 188-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 12, 86-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
"Бюджеттік кредит беру тәртібі" деген 11-бөлімде:
"Бюджеттік кредит беру жөніндегі қаржылық рәсімдер" деген 57-тарауда:
тараудың тақырыбындағы "рәсімдер" деген сөзден кейін, оның ішінде оларды беру кезінде қажетті құжаттардың тізбесі" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 565-1 және 565-2-тармақтармен толықтырылсын:
"565-1. Бюджеттік кредит беру кезінде қарыз алушы жеке тұлғаның мынадай құжаттарды беруі талап етіледі:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
3) бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы құжат;
4) ұйғарылатын кепілді қамтамасыз етуге меншік құқығын және кепіл мүлкіне өзге ауыртпалықтарының жоқтығын растайтын құжат.
565-2. Бюджеттік кредит беру кезінде қарыз алушы мамандандырылған ұйымдардың мынадай құжаттарды беруі талап етіледі:
1) таратып жазуды, оның ішінде дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазуды қоса бере отырып, алдыңғы қаржы жылындағы және соңғы есепті кезеңдегі жағдай бойынша бухгалтерлік теңгерім;
2) алдыңғы қаржы жылындағы және соңғы есепті кезеңдегі жағдай бойынша ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
3) алдыңғы қаржы жылындағы және соңғы есепті кезеңдегі жағдай бойынша табыстар мен шығындар туралы есеп;
4) тәуелсіз аудитордың алдыңғы қаржы жылындағы қорытындысы;
5) ұйғарылатын кепілді қамтамасыз етуге меншік құқығын және кепіл мүлкіне өзге ауыртпалықтарының жоқтығын растайтын құжат;
6) тиісті салық органының салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жоқ (бар) екендігі туралы белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
7) түпкілікті қарыз алушыға бюджеттік кредит беру кезінде алынатын маржа туралы құжат;
8) құрылтай құжаттары;
9) кредит саясаты туралы құжат.";
мынадай мазмұндағы 59-1-тараумен толықтырылсын:
"59-1-тарау. Қаржы агенттіктерін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттерді міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу тәртібі мен өлшемдері.
582-1. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттерді міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу үшін агенттік бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне мынадай құжаттарды жібереді:
1) тізбеге енгізуге арналған өтініш;
2) Жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) соңғы қаржы жылындағы қаржылық есептілік (бухгалтерлік теңгерім, табыстар мен шығындар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп, түсіндірме жазба);
4) тиісті салық органының салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жоқ (бар) екендігі туралы белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы.
582-2. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде осы Ереженің 582-1-тармағында көрсетілген құжаттарды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
582-3. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар банктер мен ұйымдар үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттерді міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу өлшемдері осы Ереженің 110-қосымшасына сәйкес, өзге қаржы агенттіктері үшін осы Ереженің 111-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
582-4. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламаның әкімшісінен осы Ереженің 582-1-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне осы Ереженің 110 және 111-қосымшаларына сәйкес қаржы агенттігін тізбеге енгізу туралы ұсыныс енгізеді";
осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Ереже 110 және 111-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қаржы агенттіктерін банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар банктер мен ұйымдар үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттерді міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу өлшемдері

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 28 тамыздағы
N 1280 қаулысына
1-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне
110-қосымша
Қаржы агенттіктерін банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар банктер мен ұйымдар үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттерді міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу өлшемдері
Р/с
N
Ата­уы
Есеп
Ұсы­ны­ла­тын мән­дер
Тү­сі­нік­те­ме­лер
1
2
3
4
5
1
Же­ке қа­ра­жат­ты пай­да­ла­ну ко­эф­фи­ци­ен­ті
ЖК/Нбер
>1
Же­ке қа­ра­жат­ты пай­да­ла­ну ко­эф­фи­ци­ен­ті же­ке ка­пи­тал­дың жұ­мыс опе­ра­ци­я­ла­рын­да қан­ша­лық­ты пай­да­ла­ны­ла­тынды­ғын көр­се­тіп отыр.
2
Же­ке қа­ра­жат көз­де­рі­нің ар­тығы (же­тіс­пе­уі)
ЖК/ИА
>1
Же­ке қа­ра­жат көз­де­рі­нің ар­тығы (же­тіс­пе­уі). Көр­сет­кіш­тің сер­пін­де­гі өсуі қар­жы­лық жағ­дай­ы­ның жақ­са­ру жа­ғы­на банк­тің ны­са­на­лы қыз­ме­ті ту­ра­лы ку­әлан­ды­ра­ды.
3
Ка­пи­тал­да­ғы пай­да үле­сі­нің ко­эф­фи­ци­ен­ті
(ЖК-ЖарК)/ЖК
>0,1
Ка­пи­тал­да­ғы пай­да үле­сі­нің ко­эф­фи­ци­ен­ті банк ка­пи­та­лы­ның қан­дай бө­лі­гі пай­да есе­бі­нен қа­лып­тас­қа­нын көр­се­те­ді.
4
Же­ке ка­пи­тал­дың рен­та­бель­ді­лі­гі (RОЕ)
Пд/ЖК
>0,2
Же­ке ка­пи­тал­дың рен­та­бель­ді­лі­гі (RОЕ) же­ке ка­пи­тал­ды пай­да­ла­ну ти­ім­ді­лі­гін көр­се­те­ді
Негізгі қысқартулар:
ЖК - жеке капитал
Нбер - несие портфелі
ША - шашыратылған активтер
ЖарК - жарғылық капитал
Пд - пайда

2 Қаржы агенттіктерін басқа қаржы агенттіктері үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттерді міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу өлшемдері

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 28 тамыздағы
N 1280 қаулысына
2-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне
111-қосымша
Қаржы агенттіктерін басқа қаржы агенттіктері үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттерді міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу өлшемдері
Р/с
N
Ата­уы
Есеп
Ұсы­ны­ла­тын мән­дер
Тү­сі­нік­те­ме­лер
1
2
3
4
5
1
Қар­жы­лық тәу­ел­сіз­ді­гі ко­эф­фи­ци­ен­ті
ЖК/ЖА
0.5-0.8
Қар­жы­лық тәу­ел­сіз­ді­гі ко­эф­фи­ци­ен­ті қар­жы агент­тікте­рі­нің қары­здар­дан тәу­ел­ді­лі­гін си­паттай­ды. Же­ке ка­пи­тал мөл­ше­рін жиын­тық ак­тив­ке бө­лу­ден алын­ған бө­лін­ді ре­т­ін­де есеп­те­ле­ді. Ко­эф­фи­ци­ент­тің мәні қан­ша­лық­ты тө­мен бол­са, ком­па­ни­я­ның қары­зда­ры кө­бі­рек, тө­лем қа­бі­лет­сіз­ді­гі тәу­е­ке­лі де жо­ға­ры.
2
Пай­ы­здар­ды жа­бу ко­эф­фи­ци­ен­ті
Са­лық са­лу­ға дей­ін­гі та­быс және кре­дит­тер бой­ын­ша сый­а­қы­лар/есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сы
>1
Пай­ы­здар­ды жа­бу ко­эф­фи­ци­ен­ті кре­дит бе­ру­ші­лер­дің ұсы­ны­л­ған кре­дит үшін пай­ы­здар­ды тө­ле­ме­уден қор­ға­лу дә­ре­же­сін си­паттай­ды. Осы көр­сет­кіш пай­ы­здар­ды тө­леу үшін пай­да­ла­ны­ла­тын рұқ­сат еті­ле­тін пай­да­ны тө­мен­де­ту дең­гей­ін анық­та­у­ға мүм­кін­дік бе­ре­ді. Са­лық­тар­ды ұста­ған­ға дей­ін­гі та­бысты және кре­дит­тер бой­ын­ша сый­а­қы­ны кре­дит­тер бой­ын­ша есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сы­на бө­лу жо­лы­мен есеп­те­ле­ді.
3
Ағым­да­ғы өтім­ді­лік ко­эф­фи­ци­ен­ті
АҚ/ҚМ
1-2
Ағым­да­ғы өтім­ді­лік ко­эф­фи­ци­ен­ті ай­на­лым қа­ра­жа­тын қы­сқа мер­зім­ді мін­дет­те­ме­лер­ге бө­лу­ден алын­ған бө­лін­ді ре­т­ін­де есеп­те­ле­ді және кә­сі­по­рын­ның қы­сқа мер­зім­ді мін­дет­те­ме­лер­ді өтеу үшін қа­ра­жа­ты­ның жет­кі­лік­ті екен­ді­гін көр­се­те­ді.
4
Та­за ай­на­лым ка­пи­та­лы
АА-ҚМ
>0
Та­за ай­на­лым ка­пи­та­лы ай­на­лым ак­тив­те­рі мен қы­сқа мер­зім­ді мін­дет­те­ме­лер ара­сын­да­ғы ай­ыр­ма ре­т­ін­де есеп­те­ле­ді.
Негізгі қысқартулар:
ЖК - жеке капитал
ЖА - жиынтық актив
АҚ - айналым қаражаты
ҚМ - қысқа мерзімді міндеттемелер
АА - айналым активтері

Қолданыстағы