О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания"
- Атауы (қаз.)
- "Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1494
- Қабылданған күні
- 26.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2015 AI68793_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001494
- ЭКБ идентификаторы
- 68793
- Редакция идентификаторы
- AI68793_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:47
0 "Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiнде:
34-тармақтың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«Республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген қаулысы бюджеттік даму бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының жылдық көлемі шеңберінде сыртқы қарыздар және грант қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік даму бағдарламаларының бюджеттік кіші бағдарламалары арасында бюджет қаражатын қайта бөлу үшін негіз болып табылады.»;
37-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Ереженің 34-тармағы үшінші бөлігінің оныншы абзацында көрсетілген нормативтік құқықтық актісі болмаған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесі жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы орындамай бюджеттік бағдарлама әкімшісіне қайтарады («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша себебі көрсетіле отырып қайтарылады).»;
157-2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарға ақы төлеу, тұтастай алғанда шарттың жалпы сомасының тоқсан бес пайызы шегінде жүргізіледі. Орындалған жұмыстар үшін тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы түпкілікті есеп айырысу ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды, басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстар аяқталғаннан және тапсырыс беруші аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік қабылдау комиссиясы қол қойған актіні ұсынғаннан кейін жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 159-1-тармақпен толықтырылсын:
«159-1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірлесіп қаржыландыру үлесін төлеу кезінде байланысты гранттар бойынша аванстық (алдын ала) төлем шарт сомасының 100 пайызы мөлшерінде жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 161-1-тармақпен толықтырылсын:
«161-1. Standard&Poor's, Moody's және Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттіктермен (оның ішінде олар басқа заңды тұлға болып қайта ұйымдастырылған жағдайда) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу олармен жасалған шарттарда немесе келісімдерде көрсетілген талаптар мен мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады.»;
257-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде жергiлiктi атқарушы органдарға жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларды енгізу өңірлік және жаһандық сипаттағы табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алуға немесе оларды жоюға байланысты жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларды енгізу жағдайларын қоспағанда, бiр бюджеттiк бағдарлама шегiнде жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерiнiң есебiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың сомасын бюджеттiк инвестициялық жобаның сметалық құнын арттырумен байланысты шығыстарға, сондай-ақ жаңа бюджеттiк инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қайта бөлуге тыйым салынады.».