О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 954
- Қабылданған күні
- 15.09.2010
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2015 AI54576_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P100000954_
- ЭКБ идентификаторы
- 54576
- Редакция идентификаторы
- AI54576_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:21
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
көрсетілген Ереженің 100-қосымшасында:
«Теңгедегі құны» деген бағанда:
реттік нөмірлері 1, 3, 4, 5-жолдардағы «6500», «1040», «700», «1200» деген сандар тиісінше «6500*», «1040*», «700*», «1200*» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2-жолдағы «12 500» деген сандар «30 000» деген сандармен ауыстырылсын;
ескертпе мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. «Жоғарғы деңгейдегі» және «жоғары деңгейдегі» сапарларға жататын шетелдік делегацияларды қабылдау жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде өкілдік шығындар мынадай нормалар бойынша өтеледі:
1) делегациялар үшін ресми түскі астарды, кешкі астарды өткізуге арналған шығындар күніне бір адамға есептегенде 13000 теңгеге дейін жүргізіледі;
2) келіссөздер, мәдени бағдарлама іс-шаралары кезінде күніне бір адамға буфеттік қызмет көрсету - 2500 теңгеге дейін;
3) делегацияны қабылдайтын мемлекеттік органның штатында тұрмайтын аудармашының еңбекақысы (ілеспе аудармадан басқа) сағатына ақы төлеуді есептегенде 3000 теңгеге дейін;
4) шетелдік делегацияларға автомобиль көлігімен қызмет көрсетуге арналған көлік шығындарына ақы төлеу сағатына ақы төлеуді есептегенде жеңіл автомобильдер үшін - 2000 теңгеге дейін, шағын автобустар үшін - 2500 теңгеге дейін, автобустар үшін - 3200 теңгеге дейін көзделеді.».